Page 262 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

262
Сократ. Сөйтіп, әркім өзінің табиғатына сай өзіне ғана келетін кәсіптің түрін, бір ғана
өнерді иеленетінін анықтаған соң, біз: басқалар үшін соғысатындарға іштен немесе
сырттан кез-келген зәбірге қарсы тұратын сақшы болудан басқа ешнәрсе қалмайды деп
шештік; олар өздеріне бағыныштыларға, табиғатындағы өз достарына, әділеттілік жасауға
міндетті, ал өзін жау ғып көрсеткендермен соғыс кезінде қатал болу керек.
Тимей. Өте дұрыс.
Сократ. Сонымен бірге, біз, бүл сақшылардың жаны керек кезінде басқалармен қарым-
қатынаста өздерін қайырымды да, қатал ұстай алуы үшін, табиғатынан албырт, барынша
философиялық болуы керек.
Тимей. Иә.
Сократ. Ал тәрбиені қайтеміз? Оларды гимнастикаға жаттықтыру керек қой, рас емес пе?
Тимей. Енді ше!
Сократ. Сонымен қатар, біз олар осы жаттығулардың барлығын өткен кезде, олар алтынды
да күмісті де, басқаны да өзінің жекеменшігі деп есептемеуі керек дедік. Оның орнына
олар өздерін күзететіндерден өздерінің қажетіне ғана жететін ақы алады және барлығы
бірігіп жұмсайды, бірігіп ортақ үстелден тамақтанады. Олар қайырымдылықта бір-бірімен
үзіліссіз жарысып отыруы қажет, ал басқа жұмыстан оларды босату керек.
Тимей. Дәл осылай айтылған болатын.
Сократ. Әңгіме әйелдер туралы да болған, біз олардың табиғи бейімділіктерін ер
адамдардың табиғи бейімділіктерін дамытқандай дамыту керек және олар барлық
ерлердің соғыстағы да, күнделікті тұрмыстағы да шұғылданатын істерін бөлісуі қажет деп
шештік.
Тимей. Иә, солай деп шешілген.
Сократ. Ал ұрпақ жалғастыру ше? Бұл, әрине, өзінің ерекшелігімен жақсы есте қалған
болар. Әңгіме некеге және бала тууға қатыстының барлығы ортақ болуы керек екендігі
туралы және біз ешкім және ешқашан қай сәби өзінен туғанын, білмеуі керектігі, бірақ
әркім кез-келген сәбиді туғанындай сезінуі, уақыты жағынан туғанына жақынды — бауыр
және қарындастар ретінде, ал үлкендер мен кішілерді соған сәйкес ата-ана, не ата-ананың
ата-анасы, бала, не немере ретінде қабылдауы керек дегеніміз рас емес пе?
Тимей. Иә, мұны шынымен де, сен айтқандай, оңай есте сақтауға болады.
Сократ. Содан соң, біз, сенің есіңде болса, мүмкіндігінше жақсы ұрпақ қалдыру үшін, екі
жақтың да лауазымды адамдарына некеге отыру үшін қулықпен жеребе тастау арқылы,
жақсылар мен жамандар өздеріне лайықтымен қосылуы үшін, ешкім қанағатсыздық
сезінбеуі керек, бірақ барлығы мұны тағдырдың салғаны деп есептеуі керек дедік.
Тимей. Иә, мен есіме түсіріп отырмын.
Сократ. Содан соң, жақсы ата-ананың балалары тәрбиелеуге беріледі, ал жаман ата-
ананың балалары қаланың басқа бөлігіне жасырын берілуі керек. Олар жасына жеткен
кезде билеушілер аналарға да, басқаларға да көз салып жүруі қажет, сөйтіп лайықтыларын
бұрынғы орнына қайтаруы керек те, ал лайықсыздарын қайтарылғанның орнына жіберу
қажет. Солай емес пе?
Тимей. Иә.
Сократ. Жарайды, құрметті Тимей, бізге кешегі әңгіменің желісін қалпына келтіру
қолымыздан келді ме, әлде біз бірдеңені ұмыт қалдырдық па?
Тимей. Жоқ, Сократ, сен кешегі біздің айтқанымыздың бәрін айтып шықтың.
Сократ. Онда біздің мемлекеттік құрылымның нобайы менде қандай сезім қалдыратынын
тыңдаңдар. Бүл сезім әлдебір суретке салынған текті, сұлу, тіпті тірі, бірақ қозғалыссыз
андарды көргендегідей сезімге ұқсайды: күрес кезінде аңғаруға болатын олардың
денелерінің орналасуы шығаратын күш, қозғалыс кезінде болатындығын қайткенде де
көргің келеді. Дәл сондай сезімді мен өзіміздің бейнелеген мемлекетке қатысты да
сезінемін: маған ол мемлекеттің басқа мемлекеттермен күресте өзін қалай ұстағаны,
лайықты түрде соғысқа кіріскені, басқа мемлекеттердің әрқайсысымен ұрыс-керіс бол сын