Page 277 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

277
болады: өзіне ұқсамайтын өзге нәрсемен кездесіп қалғанда ол өзгеріске ұшырайды да,
өшіп қалады, өйткені ол құрамында оты жоқ жақын жердегі ауамен біріге алмайды. Көз
жанары қараңғыланып, ұйқыға кетеді. Біз жанарымызды, құдайдың оны жауып түру үшін
арнайы жасаған қабақтары арқылы іштегі оттың күшін қамауға алған кезде, ол іштегі
қозғалысты ыдыратып, баяулатады, содан барып тыныштық орнайды. Егер тыныштық
белгілі мөлшерде терең болса, ұйқы қиялмен бұзылмайды, ал ішкі жақта әлі де күшті
қозғалыстар қалып қойса, онда өзінің табиғаты мен орнына сай біздің ішімізде болып
жатқандарды бейнелейтін қасиеттер мен бейнелер оянған кезде бізден тыс болған
бейнелер тәрізді болып көрінеді.
Енді айнаның және басқа да жалтыраған заттардың бетінде бейнелердің қалай пайда
болатынын түсіну қиынға соқпайды. Егер ішкі және сыртқы от қатынасқа түсіп, айнаның
бетінде алуан түрлі болып өзгеріп, бір жерге біріксе, одан шыққан от жазық және
жарқыраған заттың бетінде көздің отымен бірігеді. Сол кезде сол жақ оң жақ болып
көрінеді, өйткені көру ағынының әр бөлігі әдеттегідей қарсы жарықтың соған сәйкес
жағымен емес, қарама-қарсы жағымен жанасады. Бірақ жарық басқа жарықпен кездескен
кезде қарама-қарсы жаққа бұрса - ақ болғаны, оң жақ — оң болып, сол жақ — сол болып
көрінеді. Бүл ойыс айнаның беті оң жақтан түскен сәулені көзден шыққан сәуленің сол
жағына немесе керісінше бағыттаса, солай болады. Мұндай айнаны беттің бойымен бұрса,
адам басымен төмен төңкерілген сияқты болып көрінеді, өйткені ол жарықты төменнен
жанардан шыққан сәуленің жоғарғы жағына және керісінше де, жоғарыдан төменге,
бағыттайды.
Мұның барлығы құдайдың мүмкіндігінше жетілдіру идеясын іске асыру үшін
пайдаланатын қосымша себептерінің қатарына жатады. Бірақ көптеген адамдарға олар,
салқындату мен ысыту, қоюландыру мен сирету сияқты әрекеттерді жасайтындықтан,
қосымша емес, негізгі себептер болып көрінеді. Бүл себептердің барлығы пайымға да,
зердеге де ие бола алмайды. Барлық мәннен зердені іздеп табу тек бір ғана жанның
қолынан келетінін мойындау керек, бірақ жан көзге көрінбейді, ал от, су, жер және ауа —
бұлардың барлығы көзге көрінетін денелер. Яғни, зерде мен білімнің құрметтеушісі
алдымен зерделі табиғатпен байланысты себептерді қарастыруы керек, содан соң, екініші
кезекке, ішкі қозғалыстың әсерінен сыртқы заттарды қозғалтатын себептерді қарастыруы
шарт. Біз де солай жасауымыз керек, сонда себептердің екі түрін: тамашалар мен
қайырымдылықтарды тудыратын зерделілерді және барлық кездейсоқтықтар мен
ретсіздіктерді тудыратын ақылсыздықты ажырататын боламыз.
Көздердің қазіргідегідей қабілеттілікке ие болуының қосымша себептері туралы біз
айттық; енді оның бізге пайдасы қандай деген сұраққа жауап беру керек. Иә, мен жанар
туралы біз үшін ұлы пайданың көзі ретінде айтып отырмын, біз осы әңгімемізде де,
ешқашан жұлдыздарды, күнді, аспанды ешқашан көрмесек, әлемнің табиғаты туралы да
ешнәрсе айта алмас едік. Күн мен түннің, айлар мен жылдардың ауысуы, күн мен түннің
теңесуі және күннің ұзақтығы көзге көрінетіндіктен, көздер бізге сандарды ашты, уақыт
туралы ұғым берді және Әлемнің табиғатын зерттеуге түрткі болды, ал бұдан философия
деп аталатын, құдайдан ажалды адамға берілген сыйлық пайда болды. Мен көз
жанарының ең жоғарғы пайдасы осында деп тұжырым жасаймын. Одан басқа, игілігі аз
нәрселер жырлауға тұра ма? Оларды тіпті философиядан еш хабары жоқ адам да, соқыр
болып қалғанда, "Бостан-босқа еңіреп жоқтай алады".
Қалай болған күнде де, бізге құдайдың ойлап тауып және көруді тарту еткенінің себебі
мынада: аспандағы ақылдың айналмалы қозғалысын қадағалай отырып, [айналмалы
қозғалыспен] тектес болса да, олардың жайбарақаттығынан өзгеше әртүрлі толқыныстарға
душар болып отыратын өз ойлауының айналмалы қозғалысына белгілі бір сабақтар алу