274
Сондықтан, мейлі, біздің айтқанымыз жеткілікті болсын, көзге көрінетін және туылған
құдайлардың табиғаты туралы пайымдау осымен аяқталсын.
Басқа құдайлар туралы баяндап, олардың туылуын анықтау — біздің қолымыздан
келмейтін іс. Бұл жерде бізден бұрын айтылғандарға сенуге тура келеді; егер оны
айтқанда, өздерінің сөздеріне қарағанда, құдайлардың ұрпақтары болса, онда олар өз ата-
бабаларын жақсы білулері керек қой. Құдайлардың балаларына, тіпті олар шындыққа
ұқсас және сенім туғызатын дәлелдемелерсіз айтса да, сенуден ешқашан бас тартуға
болмайды, өйткені, егер олар өз әңгімелерін жанұялық аңыз ретінде айтса, заңды бұзбас
үшін, оларға сенуге тура келеді. Сонымен, біз бүл құдайлардың шежіресі туралы олардың
айтқандарын қабылдаймыз және қайталап айтамыз: Гея мен Ураннан Теңіз бен Тефия, ол
екеуінен — Форкий, Кронос, Рея және олардың барлық ұрпақтары, Кронос пен Реядан —
Зевс пен Гера және олардың ағалары мен қарындастары болып табылатындардың
барлығы, ал олардан жаңа ұрпақ туған.
Қозғалыстары біздің көз алдымызда жасалатындар — барлық құдайлар сияқты, туған
кезде Әлемді жаратушы оларға мынадай сөз арнады:
"Құдайлардың құдайы! Мен — сендердің демиургтарыңмын және заттардың әкесімін, ал
менен туған жойылмайды, өйткені бүл менің ырқым. Әрине, бөлшектерден құралған нәрсе
бұзылуы мүмкін, бірақ тамаша сомдалған және жетілген нәрсені бұзу зұлымдық болар еді.
Сондықтан сендер бір кезде жаралып, енді мүлдем өлместей және бұзылмастай бола
алмайсыңдар, сонда да сендер өлімді бастан кешірмейсіңдер, өйткені менің үкімім
сендерді жаратқан кездегі байланыстан гөрі құдіреттірек және
беріктеу. Енді менің сөзім
сендерді неге үйрететінін тыңдаңдар. Әлі үш мәңгі емес тұр туылмай түр, ал олар әлі
пайда болмағандықтан, аспан толық аяқталмаған: өйткені ол тірі жаратылыстардың
барлық туылуын өзіне сыйдыра алмайды, ал ол толығымен аяқталу үшін оған өте қажет.
Бірақ, егер бұл жаратылыстардың барлығы менен пайда болып, өмір алса, олар құдайларға
тең болады. Сөйтіп олар мәңгі болмас үшін және әлем шындығында да барлығы болуы
үшін, сендердің пайда болуларыңның негізі болған менің потенцияма еліктей отырып,
өздеріңнің табиғаттарыңа сай тірі жаратылыстардың жасалуына көңіл аударыңдар.
Құдайлық [бастау] деп аталатын мәңгі бір нәрсе олардың бойында болуы керек
болғандықтан және ол әрқашан әділеттіліктің және сендердің соңдарынан өз еркімен
жүретіндерді бастап жүруі үшін, мен сендерге жаралудың ұрықтары мен бастауларын
беремін; ал қалған жерде сендер өлім мен мәңгілікті жанастыра отырып, тірі
жаратылыстардың жаралуын өздерің аяқтаңдар, содан соң оларға тамақ дайындаңдар,
тамақтандырыңдар және оларды өсіріңдер, ал өлгеннен соң өздеріңе қайта қабылдаңдар".
Ол солай деді де әлемдік жан үшін жасалған қоспа араластырылған ыдысқа бұрынғы
қоспаның қалдығын құйды және оларды бұрынғыдағыдай тағы да араластырды, бірақ бұл
қоспаның тазалығы екінші және үшінші дәрежеде болды; осы жаңа қоспадан ол
жұлдыздардың санына тең жанның санын бөліп алды және оларды жұлдыздар арасына
бір-бірлеп таратты. Жандарды жұлдыздарға арбаға отырғызған тәрізді орналастырып,
оларға әлемнің табиғатын әкелді және тағдырдың заңдарын айтты, дәлірек айтсақ, бірінші
туылу барлық жандар үшін бірдей болады, өйткені олардың ешқайсысы кемсітілмеген, ал
енді оларды таратылып, әр жанға сай келетін уақыттың құралына айналуға және барлық
жаратылыстың ішіндегі ең тақуа болу күтіп түр; адамның табиғаты екі түрлі
болғандықтан, ер атын алған ру бәрінен жақсы болады. Жандар қажетінше нығайып,
денеде бекіген кезде, ал әр дене өзі үшін бірнәрсені қабылдап, бір нәрсені шығарған кезде,
біріншіден, жандарда барлығына ортақ және амалсыз әсерге сай түйсік пайда болуы
қажет; екіншіден, құмарлықпен және қайғымен араласқан эрос тууы керек, сонымен қатар
қорқыныш, ашу және аталғандармен байланысты немесе оларға қарама-қарсы басқа да