Page 280 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

280
болмағаны жөн... Осы сияқты барлық бар заттардың таңбаларын толық көлемде өзінде
жақсы қабылдай алуға тиісті бастаудың өзі табиғатынан қандай да болмасын форматта
жат болуы керек... Керісінше, ойлайтын нәрседе бір ғажайып жолмен қатысатын және ой
мен көзге ілінбейтін, көрінбейтін, формасыз, барлығын да қабылдайтын түр деп
белгілегенде, біз онша қателесе қоймаймыз.
Бұл сұрақты жағдай осылай, басқаша емес деген тұжырыммен шектеліп, зерттемей және
шешпей қоя салу жақсы болмаған болар еді; екінші жағынан, онсыз да шұбалаңқы
сөзімізді тағы бір шұбалаңқы бұлтарыспен қиындатудың қажеті де болмас еді. Сондықтан
көп нәрсені аздаған сөздермен анықтауға болса, бүл ең жақсысы болар еді. Сонымен
менің менің үкімім осындай. Егер ақыл мен ақиқат пікір тегі екі түрлі нәрселер болса,
онда түйсіктер арқылы қабылданбайтын тек ақылмен түсінілетін идеялар сөзсіз өздері
өздігінен өмір сүреді; егер де кейбіреулерге солай болып көрінетіндей, ақиқат пікірдің
ақылдан ешбір айырмашылығы болмайтын болса, онда тәннің түйсіктерінің қабылдайтын
нәрселерін ең айқын нәрселер деп қарау керек. Бірақ оларды әртүрлі [тектер] деп
мойындау керек: олар бір-бірінен бөлек пайда болған және өздерінде әр түрде іске
асырады, ақыл бізде өсиеттерден пайда болады, ал ақиқат пікір иланымдардан; бірінші
қашан да барлық нәрседе өзіне-өзі дұрыс есеп беруге қабілетті, ал екіншісі — есеп бере
алмайды; біріншісі иланым арқылы ешбір мызғымайды, екіншісі басқа бір иланыммен
ауыса алады; ақырында, мойындауға тура келеді, ақиқат пікір кез-келген адамда болады,
ал ақыл — құдайларға және адамдардың аз ғана тобына төн. Егер бұлай болса, мынаны:
біріншіден, пайда болмайтын және өшпейтін, қайдан да болса өзіне еш нәрсе
қабылдамайтын, өзі де еш нәрсеге кірмейтін, көрінбейтін және ешбір сезілмейтін, бірақ
ойдың құзырына берілген өзіне өзі бара - бар идея бар екенін мойындау керек; екіншіден,
түйсіктелетін, пайда болатын мәңгі қозғалыстағы белгілі бір жерде пайда болып және
одан тағы жоғалатын пікір арқылы қабылданатын, түйсікпенен байланысқан сол идеяға
ұқсас, сол сияқты аталатын идея бар; үшіншіден, кеңістік деп аталатын тағы бір тек бар:
ол мәңгі, бұзылмайды, пайда болып жатқандардың барлығына мекен береді, бірақ
түйсіктерден тыс қабылданады және оған сену мүмкін емес дерлік. Біз оны бір сағымда
көретін сияқтымыз және болмыс міндетті түрде бір орында болуы керек, белгілі бір
кеңістікті алып тұруы керек дейміз, ал жерде де, аспанда да болмайтын нәрсе, тіпті өмір
сүрмейтін сияқты. Осыларды және соған туыстас ұғымдарды біз түс көрген жағдайдағы
сияқты, ол түске қатысы жоқ, шын табиғатқа жапсырамыз, ал оянғаннан кейін, оларды
ажыратып, ақиқатты айта алмай қаламыз, атап айтқанда, бейненің пайда болуының себебі
сол бейненің өзінде емес болғандықтан, яғни ол үнемі басқа бірдеңенің сағымы
болғандықтан, бір мәнге сүйеніп, бір нәрсенің ішінде пайда болуы тиіс немесе жалпы да
еш нәрсе де емес. Ал ақиқат болмысқа ешбір мүлтіксіз ақиқат бір дәлел сүйеніш болады.
Ол дәлел бойынша о бастан екі түрлі нәрсе, біреуі екіншісінің ішінде, әрі бір нәрсе, әрі бір
мезетте екі нәрсе болып пайда бола алмайды.
Сонымен менің үкімім бойынша қысқаша тұжырым мынандай: болмыс бар және пайда
болу бар, осы үш түрлі [тектер] әрқайсысы аспанның пайда болғанына дейін бір-бірінен
бөлек пайда болған. Ал қоректендіруші ана туралы мынаны айтамыз: ол су болып ағып, от
болып жанып, жердің де, ауаның формасына ие болып, осындай қалыптардың барлығын
бастан кешіріп, сан алуан пішіндерге ие болатындықтан және оның бойындағы қуаттар
бір-біріне ұқсас та, ұқсас та емес, өзара тең де емес, ешбір бөлігінде тепе-теңдік
болмағандықтан, ол барлық жерде сол күштермен әр түрлі сілкіністерде және
толқыныстарда болады да, өзі де оз қозғалысымен оларды толқытады. Қозғалысқа
келгендердің барлығы ұсақталып, пайда болған бөліктер астықты желдетіп, дәндерін
кебектерінен бөлген сияқты, әр түрлі бағыттарда ұшып жатады: ауыр нәрселер бір жерде
және жеңіл және жұмсақ нәрселер басқа жаққа ұшып, басқа жерлерге түсіп жатады. Осы
сияқты бұрын айтылған торт тектер [тылсым] (стихия) қабылдаушымен сол кезде