27
балгерлік пен сәуегейлікті, ал кейбіреулері, менің білуімше, тіпті гимнастиканы бүркеме
еткен, мысалы, тарентиндік Икк, біздің заманымыздағы түңғыш софистердің бірі,
Мегардың тумасы, селимбрилік Геродик осылай істеген; ал ұлы софист сіздердің
Агафоклдарыңыз бен Пифоклид Кеосский және басқа көптеген софистер музыканы
бүркемеге айналдырған. Олардың бәрі, менің айтып отырғанымдай, қызғаныштан
қауіптеніп, осы өнерлерімен бүркемеленетін болған.
Ал мен болсам, бүл істе олардың бәріне де ұқсамаймын, өйткені қалаларда билікке ие
болғандардан жасырына алмай, ал тек солардан жасырыну үшін ғана осындай бүркемелер
қолданылады, олар көздеген мақсаттарына әсте жеткен жоқ деп ойлаймын. Тобыр,
былайша айтқанда, ештеңе түсінбейді ғой, қолында билігі барлар қандай әуенді бастаса,
тобыр соған қосыла кетеді. Қашып құтылуға күшің болмаса да қаша жөнелуің — тек ғана
өзіңді өзің әшкерелеу деген сөз: қашып кетуге әрекет жасаудың өзі ақымақтық, мұның өзі
міндетті түрде жұрттың бұрынғыдан да бетер наразылығын туғызады, өйткені олар
мұндай адам, басқасын былай қойғанда, әрі зұлым екен деп ойлап қалады.
Сол себептен де мен қарама-қарсы жолға түстім: өзімнің софист екенімді және де
адамдарды тәрбиелейтінімді мойындаймын және бүл сақтық — жасырынғаннан гөрі
мойындаған жақсы — анадан гөрі тәуірірек деп ойлаймын. Мен өзге де сақтық шараларын
қолдандым, сөйтіп — сәті түскенде сөйлесіп қал! — мен өзімнің софист екенімді
мойындасам да, сұмдық бірдеңеге душар болғам жоқ. Ал мен бұл іспен көп жылдан бері
айналысып келемін, оның үстіне менің ғұмырым өте ұзақ; жас жағынан алып қарағанда,
мен бәріңе де әке болуға лайлықпын. Демек, сендер өз бұйымтайларың жайында барлық
жиналғандардың алдында айтсаңдар, егер өздерің осыны қаласаңдар, мен үшін бұл
әлдеқайда жағымды.
Ал мен оның Продикке де, Гиппийге де өзін көрсетіп, олардың алдында мақтанғысы келіп
тұрғандығын аңғардым да, біздер оған табынушылар ретінде келіп тұрмыз дегендей, оған
былай дедім:
Продик пен Гиппийді және олармен бірге жүргендерді де бізді тыңдасын деп
шақырсақ қайтеді?
Әрине,— деді Протагор.
Сіздер отырып әңгімелесе алатындай болуы үшін,— деді Каллий,— қаласаңыздар,
жалпы талқылау ұйымдастырайық?
Бұл бәрімізге де елеулі ұсыныс сияқты болып көрінді де, біз дана адамдардың сөздерін
еститін болдық - ау деп қуанып, орындықтар мен кереуеттерді Гиппийдің маңайына қоя
бастадық, өйткені бұл жерде бұрын да орындықтар тұрған болатын. Осы кезде Критий
мен Алкивиад өздері төсектен тұрғызған Продикті және онымен бірге болғандардың бәрін
ертіп келді.
Бәріміз жайғасып отырған кезде, Протагор былай деп сөз бастады:
Енді, Сократ, осы жас жігіт туралы маған қазір айтқаныңды қатысып отырғандардың
алдында қайталашы.
Қоғамда және индивидуумдарда ізгіліктің пайда болуы
Протагор, мен мана неден бастасам, дәл соның өзінен бастайын. Міне, Гиппократ
— ол уақытын сенімен өткізуге құштар; ал ол сенімен қарым-қатынас жасаудан өзіне
қандай пайда болатындығын білгім келеді дейді. Бар болғаны — осы.