Page 258 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

258
"Тиран адам"
Мұндай қолшоқпардың тиранға айналуы неден басталады? Қандай болғанда да,
Аркадиядағы Ликей Зевсінің ғибадатханасы турасында айтылып жүрген аңызда да ол
тура сондай әрекет жасайтыны анық.
Қандай әрекет?
Құрбандыққа шалынған малдың етімен бірге, майдалап туралған адамның ішек
қарынның дәмін татқан адам қасқыр болудан қашып құтыла алмайды дейді, әлде сен
мұндай сөзді естіген жоқсың ба?
Естігем.
Халықтың өкілдері де солай емес пе? Қолының астында шектен тыс тіл алғыш
тобыр болып тұрып, ол өзінің қандастарының дәмін татудан құр қала ма екен?
Керісінше, әдеттегіше, ол әділетсіз айыптаулармен оларды сотқа тартып, адамның
өмірін жоямын деп, өзін өзі арамдайды; өзінің былапыт ауызымен қандастарын қалай
өлтіргенін аузынан суы құрып айтып береді. Ол қуып жіберу арқылы жазаландырып,
қорқынышты жазаға тартқызып, сол екі арада қарыздардың кешіріліп, жердің
бөлінетін айтып елді дәмелендіріп қояды. Осының бәрінен соң, мұндай адам үшін екі
нәрсе қалмай ма: я өзінің дұшпандарының қолынан өлу, я болмаса тиран болып,
адамнан қасқырға айналып кету?
Иә, бұл қашып құтыла алмайтын шындық.
Ол — мал-мүлік иелеріне қарсы көтеріліс жасауға шақыратын адам.
Ия, ол сондай.
Егер ол жеңіліске, қуғынға ұшырап, сосын дұшпандарына қасақана қайтып оралса,
ол бұл жолы әбден кемелденген тиран болып қайта оралады.
Бұл анық.
Егер оны қуғынға ұшыратқандардың оны қайта құлатып, халықтың алдында
әшкерелеп, жазаға бұйыруға шамасы келмесе, демек, олар жасырын өлтіруді
ойластырып жатқан болу керек.
Әдетте осылай болады.
Тирандар тарапынан жалпыға белгілі талап осы жерден шығады: олар осындай
билікке қол жеткізер жеткізбес халықтың қолдаушысына зақым келмесін деп, халыққа
өздері үшін оққағар тағайындауын бұйырады.
Міндетті түрде осылай жасайды.
Халық, әрине, оған береді, өйткені оның өмірі халық үшін қымбат, ал өз өмірі үшін
әзірге толық сенімді.
Сөзсіз.
Ал бұны ақшасы бар, ақшасымен бірге халықты жек көруге себебі бар адам көрген
кезде, ол, досым, дереу Крезге айтылған сәуегейліктегідей болып шығады:
...Гермнің құмды жағалауларына. Қорқақ деген аты шығып кетуден ұялмай, алды артына
қарамай безіп келеді.
Екінші рет оған ұялуға тура келмейтін еді.
Оны ұстап алса, өлім жазасына бұйыратын еді.
Сөзсіз.
Ал ана халықтың қолшоқпарының "айбынды...ұлы кеңістікте", жатпағаны анық,
бірақ көптеген адамдарды осы халге түсіріп, өзінің мемлекетінің доңғалақты
арбасының үстінде халық өкілі сияқты емес, кемелденген тиран сияқты тіп-тік тұр.
Әрине.