26
Сосын қарама-қарсы қалқада креслода отырған Гиппий Элидскийді,— Гомердің
айтқанындай, "осы бір қайраткерді байқап қалдым". Мұны Эриксимах, Акуменнің ұлы,
мирринусилік Федр, Андрион, Андротионның ұлы, оның отандастарынан тағы да бірнеше
жатжерлік және басқалар айнала қоршап, ұзын орындықтарға отырды. Тегінде, олар
Гиппийден табиғат, әр түрлі астрономиялық, аспан құбылыстары жайында сұраған болар,
ал креслода отырған ол берген сұрақтарды олардың әрқайсысымен талдап, талқылап
жатты.
"Сонымен бірге Танталды да, иә, оны да мен көріп қалған едім", мұнда Продик Кеосский
да келген екен; ол бұрын Гиппоникке қойма ретінде қызмет еткен әлдебір үйде тұрған
болатын, ал енді, келушілердің көбейіп кетуіне байланысты, Каллий оны тазалап,
қонақтар түсетін үйге айналдырыпты. Продик бұл кезде қой терісінен жасалған әлдебір
жамылғылармен қымтанып, әлі төсекте жатқанды, онымен көршілес кереуеттердің бірінде
керамейлік Павсаний жайғасыпты, ал Павсаниймен бірге өзінің табиғат берген талантына
қарағанда және менің пайымдауым бойынша, тал бойында бір мін жоқ, өте әдемі ұл бала
болды. Мен естіген сияқтымын, сол баланың есімі Агафон болса керек, ал егер ол
Павсанийдің сүйіктісі бола қалса, мен таңданбаған болар едім. Бұл баладан басқа мұнда
екі Адимант та — Кепидтің ұлы мен Левколофидтің ұлы және басқа біраз адамдар болды,
ал олардың не жайында сөйлесіп отырғандығын мен алыстан ажырата алмадым, мен
данагөй, тіпті құдайдың өзі жомарттықпен жарата салған тамаша кісі деп есептейтін
Продиктің сөзін де, өзім қанша құмартсам да, ести алмадым, ол тым бәсең дауыспен
сөйлегендіктен, бөлмеде оның сөздерін есту мүмкін болмады.
Біз бөлмеге енген кезде бізге ілесе, сенің осылай деп атап жүргеніндей (саған еліктеп мен
де солай деп атайтын едім) сұлу Алкивиад және Критий, Каллесхрдың ұлы, кіріп келді.
Келген бетте біз біраз кідіріп қалдық та, айналамызға көз жүгірте қарап өткен соң,
Протагорға жақындап бардық, сол кезде мен былай дедім:
Протагор, мына Гиппократ екеуіміз саған келіп тұрмыз.
Сендерге,— деді ол,— менімен оңаша сөйлесу қолайлы ма, әлде өзгелердің
көзінше сөйлесе бересіңдер ме?
Біз үшін,— деп жауап бердім мен,— бәрібір, біздің не үшін келгенімізді қашан
естігің келеді, оны өзің біл.
Ал сендер не үшін келіп тұрсыңдар?— деп сұрады Протагор.
Мына жас жігіт — Гиппократ, осы жердің тұрғыны, Аполлодордың баласы, әйгілі
де ауқатты әулеттің түлегі, өзінің табиғат берген талабына қарағанда, құрбы-
құрдастарының ешқайсысынан әсте кем емес. Меніңше, ол біздің қаламыздағы аса
көрнекті адам болуға ұмтылады, ал ол бүл арманы, егер сенімен жақынырақ танысса,
тезірек орындалады деп ойлайды. Енді төрелігін өзің айт: сеніңше бұл жайында бізбен
оңашада сөйлесу керек пе әлде басқалардың көзінше сөйлесе беруге бола ма.
Сократ, бұл туралы менімен сөйлескенде сақтық жасап, сен дұрыс істеп
отырсың,— деді Протагор. — Үлкен қалаларға келген жатжерлік мұндағы жас
жігіттердің таңдаулыларын — туысты да, жатты да, кәріні де, жасты да — бәрін
тастап, уақытты онымен өткізсеңдер, осының нәтижесінде бұдан да гөрі жақсы
боласыңдар деп сендіретін болса, ол бүл істе сақ болуы керек, өйткені бүл әрекетке
байланысты қызғаныш, араздық және неше түрлі өсек-өтірік өршімей қоймайды.
Софистік өнер өте ерте уақытта пайда болған көне өнер десем де, бүл өнерді ежелгі
замандарда игерген қайраткерлер осы өнерге байланысты өршитін дұшпандықтан
қауіптеніп, оны барынша жасыруға тырысқан: біреулер, Гомер, Гесиод және Симонид
сияқты, поэзиямен бүркемелеген, екіншілері Орфей мен Мусейдің шәкірттері тәрізді