273
жылдам қозғалатын жұлдыздарды ақырын айналатын жұлдыздар қуып жететіні сияқты, ал
шындығында, бәрі керісінше: тепе-тендіктің қозғалысы барлық жұлдыздар шеңберіне екі
негізгі қозғалыстың қарама-қарсы бағытталуы себебінен спиральды бұрылыс жасайды, ал
сондықтан ең жылдам қозғалатын жұлдыз оның жылдамдығына жақындайтын сияқты.
Ақырындық пен жылдамдықтың қатынасының сегіз шеңберінің бойымен қозғалатын
нақты бір өлшемі болуы үшін, Құдай Жерден кейінгі екінші шеңберге бүкіл аспанды
барынша алыс қашықтыққа жарық етіп тұрсын деп, ал барлық тірі жаратылыстар оның
айналымының тепе-тендігі мен ұқсастығына үйрене отырып, соның санына тиесілі болсын
деп Күн деп атайтын шырақты жақты. Осындай себептермен біркелкілік пен ең зерделінің
зерделісінің айналымы Түн мен Күн пайда болды.
Ай өзінің бір айналымын аяқтап, Күнді қуып жеткен кезде шығады, ал жыл — Күн өзінің
шеңберін айналып өткенде шығады. Басқа шырақтардың айналымына келсек, аздаған ғана
адамдардан басқалары оларды байқамайды, оларға атау бермейді және олардың өзара
сандық қатынастарын есептемейді, олай болса, бүл қамту мүмкін емес көптеген және адам
айтқысыз көп түрлі қозғалыстардың барлығы уақытты білдіретінін олар тіпті аңғармайды
да деуге болады. Бірақ толық жыл ор түрлі жылдамдықтағы барлық сегіз шеңбер бір
уақытта өзінің бастапқы нүктесіне біркелкі жүгіріп өтетін тепе-теңдіктің шеңберінің
өлшемімен қатарласып келген кезде бітетінін байқауға болады. Міне, аспанда адасып
жүретін және өз жолына қайта оралатын ғарыш жетілген және ақылға сыйымды тірі
жаратылысқа, оның мәңгі мәнді табиғатына ұқсауға барынша көбірек тырысатын
жұлдыздар осылай және сол үшін жаралған.
Басқасының барлығында ғарыш уақыттың пайда болуына дейін, бір нәрседен басқада, өзі
бейнелейтінге ұқсас болған: ол өзінде пайда болуға тиісті және сол арқылы мәңгі мәнді
табиғатқа сай келмейтін барлық тірі жаратылыстарды бойында ұстаған жоқ. Бірақ
алғашқы бейненің табиғатына сай келетіндей етіп оны соғып, құдай бұл жетіспей тұрған
нәрсенің орнын толтырды. Тірі жаратылыста зерде қанша және қандай негізгі түрлерді
қарастырса, ол сонша және дәл сондайларды ғарышта жаратуды дұрыс деп тапты.
Олардың барлығы төртеу: біріншісі — құдайлардың аспандағы түрі, екіншісі — ауада
ұшып жүретін, қанатты түрі, үшіншісі — судағы, төртіншісі — жаяу және жердегі түрі.
Құдайлық түр идеясын көзге ең жоғарғы жарқыл мен сұлулықты беру үшін, оны өте
домалақ қылып, кеңістікке ұқсатып, оттан жасады және оған артынан еріп отыруды
бұйырып, ең жоғарғы зерделілікте тамаша орын берді; бұл түрді шеңбермен бүкіл аспанға
жайды, оны безендіріп, нағыз ақиқат ғарыш жасады. Әр құдайға екі-екіден: біріншіден,
тепе-тендік туралы олар әрқашан тепе-теңдікпен ойлауы үшін сол бір жерде біркелкі
қозғалыс, ал, екіншіден олар тепе-теңдік пен ұқсастықтың айналымына бағынышты болуы
үшін ілгерілемелі қозғалыс сыйлады. Бірақ бұл түрді қозғалыссыз және тыныштықтағы
етіп жасап, әр құдай мүмкіндігінше жетілген болуы үшін оларға басқа бес қозғалысты
бермеді. Сол себептен әрқашан бір орнында біркелкі және тепе-тендікте қозғалатын
барлық мәңгі мәнді жұлдыздар пайда болды; ал өз орнын өзгертетін, сөйтіп адасып
жүретін жұлдыздар бұрын айтылған жағдайда пайда болған.
Бізді қоректендіруші Ана Әлем арқылы өтетін белдеудің бойымен айналуды Жерге
белгіледі және аспанда туған құдайлардың ішіндегі ең үлкені мен сыйлысы ретінде күн
мен түнді аңдушы етіп қойды. Ал бүл құдайлардың хороводтарына, олардың өзара
жақындасуларына, шеңберлерінің керісінше айналулары мен алдыға қарай озуына,
сонымен қатар, қайсысы бір-біріне сай келетіні мен қарсы тұратынына және бізге
қатынасына сай жайда қайсысы бірінің алдына бірі келетіні белгілі бір уақыт аралығында
олар біресе тығылуы, біресе тағы пайда болуы, кім мерзімді есептей алмаса, соны
қорқытып, оларға келе жатқан уақыт туралы белгі беру — көз алдында көрнекті бейнесі
болмаса да осының бәрі туралы айту — өте қиын іс болар еді.