276
қарап тұрғандарға да барлығы төңкеріліп: оң жақ — сол жақ болып, ал сол жақ — оң
болып көрінді. Дәл осындай жағдайға жанның айналуы да өте бейімді: сырт жақта олар
тепе-тендікпен немесе басқамен кездескен кезде олар бір нәрсеге тепе-теңдік туралы, бір
нәрседен өзгешелік туралы ақиқатқа қайшы келетін пікір айтады және өздерін жалған
және зердесіз етіп көрсетеді; сонымен қатар барлық айналым билеуге және басқаруға
қабілетсіз: сырттан ұшып келе жатқан сезімдер шеңберлерді қозғалысқа тарта отырып,
шеңберлермен қоршады, шеңберлер тек көзге басымды болып көрінеді, ал шындығында
олар бағынышта болады.
Осы күйлердің себебінен жан қазірде де өмірі шектеулі денеге кірген соң, алғашқыда
есінен ауысады; өсу мен қоректенудің ағыны әлсіреген кезде айналымдар, тыныштықты
күтіп, өз жолына оралады және уақыт өте барлығы түзеледі, шеңберлердің әрқайсысы
өзінің айналымын табиғи кескінге сай бағыттағанда және олардың барлығы өзге туралы,
бара - барлық туралы әділ пікір айтқан кезде, олардың иесі толығымен зерделі
жаратылысқа айналады. Егер бұған небір дұрыс қорек және тәрбие қосылса, ол бүтін,
ешбір зақымсыз және жаман сырқаттан аман-сау болады, ал егер ол ұқыпсыздық танытса,
онда өзінің өмір жолымен жүре отырып, ол ақсаңдайды және Аидқа қайтадан, жетілмеген,
зердесіз болып оралады. Бірақ бұл туралы кейінірек; ал қазір біз қазірге ең қажет нәрсені
барынша толық талқылауымыз қажет, яғни дененің, барлық бөліктерімен қоса, пайда
болуын, содан соң жанның — қандай себептермен және құдайлардың қандай белгіленген
жоспарлары бойынша пайда болғанын қарастырамыз. Біздің зерттеуіміз мүмкін болатын
бағдар бойынша жүруі керек.
Сонымен құдайлар, барлық жағы домалақтанған Әлемнің кескініне еліктеп, құдайлық екі
айналымды да, біз қазір бас деп атайтын және біздің құдайлық бөлігіміз болып табылатын,
басқа дене мүшелерін билеуші сфера тәрізді денеге қосты. Қанша қозғалыс болса, соның
барлығы оны көмегімен жасалады деп есептеп, өздері жасаған денені оған көмекке берді;
ол шұңқырлар мен төбешіктерге толы жерде домалап, қай жерден аттап, қайда
көтерілемін демесін деп, оған барлық жерде жүре алатын, екі аяқты арбаны сыйлады.
Дене ұзын, құдайдың жоспары бойынша ол қозғалмалы болды және одан созуға және
бүгуге болатын аяқ-қол шығарды, солардың көмегімен, біздің бойымыздағы құдайлық
және қасиетті сыйымдылықты жоғары көтере отырып, ол барлық жерде қозғалатын
қабілетке ие болды. Сөйтіп, осындай себептермен барлық адамдарда аяқтар мен қолдар
пайда болды. Алдыңғы жақ артқы жаққа қарағанда игіліктірек және маңыздырақ
болғандықтан, оған көбірек қозғалуға мүмкіндік жасады. Осыған сай адамның денесінің
алдыңғы жағы ерекше және әдеттегіден өзгеше құрылымға ие болды; сондықтан құдайлар
жанның ойлауға қабілеттілігінің құралдарын қосып және дәл осы бет-әлпеттің табиғаты
бойынша басқаруға қатысы болсын деп бастың дәл осы алдыңғы жағына бет жасады.
Құралдардың ішінен олар ең алдымен жарық әкелетін, яғни көздерді жасады, оларды [бет-
әлпетке] мынадай себеппен құрастырды: оты бар, бірақ күйдірмейтін, сәл ғана жарық
беретін дене жасауды ұйғарды да, оны кәдімгі күндізгі жарыққа ұқсас қып шеберлікпен
жасады. Біздің ішімізде күндізгі жарыққа туыс, таза от мекендейді: оны құдайлар тегіс
және тығыз бөлшектермен көз арқылы құйылып тұратындай етіп жасады; алдымен тек
таза оттан басқа, әсіресе ортасында, тұрпайы ешнәрсені өткізбес үшін, көздің тканін
тығыздады. Күндізгі жарық көзден шыққан жарықты қамтыған кезде және ұқсас нәрселер
бір-біріне талпынғанда, олар көздің қарау бағытында біртүтас және біркелкі дене жасады,
сонымен қатар іштен сыртқа ұшырап шыққан жарық сыртқы жарықпен бірігеді. Ал дене
өзінің біртектілігінің себебінен өзінде болатын өзгерістердің барлығын біртүтас сезінеді,
сондықтан ол бір мүшесі бір нәрсеге тиіп кетсе немесе бірдеңемен жанасып қалса, ол
сезімдер бүкіл денеге тарап, жанға жетеді: осындай біз көру деп атайтын түйсіктің бір түрі
пайда болады. Түн күннің жарығын жапқан кезде, іштегі жарық жабылып қалғандай