Page 278 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

278
үшін қадағалап отырады; сондықтан пайымдаулардың табиғи дұрыстығын ұғынып және
қабылдап, біз құдайдың мінсіз айналымдарына еліктей отырып, өзіміздің ішіміздегі
тұрақсыз айналымдарды тәртіпке келтіруіміз керек. Дауыс пен есту қабілеті туралы да
соны айтуымыз керек — құдай оларды да бізге дәл сол себептермен және сол мақсатпен
сыйлаған. Сол мақсатпен сөйлеу қабілеті де берілген: оны іске асыру үшін сөйлеу қабілеті
өте күшті дамытылған;музыкада да солай: есту үшін дыбыстың көмегімен қандай пайда
келсе, соның барлығы үйлесімділік үшін дарыған. Жанның айналымдарына ұқсас
жолдары бар үйлесімділікті Музалар өзінің пайымдауға қабілетті әр құрметтеушісіне
мағынасыз ләззәт үшін емес — қазіргі күні көпшілік тек сонда ғана мән бар деп ойлайды
— жан айналымындағы оны өз-өзімен үйлесімділікке әкелуші, келіспеушілікке қарсы
құрал ретінде сыйлаған. Дәл солай, ырғақты біздің көпшілігіміздің қылықтарымыздағы
кездесетін қанағатсыздық пен әсемдіктің жетіспеушілігін жеңу үшін біз сол қолдардан
және сол мақсатпен алдық.
Кейбірлеулері болмаса, біздің осы уақытқа дейін айтқандарымыздың барлығы ақыл -
демиургтың заттарды қалай жаратқаны туралы болды. Бірақ біздің пайымдауымыз не
нәрсе қажеттіліктің күшімен тууы керек дегенге бағытталуы керек: өйткені ақыл мен
қажеттіліктің араласуынан біздің космос пайда болды. Шындығында, ақыл, туылған
заттардың көпшілігін жақсы нәрсеге айналдырып, қажеттіліктен озды. Рас, жаратылып
жатқан нәрседе ең жарамдыға көбірек көңіл аударуға қажеттілікті ақыл иландырды.
Сөйтіп, осындай себептермен зерденің иланымының қажеттілікке үстем болуынан о баста
осы Әлем құрылды; егер біз оның іс жүзінде қалай пайда болғанын көз алдымызға
елестеткіміз келсе, онда өзінің табиғатына тән әрекет жолы бар бей-берекет себептің
түрінде келтіруіміз керек. Сондықтан біз кері қайтуымыз қажет және сол заттар үшін
басқа, оларға сәйкес келетін бастауды қабылдап, біз бұрын жасағанымыздай, тағы да,
әңгімемізді басынан бастауымыз керек. Бізге аспан тумай тұрған кездегі оттың, судың, ауа
мен жердің табиғаты қандай болғанын және сол кездегі олардың күйі қандай болғанын
қарастыру керек. Осы уақытқа дейін олардың туылуын ешкім түсіндірмеген, оттың және
басқалардың не екенін білмеген кездегідей, біз оларды бастау деп атаймыз және Әлемнің
стихиялары ["әріптері"] ретінде қабылдаймыз, сонымен қатар аз-маз болса да зерделі
адамға оларды кез-келген буынмен салыстыруға негіз жоқ екендігі белгілі. Ол туралы біз
былай ойлаймыз: біз қазір барлығының бастауы туралы, жалпы бастаулар туралы ешнәрсе
айтпаймыз, біздің зерттеулеріміздің таңдап алған құралына сай ол туралы біздің
ойымызды айқындау қиынырақ болады. Сондықтан сендер де менен ол туралы соңғы
сөзді талап етпеулерің керек, мен де өзіме ондай мақсат қойсам, дұрыс істегенім деп
өзімді сендіре алмаймын. Керісінше, мен бүл жерде бастапқыда уәде еткенімді ұстансам
деймін, атап айтқанда, мүмкіндіктер шеңберінде, басынан бастап жүре отырып, барлығы
туралы жеке-жеке және бірге, кез-келген нәрсе сияқты аз ғана емес, көп мөлшерде
шындыққа жанасатын соз айтқым келеді. Сонымен, әңгімеге кіріспес бұрын, тағы бір рет
қызық та, таңғажайып әңгімеміздің шындыққа үйлесімді қорытындысына жол көрсетуі
үшін құтқарушы құдайға сыйынайық та, барлығын басынан бастайық.
Біздің Әлем туралы жаңа әңгімелеріміздің бастауы бұрынғыға қарағанда толығырақ
талдаумен ерекшеленеді; ол кезде біз екі түрді бөліп қарастырсақ, ал енді үшіншісін болу
қажет болады. Бұрын екі зат: біріншіден, ойға сыйымды және бара - бар болмысқа ие
негізгі алғашқы бейне туралы; ал екіншіден, туылатын және көзге көрінетін алғашқы
бейнеге еліктеу туралы айту жеткілікті болған. Сол кезде біз екеуі жеткілікті деп есептеп,
үшінші түрді бөліп қарастырмадық; бірақ қазір, меніңше, біздің пайымдауларымыздың
жолының өзі түсінуге қиындық тудыратын, қараңғы болып тұрған түрге жарық түсіруді
талап ететін сияқты. Біз оған қандай күш, қандай табиғат береміз? Ең алдымен мынадай:
ол — қабылдаушы және барлық туындылардың қоректендіруші тәрізді. Бұл сөздер, бірақ,
қаншалықты шындық болса да, оны толығымен анықтау қажет, ал ол әр түрлі себептерге