Page 266 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

266
таңдануға тұрарлық керемет жетістіктері аз болмаған, бірақ олардың ішінде басқалардан
өзінің ұлылығымен, қажырлылығымен озатын біреуі бар. Біздің жазбаларға сай сіздердің
мемлекеттеріңіз бастауын Атлантикалық теңізден алып, бүкіл Европа мен Азияны басып
алуға аттанған саны шексіз әскери күшке тойтарыс берген. Ол кезде теңіз арқылы жүзуге
болатын, сіздің тіліңізде Гераклдың бағаналары деп аталатын шығанақтың алдында арал
болған. Бүл арал өзінің өлшемі жағынан Ливия мен Азияны бірге қосқанда олардан асып
түсетін, ал ол аралдан басқа аралдарға өту, ал олардан сол теңізді қамтитын қарама-қарсы
материкке өту, өзінің атына сай, сол кездегі саяхатшыларға оңай еді (осы аталған
бұғаздың бер жағындағы теңіз оған өтетін тар ғана жолы бар шығанақ болып табылады, ал
бұғаздың арғы жағындағы теңіз теңіз деген атқа сай, оны қоршап тұрған жерді де нағыз
материк деп атау әділетті болады). Атлантида деп аталатын осы аралда басқа да аралдарға
және материктің жартысына билігі тараған таңданарлық ұлы патшалардың одағы пайда
болды, сөйтіп олар бұғаздың бергі жағында Ливиядан Египетке дейін, Европадан
Тирренияға дейін иеленді. Бұл топтасқан күш-қуат бір соққымен сіздердің және біздің
елдерді құлдыққа айналдырмақ болды. Дәл сол кезде, Солон, сіздердің мемлекеттеріңіз
бүкіл әлемге өзінің қажыр-қайраты мен күш-қуатының тамаша үлгісін көрсетті, әскери
істе басқаларды рухының қажырлылығы мен тәжірибелілігімен асып түсіп, ол алдымен
элладалықтарға бас болды, бірақ одақтастарының сатқындығынан өзі жалғыз қалды,
жалғыздықта көптеген қауіптерге кездесті, бірақ сонда да жаулап алушыларды жеңіп,
жеңістің олжасын көкке көтерді. Әлі құлдыққа түспегендерді ол құлдық қаупінен
құтқарды; Гераклдың бағаналарының осы жағын мекендеген біздің барлығымызды сол
азат етті. Бірақ кейінірек көз көрмеген жер сілкіністері мен топан су уақыты келген кезде
бір ғана сұм тәуліктің ішінде сіздердің бүкіл әскери күш-қуаттарың жігі ашылған жердің
құшағына енді; сөйтіп дәл солай Атлантида да тұңғиыққа батып, жоқ болды. Осыдан
кейін ол жерлердегі теңіз осы күнге дейін саяздығынан, шөгіп қалған тұнбаның әсерінен
пайда болған аралдың кесірінен кеме жүзбейтін теңізге айналды.
Міне, Сократ, мен карт Критий баяндап берген Солонның әңгімесін мүмкін қысқаша
болса да сендерге жеткіздім. Кеше сен оз мемлекетің, оның азаматтары туралы айтқан
кезде менің есіме осы әңгіме түсті. Сол кезде мен сенің көп сөздеріңнің таңқаларлық
кездейсоқтықпен Солонның сөзімен сәйкес келетінін тандана байқадым. Бірақ ол кезде
мен ешнәрсе айтқым келмеді, өйткені ұзақ уақыт өтіп кеткендіктен әңгіменің мазмұны
толық есімде қалған жоқ, сондықтан мен барлығының мән-жайын толық есіме түсіргенше
маған үндемеген дұрыс болар деп шештім. Міне, менің кеше сен ұсынған міндеттерді
қуана-қуана қабылдағаным соңдықтан: егер маған бұндай жерде әңгіменің негізіне өзіміз
келіскен нәрсені қою маңыздырақ болса, онда бізге ешнәрсеге алаң болудың қажеті жоқ
болып көрінді. Гермократ байқағандай, кеше бұл жерлерден кетіп үлгірмей жатып,
олармен әңгіме кезінде істің мән-жайын еске түсіре бастадым, содан соң жалғыз қалып,
түнімен барлығын толық есіме түсіруге тырыстым және есіме түсірдім де. Бала шағыңда
құлағыңа құйылған нәрсе есте әлдеқайда жақсы сақталады деген сөздің жаны бар сияқты.
Мен кеше естігенімді толық есіме түсіре аламын деп айта алмаймын; егер менің ертеде
естіген осы әңгімемнің бір нәрсесі есімнен шығып кетсе, мен таңданар едім. Өйткені, ол
кезде мен мұны шынайы балалық құмарлықпен тыңдаған едім, ал қарт менің үйреншікті
сұрақтарыма шын көңілімен жауап бергендіктен, балауызға отпен күйдіріп қалдырған
сурет тәрізді, бұл әңгіме менің жадымда өшпестей болып сақталып қалды. Ал бүгін
таңертең ерте әңгімеге арқау болуы үшін осы оқиғаны баяндауға бел будым.
Сөйтіп, ақырында істің мәніне жету үшін, Сократ, мен өзімнің әңгімемді қысқартып, бірақ
барлығын өзім естігендей мән-жайды қайталап айтуға келісемін. Кеше сен белгілі бір
мифтегідей етіп суреттеген азаматтар мен мемлекетті біз шындыққа жатқызамыз, сен
айтқан мемлекет осы біздің отанымыз, ал ондағы азаматтар, шындығында сол абыздар
әңгімелегендей, біздің бабаларымыз болып табылады. Сәйкестік дәл келеді және олар сол