275
[сезімдер] болуы керек, егер жандар бұл құмарлықтарды бұл есе, олардың өмірі әділетті,
ал егер олар құмарлықтардың билігінде болса, онда өмірлері әділетсіз болады. Кімде-кім
өзіне берілген мерзімде дұрыс өмір сүрсе, өз атауларына сай жұлдыздың мекеніне
оралады да, өзіне тән тәтті өмір сүреді, ал оны істей алмаған екінші рет туған кезде өз
табиғатын әйелге ауыстырады. Егер ол сонда да зұлымдық жасауын қоймаса, оған әр
жолы өзінің әдепсіз құрылымына сай келетін жануардың табиғатына ауысып туады,
сөйтіп, азаптарының аяғында тепе-теңдіктің және өзіне-өзі ұқсастықтың айналымына
еруге бел байлап, ақылмен оның табиғатына қосылуға даяр, көп түрлі от пен судың, ауа
мен жердің толқуын жеңген кезде, олардың ақылсыз еліргендігін жеңген кезде және
алғашқы және жақсы күйдің идеясына қайта келген кезде жетеді.
Алдағы уақытта ешкімнің әдепсіздігінің күнәһары болмас үшін осылай бұйрық беріп, ол
жандардың ұрығын жартылай Жерге, жартылай Айға, жартылай басқа да уақыт
құралдарына ауыстырды. Осы ұрықтанудан соң ол жаңа құдайларға бұрын адамдардың
жандарында болмаған нәрсені қосып, өмірі шектеулі денелерді жасауды, ал осыған
қажеттінің бәрін дайындаған соң оларды басқаруды және өмірі шекті жаратылысты
билеуді, ол өзіне өзі үшін зұлымдықтың себебі болмас үшін, барынша жақсырақ
жетілдіруді тапсырды.
Осы тапсырмалардың барлығын беріп болған соң, ол өзіне тән бұрынғы қалыпқа келді.
Соның арасында оның ұлдары әкелерінің бұйрығын ұғынып, оны орындауға кірісті: олар
өмірі шектеулі жаратылыстың мәңгі бастауын алды, содан соң өздерінің демиургтарына
елігіп, ғарыштан от пен жердің, сонымен қатар, су мен ауаның бөлшектерін, кейін
қайтарып беруге уәде беріп, қарызға алды. Бұл бөлшектерді олар бір тұтастыққа
біріктіруге кірісті,
бірақ өздерінің денелерін біріктіргендегідей ажырамас
біріктіргіштермен емес, жиі-жиі және ұсақтығынан онша байқалмайтын біріктіргішпен
қосты, сөйтіп, әрбір құралған денеге бүтіндік пен бірлік берді; ал өлмес жанның
айналымын олар денедегі толығу мен кемуге жекті. Міне бұл, құдіретті ағынға тартылған
айналымдар, оны аяғына дейін жеңе де алмады, оған аяғына дейін жол да бере алмады,
бірақ кей кезде күшпен оған өзінің бағытын хабарлап, кей кезде одан бағдар алып отырды.
Сондықтан бұл жаратылыстың барлығы қозғалыста болды, бірақ қайда болса сонда,
тәртіпсіз, зердесіз әр жаққа талпынды, сонымен қатар, барлық алты қозғалыстың
мүмкіндігіне ие бола отырып: алдыға артқа, оңға солға, жоғары-төмен, алты бағытта
қозғалды және барлық үйлесімде жүре берді. Егер денені толтырған, содан соң одан кетіп
қалған тамақтың ағыны белгілі мөлшерде құдіретті болған болса, кімде-кімнің денесі оны
сыртынан күтіп тұрған отқа немесе жердің қаттысына, немесе судың ылғалды
шайқалуына, немесе желдің аспандағы толқуларына тап болған кездегідей одан да
құдіретті толқуды сыртқы әсерлер тудырған.
Бұл қозғалыстардың барлығы дене арқылы өте отырып, жанға жетеді жөне оны жаулап
алады, содан барып олардың барлығы түйсік алған және осы күнге дейін оны сақтап
келеді. қатты және құдіретті қозғалысты шақырып және тоқтаусыз ағып жатқан иіріммен
қосылып, түйсіктер жанның айналымына әсер етіп, оны қатты сілкілей бастады. Бара -
барлықтың қозғалысына қарсы ағынменен және оның басқаруы мен жалғасуына тосқауыл
болып, оның қозғалысын тоқтатты; бөгденің ағымын бұзғаны сонша, оларды
жеккендерден басқалардың оларды ақырына дейін бұза алмайтын үш екілік және үш
үштік аралықтар, сонымен бірге байланыстырушы буындар (екіліктің үшеуі, үштің
төртеуі және сегіздіктің тоғызы) айналмалы қозғалысты барынша бұзғандықтан олардың
қозғалысы қалай болса солай бұзылды; олар соншалықты қиыншылықпен бірге қозғалып,
бірге ұшты, бірақ олардың қозғалысы бей-берекет болды: олар біресе соқтығысты, біресе
көлденең, біресе төңкерілді. Соңында, біреу басымен жерді тіреп, ал аяғын бірдеңеге
сүйеп, жоғары көтерген сияқты жағдайға келді; осындай жағдайда оның өзіне де, оған