270
бар денеге сырттан жылу, суық және т.б. бірден эсер етуші күштер жақындаса, бір
бақытсыз сәтте оған төнсе, оны қайрайды, сырқатқа және қаусауға әкеледі және өлуге
мәжбүр етеді деген ой келеді. Осындай себептен және осындай шешімге сай ол космосты
жетілген және қаусауға және сырқатқа тап болмайтын бүтін бөлшектерден тұратын
біртұтас бүтін етіп жасады.
Ғаламның кескінін оған сай және тектес қып жасады. Шындығында, өзінің бойына барлық
тірі жаратылыстарды сыйдырған тірі жаратылыстың бойынан басқалардың бойында бар
кескіндердің бәрі табылуы керек. Сонымен, айналдыру арқылы ол космосты жоғарғы беті
барлық жерде орталықтан бірдей арақашықтықта болатын сфераға дейін домалақтады,
яғни Ғаламға барлық кескін-келбетің ең бір жетілгенін, өзіне сайма-сай келбет берді, ол
Әлемнен оған сай келмейтіннен әлдеқайда кереметін тапты. Сфераның бетін ол әр түрлі
ұғыныстарға байланысты теп-тегіс қылды. Сонымен, ғарыш көзде, естуде ешқандай
мұқтаждық көрмеді, өйткені оның өзінен тыс ол көретін, ол еститін ешнәрсе қалған жоқ.
Оның айналасында ол жұтатындай ауа жоқ. Көмегімен тамақ ішетін немесе қорытылған
асты қайта шығаратын ешқандай органның қажеті болған жоқ: оның сыртына ешнәрсе
шықпады, ішінде де ешнәрсе кірмеді, өйткені кіретін де ешнәрсе болған жоқ. (Космостың
денесі) тамақты өзінің денесінен барлық іс-әрекетті, барлық жай-күйді өзі арқылы, өзінде
жасау арқылы алу үшін жасалған. Өйткені жасаушы космос өзінен тыс бір нәрсеге мұқтаж
болғанша, оның өзі өзіне тұйықталғанын әлдеқайда жақсы деп тапты. Қолдарға келер
болсақ, онымен ешнәрсені ұстауға немесе біреуден қорғануға ешқандай қажеттілігі
болмады, сондықтан оны денеге жапсыруды артық көрді, аяқ немесе жүруге арналған
құралдарды да артық деп есептеді. Бұндай денеге жеті түрлі қозғалыстың ішінен оған
сәйкес тұр, атап айтқанда, ақыл мен түсінікке жақын болатын түрді тандап алды.
Сондықтан ол космосты бір орнында, біркелкі, өздігінен шеңбер жасап айналатындай ғып
жасады; қалған алты түрлі қозғалыс біріншіні жаңылдырмас үшін алыстатылды. Бұндай
айналым үшін аяқтың қажеті болмағандықтан, ол (бұл жаратылысты) сирақсыз, табансыз
ғып жасады.
Мәңгі мәнді құдайдың тек қана болуы қажет құдай жайындағы осы бүкіл ниеті
(космостың) майда, барлық жерінде біркелкі болуын, ортадан барлық жақтарына қарай
біркелкі тарауын, біртүтас, жетілген және жетілген денелерден құралуын талап етті. Оның
ортасынан жасаушы жанға орын берді, сол жерден оны бүкіл бойына таратты, оның үстіне
жанмен денені сыртынан қаптады. Сөйтіп, ол шеңбер тәрізді, айналмалы, бір ғана жалғыз,
өзінің жетілгендігіне байланысты өз-өзімен қатынаста бола алатын, басқа ешкімді қажет
етпейтін және өзін-өзі танумен, өзімен өзі достықта болумен қанағаттанатын аспанды
жаратты. Космосқа осы артықшылықтардың бәрін беріп, (демиург) оған бақытты
құдайдың өмірін берді.
Егер біз осы өзіміздің пайымдауымызда жанға кейінірек көшпек болсақ, бұл құдай оны
жаратқаннан соң ғана жасады деген соз емес, өйткені оларды біріктіруде ол кішінің
(бастамасының) үлкенге үстемдік көрсетуін болдырмас еді. Ал біздер ғана (адамдар —
А.С.), кездейсоқтық пен болжамның билігіне бейімделгендер, сезімімізде де соны
басшылыққа аламыз; бірақ құдай жанды бірінші болу үшін, тууы жағынан да, жетілгендігі
жағынан да алғашқы ғып, дененің билеушісі, үстемдік етушісі ғып жаратты, ал оны
мынадай бөліктерден, мынадай жағдайда құрастырды: бөлінбейтін және мәңгілік сайма-
сай мән мен денелерде бөлінуге ұшырайтын бөлігін араластыру арқылы мәннің тепе-
теңдіктің табиғатына жөне басқаның табиғатына қатысы бар үшінші, ортаншы түрін
жасады, тура сондай күйде оны бөлінбейтін және денелерде бөлінуге ұшырайтынның
арасына орналастырды. Содан соң осы үш бастаманы алып, олардың барлығын біртүтас
идеяға біріктірді, араласуға көнбейтін басқаның табиғатын күшпен тепе-теңдікпен бірігуге
бағындырды. Оларды мәнмен біріктіріп, үшеуден біреу жасап, ол оз тарапынан әрқайсысы