Page 271 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

271
тепе-тендіктің, басқаның және мәннің қосындысы болатын біртұтасты керекті бөліктер
санына бөлді.
Ол бөлуді былай бастады: алдымен бүтіннің бір бөлігін жұлып алды, содан соң одан екі
есе үлкен екіншісін, екіншіден бір жарым есе үлкен және біріншіден үш есе үлкен
үшіншісін, екіншіден екі есе үлкен төртіншісін, үшіншіден үш есе үлкен бесіншіні,
біріншіден сегіз есе үлкен алтыншыны, одан соң жиырма жеті есе үлкен жетіншіні. Одан
соң ол пайда болған еселік және үш еселік аралықтарды толтыра бастады, сол қоспадан
жаңа бөліктерді кесіп және оларды бұрынғы бөліктермен әр аралықта екі-екіден орташа
мүше болуы үшін, олардың біреуі шеткі мүшенің кішісін одан үлкені асатындай, ал
басқасы кіші шеткі мүшені асып түсіп, үлкеннен бірдей санға кем болатындай етіп
араластырды. Ол біріктіргіштердің арқасында бұрынғы аралықтардың ішінде 3/2,4/3 және
9/8 жаңа аралықтар пайда болды, сонда ол 4/3 аралықтарды 9/8 аралықтармен толтырды,
әр аралықтан қалған аралықтармен бөлінген сандар әрдайым бір-біріне 256-ның 243-ке
қатынасындай болуы үшін бөлшек қалдырып отырды. Сонымен қатар құдай аталған
бөлшектерді алған қоспаға аяғына дейін пайдаланған.
Содан
соң пайда болған құрамды ұзындығынан екі бөлікке бөліп, оны X әрпі сияқты бір-
біріне крест жасап қосты және олардың әрқайсысын аяқ жақтарын олардың қиылысқан
нүктесіне қарама-қарсы етіп қосылатындай шеңбер жасап, майыстырды. Одан кейін
оларды біркелкі және бір жерде шеңбер боп айналуға мәжбүр етті, бір шеңберді ішкі,
екіншісін сыртқы етіп жасады. Сыртқы айналымды ол тепе-тендік табиғаты деп, ал ішкіні
өзгенің табиғаты деп атады. Тепе-теңдік шеңберін ол солдан оңға қарай, тік үшбұрыштың
қабырғаларының бойымен айналатындай, ал басқа шеңберді оңнан солға, сол тік
үшбұрыштың диагоналінің бойымен айналатындай етіп жасады; бірақ артықшылықты ол
тепе-тендік және ұқсастық қозғалысына сыйлады, өйткені оны біртұтас және бөлінбейтін
етіп қалдырды, ал ішкі қозғалысты алты есе жеті әр түрлі шеңберлерге екі еселік және үш
еселік аралықтарды сақтай отырып бөлшектеді, ал осылар мен басқалар үш-үштен болды.
Бүл шеңберлерге бір-біріне қарама-қарсы үш шеңбердің жылдамдығы бірдей, ал қалған
төртеуінікі бір-бірімен және ана үшеуімен салыстырғанда әртүрлі, бірақ бірдей қатынаста
өлшенген бағытта айналуды белгіледі.
Жанның бүкіл құрамы оны құрастырғанның ниетіне сай болып туған кезде, ал жанның
ішінде барлық тәндік нәрселерді құрастыра бастады және оны да, басқаны да олардың
орталық нүктесінде бір-біріне үйлестірді. Міне, сөйтіп, орталықтан аспанның шегіне дейін
тараған және аспанды сыртынан шеңбер жасап қоршаған жан, өз - өздігінен айнала
отырып, барлық уақыттарға мәңгі және зерделі өмірдің құдайлық бастауына енді. Сонда
аспанның тәні көрінетін, ал жаны көрінбейтін болып туды және пайымдау мен
үйлесімділікке қатысты барлық ойға саятын және мәңгі өмір сүретіндердің ішінде ең
жетілгені болып туған ол, барлық туылғандардың ішіндегі ең жетілгені. Ол тепе-тендік
пен өзгенің табиғаттарының пропорциональды бөлінген және қайтадан біріктірілген үш
бөлігінің араласуы болып табылады және өзгеріссіз өз-өзін айналып тұрады, сондықтан
затпен әрдайым жанасқан кезде кімнің мәні бөлінген немесе, керісінше, бөлінбейтін
болса, ол өзінің барлық тумысымен қозғалысқа келеді және бұл заттың неге тепе-тең
екендігін және не үшін ол басқа, сонымен қатар қандай қатынаста, қайда, қалай және қай
кезде әрқайсысы пайда бола отырып, басқалармен бірге өз болмысында, өзінің қайғылы
күйлерін де және тепе-тендікке қатынасын да сөзбен береді. Өздігінен қозғалысқа түсетін
космоста үнсіз және дыбыссыз айтылатын ол сөз басқаға немесе тепе-теңдікке қатынасы
бар ма, жоқ па, бәрібір ақиқат. Егер ол түйсіктелетін нәрсе туралы айтылса, ол жөнінде
дұрыс айналымдағы өзге космостың бүкіл жанына хабар берсе, онда нағыз ақиқат әрі
берік пікірлер мен иланымдар пайда болады; егер де, керісінше, ол соз ой жүзінде
қарастырылатын нәрсе туралы айтылса, ол жөнінде бара - барлықтың айналымы хабар