264
Сократ. Тамаша. Критий Солонның сөзінен айтқан, кезінде қалған, бірақ шындығында да
жасырылып біздің қала жасаған ол неғылған ерлік?
Критий. Мен өзі де ол кезде жас болмаған адамның аузынан естіген ежелгі әңгімені
айтамын. Иә, сол кезде біздің атамыз оның өзінің айтуынша, тоқсан жас шамасында
болған, ал мен — ең көп дегенде онда болдым. Біз дәл сол кезде Апатурияда Куреотис
мейрамын тойлап жатқанбыз және салт бойынша біздің әкелеріміз біздерге — ұлдарға —
өлең оқығанымыз үшін сыйлық беруге ұсыныс жасады. Әртүрлі ақындардың
шығармалары оқылды, соның ішінде көптеген ұлдар сол кезде жаңадан шыққан Солонның
өлендерін орындады. Сонымен Фратрияның бір мүшесі, шынында да сеніміне сай ма, әлде
Критийге жағымды болу үшін бе, Солонды барлық жағынан данышпан ғана емес,
сонымен қатар өзінің ақындық шығармашылығында ақындардың ішіндегі аса игі адам деп
есептейтіндігін айтты. Ал, шал, дәл қазіргідей есімде,— өте қуанды, жымиып, былай деді:
"Егер ол, Аминандр, поэзиямен жұлып - жарып емес, басқалар сияқты шындап айналысса,
егер ол осы жаққа Египеттен әкелген аңызын аяғына дейін жеткізсе, отанына қайтып келе
жатқанда оған кездескен бүліктер мен басқа да бәлелердің кесірінен қол үзіп кетпегенде!
Менің ойымша, Гесиод та, Гомер де, ешбір басқа ақын да одан даңқымен асып түспес еді".
"Критий, ал ол қандай аңыз еді?" — деп сұрады анау. "Ол, — деп жауап берді біздің
атамыз, — біздің қаланың жасаған басқалардың ішінде ең атақты болуға лайық, бірақ
уақыттың себебімен және ол әрекетті жасаушылардың өліміне байланысты ол әңгіме бізге
жетпей қалған бір ұлы істерінің біріне арналған". Қандай жағдайда не болғанын, шындық
деп Солон айтқан шежірелерді оның кімнен естігенін басынан бастап айтшы, — деп
сұрады Аминандр. "Египетте,
—
деп бастады біздің атамыз, — Дельтаның шыңында, Нил
бөлек-бөлек ағыстарға бөлінетін жерде, Саисск деп аталатын ном бар; ол номның басты
қаласы — Саис, Амасис патша, сол жерден шыққан. Ол қаланың қорғаушысы — египетше
Нейт деп аталатын құдай, ал эллиндерше, тұрғылықты халықтың айтуынша, ол — Афина.
Олар афиндықтарды жақын тартып, олармен туыстыққа дәмеленеді. Солон, өзінің саяхаты
кезінде ол жаққа келген кезде, оны өте үлкен құрметпен қарсы алғанын айтады; ол
іштеріндегі ең білгір абыздан ертедегі кез туралы сұрастырған кезде, өзінің, тіпті ешбір
эллиндіктің, ол туралы түкте білмейтініне көзі жеткен екен. Бірде, әңгімені ертедегі
аңыздарға бұру мақсатында, оларға біздің ежелгі оқиғалар — алғашқы адам деп
құрметтелетін Фороней туралы, Ниоб туралы және Девкалион мен Пирраның су тасқынын
бастан кешкені туралы мифтерді айтпақ болған; сонда ол ұрпақтардың шежіресін жасап,
сонымен қатар сол уақыттан бергі ұрпақтардың саны арқылы өткен уақытты есептеп
шығармақ болған. Сол кезде жасы ұлғайған бір абыз: "Ах, Солон, Солон! Сендер
эллиндықтар мәңгілік бала болып қаласыңдар, эллиндықтардың арасында кәрі жоқ", —
деп айғайлап жіберген. "Сен неге олай дейсің?", — деп сұрайды Солон. "Сендердің
барлықтарың ақыл жағынан жассыңдар,— деп жауап береді ол,— Өйткені сендердің
зерделерің рудан руға жеткен ешбір аңызды, уақытпен қартайған ешбір ілімді сақтай
алмайды". Оның себебі мынада: Адам өлімдерінің көптеген және әртүрлі жағдайлары
болған және болады да, оның ең қатерлісі — от пен Судан, ал басқалары, одан сәл
маңыздылары — мыңдаған басқа қауіптерден. Сендерде Гелиостың ұлы Фаэтон туралы
аңыздың: бір кездерде әкесінің арбасын жегіп, бірақ оны әкесінің жолына бағыттай алмай,
содан соң Жердегінің бәрін өртеп, найзағай түсіп өзі де өлген, тарау содан. Бұл аңызда
мифтің бейнесі бар деп ойлайық, бірақ онда шындық та бар: Аспанда жерді айналып
жүрген денелер, шындығында да, өз жолынан шығып кетеді, сондықтан белгілі бір уақыт
аралығында жердегінің бәрі үлкен өрттен құрып кетеді. Осындай уақытта таулар мен
жоғарырақ тұрған жерлердің немесе құрғақ жерлердің тұрғындары, өзендер мен
теңіздердің маңайындағыларға қарағанда, көбінесе толық құрылысқа тап болады,
соңдықтан біздің үнемі мейірімді Нил осы бәледен тасып, бізді құтқарады. Біздің
құдайлар, жерді тазарту үшін, оны суға батырып, сендердің қалаларындағы тұрғындар
теңізге ағып кеткен кезде таудағы өгіз жаюшылар мен малшылар аман қалады; бірақ