260
Ондайларға ақша төлесең болды, қазір-ақ қалағаныңша жетіп келеді.
Итіммен ант етемін, меніңше, сен тағы да қай қайдағы жатып ішерлер мен қашып-
пысқандар туралы сөз бастадың.
Сен бұны дұрыс байқадың.
Сонда қалай? Тиран жергілікті оққағарлары болуын қаламай ма?
Қалай?
Ол адамдардан құлдарын тартып алып, оларды азат етіп өзінің тиын - тебеншісі
етіп қояды.
Шынында да, сонымен бірге олар ең берілген адамдары болып шығады.
Ол бұрынғы шынайы адамдардың көзін жойып жіберді де, енді мынадай адамдар
оның берілген досы болғаны үшін, сен тиранды шат-шадыман адам дегің келеді ме
сонда?
Ол осындай адамдарға қанағат етуге мәжбүр.
Оның бұл сыбайластары оған қайран қалады, адал адамдар одан бойын алыс ұстап,
қашқақтайды да, ол осы жаңа азаматтармен араласады.
Сөзсіз.
Тегін емес, трагедиялар жазу — қиын іс болса керек, өйткені бүл істе Эврипид
көзге ерекше түсті ғой.
Сенің не айтқың келіп тұр сонда?
Оның терең мағыналы бір сөзі бар:
Тирандар ақылды , өйткені дана адамдармен араласады.
Ол тиранды данагөйлермен араласып жүр деп есептейді, бұл анық.
Оның және басқа ақындардың қалай тирандық билікті және осы істің ішінде орын
тепкен басқа да көптеген нәрселерді жер-көкке сиғызбай мақтағанын көрдіңіз бе!
Сондықтан, трагик ақындар сондай ақылды екен, олай болса олардың тирандық
билікті мадақтағаны үшін, егер біз оларды өзіміздің мемлекетімізге қабылдамасақ,
олар бізді және біздің қоғамдық құрылысқа байланысты көзқарасымызға оң көзбен
қарайтындардың бәрін кешірсін.
Менің ойымша, олар бізді кешіреді, қалай болғанда да олардың ішіндегі
сыпайылары бізді кешірер.
Басқа мемлекеттерді аралап шығып, қалың тобырды жинап алып, атқарушыларды
керемет, күшті, әсер қалдыратындай дауыстармен жабдықтап, олар халықты тирания
мен демократияға тарта бастайды.
Иә, бұл істе қолынан келгенін аямайды.
Ол аз ба, олар сыйлық алады, оларға тирандар тарапынан, табиғи түрде, бәрінен
көп құрмет көрсетіледі, ал екінші орында — демократиядан да. Олар неғұрлым
мемлекеттік биліктің шыңына көтерілсе, соғұрлым әрі қарай жүруге демі таусылып
бара жатқандай, олардың сый - құрмет көрсетуі әлсірей бастайды.
Шынында да солай.
Бірақ біз тақырыбымыздан ауытқып кеттік, ал енді тиранның сансыз көп, тамаша,
түрлі-түсті, ылғи өзінің құрамын өзгертіп отыратын әскеріне қайта оралайық та, оның
қандай қаражатпен күн көріп жатқанын қарастырайық.
Сірә, тиран, егер мемлекеттің ғибадатхана үшін бөлінген ақшасы болса, әзірге
содан алып шығындарды жабу мүмкіндігі болғаны үшін, ол халыққа салынған
салықты азайтады.
Ал бұл қаражат біткен кезде ше?