269
кемсітпеуіміз керек; өйткені жартыға ұқсағысы келу ешқашан әдемі болмайды. Барлық
жаратылыстардың түр-түрін өзінің жартылары сияқты өзіне сыйдыратын (тірі
жаратылысты) елестетіп көрейік және космос бәрінен бұрын соған ұқсайды деп шешейік:
оның барлық адамның ақылы жетерлік тірі жаратылыстарды өзіне сыйдыратыны сияқты,
космос та бізге және барлық көзге көрінетін жаратылыстарға өзінен орын береді. Өйткені
құдай әлемді өте кереметке, дүниедегі бар нәрселердің ішіндегі ең жоғары дәрежеде
жетілгенге ұқсату үшін, өзінің табиғатына тән қасиеттер беріп, оны біртұтас тірі
жаратылыс етіп жасады.
Бірақ біз бір ғана аспан туралы айтсақ дұрыс бола ма, әлде көптеген, тіпті сансыз коп
аспан туралы айтқанымыз дұрыс бола ма? Жоқ, егер ол алғашқы бейнемен ұқсатылып
жаратылса, онда ол жалғыз. Барлық ақылға сиымды тірі жаратылыстарды қамтитын нәрсе
өзінің қасына басқаны жібермейді; әйтпесе ол екеуін қамтитын және олардың емес,
оларды қамтитынның бөліктері болып табылатын космос үшін үлгі деп есептеу дұрыс
болатын тағы бір жаратылыс қажет болар еді. Сөйтіп, туынды барлық жағынан жетілген
тірі жаратылысқа жалғыздығымен сәйкес болуы үшін, жаратушы екеуі де, сансыз коп
космостарды да жаратқан жоқ: тек осы бір өзі ғана жалғыз туған аспан пайда болып, бар
және болады да.
Сонымен, денеге ие, сондықтан көзге көрінеді және сезіледі — жаратылған нәрсе міне,
осындай болуы керек еді. Бірақ оттың көмегінсіз ешнәрсе көзге көрінетін қасиетке ие бола
алмайды, ал қатты болмаса сезілмес еді, топырақсыз ешнәрсе қатты бола алмайды. Осы
себеппен Ғаламды от пен топырақтан жасаған. Бірақ екі мүше өздігінен үшіншісіз жақсы
біріге алмайды, өйткені бірінші мен екіншінің арасында екеуін біріктіретін әлдебір
байланыстың болуы қажет. Байланыстардың ең әдемісі — өзін және байланысушыны
сондай көп мөлшерде біріктіретіні, бұл мәселені ең жақсы ғып пропорция орындайды,
өйткені үш санда — кубтық, квадраттық сияқты — кез-келген орталық санда біріншісі
орталық санға, орталық санның соңғы санға қатынасындай, соған орай соңғы санның
орталық санға қатынасы орталық санның бірінші санға қатынасындай, сонда орталық
сандарды бірінші және соңғы орынға ауыстырғанда, керісінше, бірінші мен соңғыны
орталық сандардың орнына ауыстырғанда бүл қатынастың міндетті түрде өзгеріссіз
қалатыны байқалады; егер олай болса, яғни бүл сандар өзара біртұтастық құрады.
Сонымен қатар, егер Ғаламның денесі жай ғана тереңдіксіз жазықтық болса, онда жалғыз
орталық санның болуы өзін шеткі сандармен біріктіруге жеткілікті болар еді. Алайда, ол
үш жақты болуы керек еді, ал үш жақты заттар еш уақытта бір ғана орталық мүше арқылы
бірікпейді, ол әрқашан екі мүше арқылы бірігеді. Сондықтан құдай от пен топырақтың
арасына су мен ауаны орналастырады, содан соң олардың арасына, ауа мен судың
қатынасы оттың ауаға қатынасындай болуы үшін және судың топыраққа қатынасы ауаның
суға қатынасындай болу үшін мүмкіндігінше дәл қатынас қойды. Сөйтіп, құдай бұлардан
көзге көрінетін, сезілетін аспанды жасап, олармен бір-бірімен біріктірді.
Осындай негізде және осындай торт бөліктен пропорхдаяға байланысты үйлесімді Ғалам
туды, осының нәтижесінде достық пайда болды, сондықтан оның өзіндік тепе-тендігін
оны жасаушыдан басқа ешкім де бұза алмайды.
Сонымен қатар төрт бөліктің әрқайсысы космостың құрамына бүтіндей кірді: жасаушы
оны барлық оттан, барлық судан, ауадан, топырақтан жасады, космостың сыртында
олардың бірде-бір бөлігін, потенциясын қалдырмады. Ол, біріншіден, космостың тұтас
және барлық бөліктері жетілген тірі жаратылыс болғанын қалады, басқа оған ұқсас космос
тумасын деп, ешқандай қалдық қалдырмады және соңында оның жігері, ешбір
сырқаттарға шалдықпайтындай болуын ескерді. Жасаушының ойына егер күрделі құрамы