272
берсе, оңда ақыл мен білім өзін іске асырады. Егер де ол да, бұл да ненің ішінде пайда
болады деген сұраққа жаннан басқа бірдеңені айтатын болса, оның сөздері кез-келген
магына болуы мүмкін, бірақ ақиқат емес.
Сөйтіп, өзі тудырған нәрсенің, мәңгі құдайлардың мүсінінің қозғалатындығын және өмір
сүретіндігін байқаған кезде Әке қуанып, қуаныштан жаратқан нәрселерінің барлығының
үлгіге ұқсауын ойлады. Үлгі мәңгі тірі жаратылыс болғандықтан, ол өлшемге мүмкіндікті
қойып, осы жерде ұқсастыққа жетуге тырысты, бірақ істің мәні сол тірі жаратылыстың
табиғатының мәңгілігінде, ал оны толығымен ешқандай туылған нәрсеге беруге
болмайтындықта еді. Сондықтан ол мәңгіліктің әлдебір қозғалыстағы ұқсастығын
жаратуды ойлады; аспанды орналастыра отырып, ол онымен бірге мәңгілік үшін бірлікте
орналасқан саннан санға жылжитын, біз уақыт деп атаған мәңгі бейнені жасайды. Өйткені
аспан жаратылғанға дейін күн де, түн де, ай да, жыл да болмаған, ол тек аспан орнына
қойылған кезде ғана олардың пайда болуына жағдай жасады. Бұлардың барлығы —
уақыттың бөліктері, ал "болған" және "болады" пайда болған уақыттың түрлері және
оларды мәңгі мәнге көшіре отырып, біз өзіміз байқамай қателік жасаймыз. Өйткені біз, ол
мән туралы ол "болған", "бар" және "болады" дейміз, бірақ, егер дұрыстап пайымдасақ,
оған тек қана "бар" ғана жарайды, ал "болған" мен "болады" уақыт желісіндегі
қалыптасуға қолданылады, өйткені екеуі де қозғалыс болып табылады. Бірақ тепе-тендікте
және тыныштықта мәңгі болатын нәрсеге уақыт өткен сайын есею немесе жасару, өткен
кезде, қазір немесе болашақта осындай болу немесе пайда болу заттарды түйсінуде ағын
берген жалпы бір нәрсені бастан кешіру берілмеген. Жоқ, бұлардың барлығы мәңгілікке
еліктейтін және сандар заңдылығына сай шеңбердің бойымен жүретін уақыттың түрлері.
Оның үстіне, біз пайда болғанды пайда болған, пайда болып жатқанды пайда болып
жатыр, бейболмысты бейболмыс дейміз: осының барлығында ешқандай нақтылық жоқ.
Бірақ қазір бұның барлығын анықтауға бізде уақыт жоқ.
Сөйтіп, уақыт аспанмен бірге пайда болды, бірге туғандар, олардың уақыты келген кезде,
бірге ыдырайды; уақыттың бастапқы бейнесі, мүмкіндігінше оған ұқсас болуы үшін, мәңгі
табиғат болды. Бастапқы бейне мәңгілікте болатын нәрсе, кескін пайда болған соң толық
уақыттың жалғасы да болады.
Уақыттың тууы туралы құдайдың ниеті мен ойы осындай болған; уақыттың құдайдың
зердесі мен ойынан тууы үшін, уақыттың күндерін анықтау үшін, оны қадағалап отыру
үшін Күн, Ай және басқа планеталар деп аталатын бес шырақ пайда болған. Бірінен соң
бірінің денесін жаратқан соң, құдай олар арқылы басқалардың айналымы іске асуы үшін,
жетеуін жеті шарға орналастырды. Айды Жерге жақын, Күнді Жерден кейінгі екінші
шарға, Таң жұлдызы мен Гермеске арналған, соның атымен аталатын жұлдызды Күнмен
қатар, бірақ қарсы бағытта айналатын шарға қойды. Сондықтан Күн, Герместің жұлдызы
және Таң жұлдызы кезектесіп және өзара үйлесіміділікпен бірін-бірі қуалап отырады. Ал
басқа планеталарға келсек, олар дәл қайда, қандай себептен онда тағайындалғандығының
барлығы біздің назарымызды (біздің әңгімеміз талап ететін тақырыбынан басқа) қосымша
заттарға аударуымызға мәжбүр етеді. Мүмкін, біздің бос уақытымыз мүмкіндік берсе,
кейін бұнымен қажетінше айналысармыз.
Сонымен, уақытты қалыптастыруға қатысу үшін жаралған бұл жұлдыздардың барлығы,
әрқайсысы өзіне сай қозғалысқа ие болған соң, жаны бар шынжырлармен біріктірілген
денелер бола отырып, тірі жаратылысқа айналады және өздеріне тапсырылған істі ұғынған
соң, олар тепе-теңдіктің қозғалысын қақ ортасынан кесіп өтетін басқаның қозғалысының
бойымен айнала және оған бағына бастайды; олардың біреулері үлкен шеңбер, біреулері
кішірек шеңбер сызды, сонымен қатар кіші шеңбер бойымен олар тезірек, ал үлкен
шеңбердің бойымен ақырынырақ қозғалды. Бірақ тепе-теңдіктің қозғалысының әсерінен