Page 279 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

279
сай біраз қиындықтар тудырады, әсіресе, отқа және сонымен бір қатарда тұрған заттарға
қатысты күдікті алдын ала сейілтіп алу қажет. Олардың қай-қайсысы туралы болса да,
шын мәнінде нені су деп, нені от деп, айту оңай емес, бір нәрсеге бірнеше атауларды бере
бергенше, белгілі бір атау берген дұрыс болмай ма: өйткені сөздерді сенімді және
шындыққа сай мағынада пайдалану керек. Мұнымен біз не айтқымыз келеді, біздің
күдігіміз неден туып отыр және неге негізделген? Алғашқыда біз су деп атайтын нәрсені
алайық: ол қоюланған кезде біз тастардың және жердің тууын көреміз деп ойлаймыз, ал ол
сұйылып, ағып кеткен кезде соған сай жел мен ауа туады, ал соңғысы, шоқтанып, отқа
айналады; содан соң кері жол басталады, от қоюланып барып, өшіп, қайтадан ауаға
айналады, ал ауа тағы қоюланып, бұлттарға жиналады, олардан тағы қоюланудың
себебінен жер мен тастарға бастау беру үшін су ағады. Осылай олар бір-біріне туылудың
айналмалы тостағанын беріп отырады. Олай болса, ешбір зат әр кез бір нәрсе ғана бола
алмаса, бүл басқа емес, дәл сол зат деп қалайша ұялмай айтуға бізді батылымыз барады?
Әрине, олай емес, одан да, мысалы, от, біресе бір нәрсе болып, екіншіде басқа зат болып
көрінсе, ол туралы "осы" деп емес, "осындай" от деп, сол сияқты суды "осы" деп емес,
"осындай" деген әлдеқайда қауіпсіз болады, жалпы барлық осыған ұқсас заттарға белгілі
бір анықтылықты көрсететін "осы", "мына" деген сөздер арқылы берілетін тұрақтылықты
таңбау керек. Оларды бір орнында тұратын мәндер ретінде сипаттайтын "бұл", "осы"
немесе басқа да бір кез-келген сөздермен белгілеуімізді күтпестен, олар бізге ұстатпай
кетеді. Яғни, ондай сөздерді біз пайдаланбаймыз да, керісінше, бүл заттардың барлығын
және әрқайсысын жеке-жеке біркелкі сипаттаймыз: мысалы, от туралы мәңгі "осындай"
деп соған сай туылатын барлық заттар жайында да "осындай әрдайым айналып тұратын"
дейміз. Тек қана олар туылатын және өлген кезде қайта оралатын ішкі мәнді ғана "бұл"
және "осы" деп атаймыз; бірақ кез-келген, жылулық болсын, ақтық болсын немесе оларға
қарама-қарсы жинақталатын, қасиеттер ешқашан ондай атауға ие бола алмайды.
Дәл осы туралы одан да анығырақ айтқан дұрыс. Мысал үшін, біреу, алтыннан барлық
мүмкін кескіндерді құйып, содан соң олардың әрқайсысын басқаға айналдыр үшін оларды
үздіксіз қайтадан отқа лақтырып, құйса; мүсіндердің біреуін көрсетіп, бүл не деп сұраған
кезде, оның үшбұрыш деп немесе басқа да мүсіндер туралы мән ретінде айтқаннан гөрі,
"алтын" деп жауап бергені ақиқатқа жақындау сияқты — өйткені сол мезетте, оларға атау
берген кезде, олар басқа бір нәрсеге айналуға дайын болады — және де белгілі бір
сенімділікпен "осындай" деген ұғымды пайдалануға мүмкіндік болса, соған қанағаттану
керек. Барлық денелерді қабылдайтын табиғат та осындай күйде. Оны әрқашан тепе-
теңдік деп атау керек, өйткені ол ешқашан өз мүмкіндіктерінің шегіне шықпайды;
барлығын қабылдай отырып, ол өзіне кіретін заттардың формасы бола алатын форманы
ешқашан иеленбейді. Табиғаттың мәні сонда, қозғалыста бола отырып және өзіне кіретін
нәрселердің әсерінен формасын өзгерте отырып, ол кез-келген таңбаны қабылдайды,
сондықтан әр кезде ол әр түрлі болатын сияқты көрінеді; ал оған кіретін және одан
шығатын заттар — мәңгі мәнге еліктеушілік, таңғажайып және түсіндіргісіз тәсілмен
көшіріліп алынған оның үлгілері — біз оларға қайта ораламыз.
Бізге енді үш түрді ойша бөліп қарастыру керек: туылатын нәрсені, ішінде туылу болатын
нәрсені, туылатын нәрсе ненің үлгісімен жасалатынын. Қабылданатын бастауды шешеге,
үлгіні — әкеге, ал аралық табиғатты — балаға теңеу керек. Сонымен қатар, таңба көзге
шұбар ала әртүрлілік беретін болса, оны қабылдаушы, оны қабылдауға тиісті барлық
формаларға жат болатын жағдайда, жақсырақ дайындалған болып шығады: егер ол бір
сырттан кірген нәрсеге ұқсас болса, онда әр кез оған қарама-қарсы және мүлдем бөтен
табиғат берілген кезде ол сол табиғаттың өз ерекшеліктері көрінетін бұрмаланған таңбаны
береді. Өзіне заттардың барлық тектерін сіңіріп алатын бастаудың өзінің ешқандай
формасы болмауы тиіс, мысалы, әйелдер жағатын хош иісті майларын дайындағандағыда
оған қосылатын нәрселердің барлығын ерітетін сұйықтықтың өзінің ешқандай иісі