Page 268 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

268
Ол пайда болды: өйткені ол көрінеді, сезіледі, денеге ие, ал ондай заттардың бәрі сезіледі
және түйсіктің әсерінен пікір арқылы қабылдана отырып пайда болады және бір нәрседен
туады. Бірақ біз барлық пайда болған нәрсе өзінің жаратылуы үшін белгілі бір себепті
қажет етеді дейміз. Әрине, бұл Ғаламның жаратушысын және тудырушысын табу оңай
емес, ал егер біз оны тапсақ, ол туралы бәріне айтуға болмайды. Сонда да космосқа
байланысты тағы бір сұрақ қоямыз: оны жаратушы қандай алғашқы бейнеге қарап жасады
— тепе-тең, өзгермейтінге ме, әлде жаратылғанға ма? Егер космос керемет болса, оның
демиургі қайырымды болса, онда оның мәңгілікке қарап жасағаны түсінікті, егер айтуға
болмайтындай жағдай болса, яғни ол пайда болғанға қараған. Бірақ барлығына айдан
анық, алғашқы бейне мәңгілік болған: өйткені космос — пайда болған нәрселердің
ішіндегі ең әдемісі, ал оның демиургі — себептердің ең кереметі. Осылай пайда бола тұра,
космос зерде мен пайымның көмегімен жетуге болатын тепе-тең және өзгермейтін
(үлгімен) жаратылған. Егер солай болса, космостың бір нәрсенің бейнесі болуы жоғары
дәрежеде қажет болады. Әрбір ой жүгіртуде табиғатпен бірдей бастауды тандап алу өте
қажет. Сондықтан бейнелеу мен алғашқы бейнеге қатысты мынадай айырмашылықты
қабылдау керек: оның әрқайсысындағы сөз ол түсіндіретін затпен біртүтас. Айқын,
тұрақты және ойлауға болатын зат туралы сөз де айқын және тұрақты болуы керек:
дәлелділік пен даусыздыққа ие бола алатындай мөлшерде, осы қасиеттердің біреуі де
жоғалмауы керек. Бірақ тек алғашқы бейнені қайталап қана қойса және нағыз бейненің
көшірмесі ғана болса, ол туралы да ақиқат іспеттес ғана сөз айтуға болады. Өйткені,
болмыс пайда болуға қалай қараса, ақиқат та сенімге солай қарайды. Сондықтан, Сократ,
егер біз құдайлар мен Әлемнің жаратылуы сияқты көптеген нәрселерді қарастыра отырып,
біздің ой жүгіртуімізде толық нақтылық пен қайшылықсыздыққа жете алмасақ, оған
таңданба. Керісінше, егер біздің ойлағанымыз шындыққа жанаспаса, біз қуануымыз керек
және сонымен қатар оз ойымды айтушы мен де, менің сыншыларым сендер де бар жоғы
адамдар ғана екендігімізді ұмытпауымыз керек, сондықтан мұндай жағдайда коп нәрсені
талап етпей, шындыққа ұқсайтын мифке қанағаттануымызға тура келеді.
Сократ: Керемет, Тимей. Біз тура сенің ұсынғаныңды істейміз. Сенің әніңнің бастамасын
біз шаттана отырып тыңдадық, ал енді сол әніңнің өзіне қош.
Тимей: Мына Ғаламды жаратушы қандай себеппен жаратқанын қарастырайық. Ол ізгілі
болды, ал кім ізгілі болса, ешқашан, еш жерде қызғаныш дегенді білмейді. Ондайда жат
бола тұра ол барлық заттар барынша өзіне ұқсас болуын қалады. Ақылды ерлермен қатар
бұдан космос пен жаралудың ең нағыз және ең басты бастауын көру, сірә, ең дұрысы.
Сонымен, бәрі жақсы болсын, мүмкіндігінше ештеңе жаман болмасын деп тілеп, құдай
тыныштықта емес, біркелкі емес, тәртіпсіз қозғалыста болған барлық көзге көрінетін
заттардың қамын ойлады; екіншісі шартсыз, біріншіден жақсы деп есептеп, оларды
тәртіпке келтірді. Қазір де, бұрын да жоғары игілік болған нәрсе сондай әдемі болмайтын
бір нәрсені тудыруы мүмкін емес; сонымен қатар, бір ой табиғатына сай көрінетін
заттардың ішінде ақылдан мақұрым қалған бірде-бір жаратылушы ақылға ие болған
нәрседен әдемі болуы мүмкін еместігін корсетті: егер оны да, мұны да біртұтас деп
салыстырсақ, ақыл жаннан басқа ештеңенің ішінде болуы мүмкін емес. Осы ойға сүйене
отырып, ол ақылды жанға, ал жанды дененің ішіне орналастырды, сөйтіп, әдемі, әрі
табиғатында ең керемет жаратынды жасауды көздеп, Ғаламды жасады. Сонымен,
шындыққа жанасатын ойға сай, біздің космосымыз жан мен ақылға ие тірі жаратылыс, ол
шынымен де құдіретті күштің көмегімен жаралған.
Бұл солай болса, біз қазір басқа сұрақ қоюымыз керек: Құдірет космосты жасағанда сол
үшін алғашқы мәңгі үлгі болып тұрған бұл неғылған тірі нәрсе? Әңгіме бір тұтастықтың
бөлігін ғана құрайтын жаратылыс туралы болып отыр деп есептеп, біз космосты