265
біздің елімізде су осы уақытта да, басқа уақытта да, егіске жоғарыдан құйылмайды,
керісінше, өзінің табиғатына сай жоғарыдан көтеріледі. Осы себептен біздегі сақталған
аңыздар басқаларға қарағанда ежелгілеу, әрине, барлық оған қатты суық не ыстық кедергі
келтірмеген жерлерде, адамзат көп пе, аз ба мөлшерде өмір сүретіні шындық. Біздің елде
ме, басқа елде ме, қандай да бір керемет немесе ұлы іс болса, біз хабар алып отыратын
тамаша оқиға, біз сарайларда сақтайтын жазба болып қалады, сонымен бірге сендерде де,
басқа елдерде де, қала өміріне қажетті жазу қалыптасып, дамыған кезде сендердің
жерлерінде тек білімсіз және сауатсыздарды ғана қалдырып, аспаннан қайта-қайта індет
тәрізді тасқын су құйылады. Сөйтіп, сендер өз елдерінде немесе бізде ертеде не болғанын
білместен, дәл қазір туылғандай, барлығын қайта бастайсыңдар. Ең болмағанда, Солон,
тіпті сенің жаңа ғана баяндаған шежіреңді алайық — олардың балаларға арналған
ертегілерден айырмашылығы жоқ. Сендер тек бір топан суды білесіңдер, ал оған дейін
топан судың бірнешеуі болған; соған қоса, сендердің елдерінде небір замандарда тамаша
да, мейірімді адамзат тұқымы өмір сүргенін білмейсіңдер. Сен өзің және бүкіл сенің қалаң
сол рулар қалдырған аз ғана тұқымнан жаратылғансыңдар, бірақ сендер ол туралы
ешнәрсе білмейсіңдер, өйткені, сол кезде көптеген ұрпақтар өздері туралы ешқандай
жазбалар қалдырмаған. Сонымен қатар, Солон, сол ең күшті және бәрін жұтып кеткен
топан судың алдында қазір Афина деп аталатын әскери мәртебесі жағынан да,
заңдарының жетілгендігі жағынан да салыстырғысыз мемлекет болған; аңыздар оған
аспан аясында бізге белгілі істердің кереметін таңады".
Мұны естіген Солон, өзінің мойындауына қарағанда, жеңіліп, абыздардан ертедегі
афиналық азаматтар туралы толығымен және ретімен айтып берулерін жалынып сұрапты.
Абыз оған: "Маған, Солон, олар туралы әңгімелеп беру қиындық тудырмайды, сен үшін,
сендердің мемлекеттерің үшін, ең алдымен сендердің, біздің қалаларымызды өсіріп,
тәрбиелеген құдай үшін мен барлығын баяндап беремін. Сендердің ұрықтарыңды Гея мен
Гефестен қабылдап, бір мың жыл бұрын Афинаны, ал біздің қаланы кейінірек тұрғызды.
Сонда біздің қалалардың заңдарының ежелгіліктері сегіз мыңжылдықтан бұрынғы
жазбалармен анықталады. Сөйтіп, менің саған заңдары мен ұлы ерліктері туралы қысқаша
айтайын деген жерлестерің осыдан тоғыз мың жыл бұрын өмір сүрген; кейінірек, уақыт
болған кезде, біз қолдағы жазбалар арқылы барлығын жөндеп, ретпен анықтап аламыз.
Өзіңнің бабаларыңның заңдарын сен осындағы заңдар арқылы біле аласың: сен қазір
Египетте көптеген сол кезде қабылданған заңдарды табасың, ең алдымен, мысалы,
басқалардан ерекше абыздардың сословиесі, сосын басқалардың ісіне араласпай, тек өз
ісімен ғана айналысатын қолөнершілердің сословиесі, ең соңғысы, бақташылар, аңшылар
мен егіншілердің сословиесі, әрине, өзің байқағандай, әскери сословие басқалардан
бөлінген, оның мүшелеріне заң соғыстан басқа еш нәрсемен айналыспауды жүктейді.
Бұған біздің жауынгерлеріміздің қалқандармен және найзалармен жарақталғанын қос: бұл
қаруланудың түрі құдайдан берілген, сіздер өз жерлеріңізде бірінші болып енгізген
тәрізді, біз де оны Азияда бірінші болып енгіздік. Ал, ой қызметіне келсек, ғарышты
зерттей отырып, құдайлық ілімдерден адамдық ілімдерді бөліп алып, тіпті бал ашу өнері
мен денсаулық үшің күресетін емдеу өнері үшін, сонымен бірге осылармен қатар тұрған
барлық ғылымдар үшін біздің заң бастапқыдан - ақ қандай қамқорлық жасағанын өзің
көріп отырсың. Мемлекетті құра отырып, құдай бүкіл осы тәртіп пен құрылымды сіздерде
бұрынырақ енгізді, ал оны, жұмсақ климаттың әсерінен сіздердің зерделі адам болып
тууларыңыз үшін, қолайлы жер іздеуден бастады. Құдай балағат сөздер мен даналықты
сүйе отырып, өзіне ұқсас ерлерді тууға серт берген өлкені бірінші болып қоныстандырды.
Міне сіздер сол кездің өзінде жоғары дәрежеде жетілген тамаша заңдарға ие бола отырып,
құдайлардың ұрпақтары мен тәрибеленушілеріне сай қайырымдылығымен бәрінен озып,
сол жерді мекендедіңдер. Сендердің мемлекеттеріңнің, біздің жазбаларға қарағанда,