Page 257 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

257
Солай.
Ал бұл жерде олар оған қарағанда одан да улы.
Неге?
Ол жерде олардың қадірі жоқ, керісінше, оларды лауазымды қызметтерінен алып
тастайды, сондықтан олардың жаттығып, күш жинайтын жағдайы жоқ. Ал
демократияда олар, сирек жағдайларды қоспағанда, ең баста тұрады десем артық
айтпаған болар едім: жатып ішерлердің ең ұлысы сөз сөйлеп, әрекет етеді, ал
қалғандары тақтайшаға жақын отырып алып, ызылдайды да, басқалардың басқадай
сөйлеуіне жол бермейді. Сонда мұндай мемлекеттік құрылыс тұсында аз ғана нәрсені
есептемегенде, бәрін жаңағыдай адамдар басқарады екен ғой.
Әрине.
Тобырдың ішінен ылғи басқа бөлігі де көзге түсіп қалады...
Қандай?
Іскерлердің ішінде көбінесе ең байлары болып жаратылысына қарай реттелгендер
шығады.
Әлбетте.
Жатып ішерлер ең көп балды солардан жинап алады.
Балы аздардан қалай бал аласың?
Мұндай байларды әдетте жатып ішерлердің керезі деп атайды.
Солай шығар.
Үшінші топты халық құрайды — олар өз қолымен еңбек етеді, жеңіл - желпіден
аулақ, олардың мал-мүлкі де көп емес. Олардың саны бәрінен көп, әсіресе, бәрі бір
жерге жиналса демократиялық құрылыста ықпалы күштірек.
Иә, бірақ оларға тиісті балдың мөлшері берілмей қалса, олардың бұны жиі жасауға
ниеті жоқ.
Олар әрқашан сыбағасын алмай ма, өйткені билік басындағыларда байлардың мал-
мүлкін тартып алып, халыққа таратып беру мүмкіндігі бар, бірақ, әрине, олар үлкен
бөлігін өздеріне қалдырады.
Осындай тәсілмен олар ылғи өз үлесін алады.
Ал мал-мүлкі тәркіленгендер кейде қорғанысқа көшуге, халық жиналысында сөз
сөйлеп, қысқасы, қолынан келгенше әрекет етуге мәжбүр болады.
Әрине.
Олар төңкеріс жасауға ұмтылмаса да, кейбіреулер оларға бәрібір халыққа қарсы
қастандық жасады және олигархияға қарай ұмтылды деп айып тағады.
Сосын?
Ақырында, олар жала жабушылардың тұзағына түсіп қалған халықтың ашумен
емес, білместіктен олардың сазайын тартқызуға дайын екенін көреді де, қаласа да,
қаламаса да, шын мәнісінде олигархияның жолын қуушылар болып шыға келеді.
Олардың бүл жерде кінәсі жоқ: жаңағы айтып кеткен жатып ішер оларды шағып алды
да, соның салдарынан оларда осындай қастандық пайда болды.
Әлбетте.
Айып тағулар, істі сотта қарау, айтыс-тартыс басталады.
Әрине.
Ал халық бір адамның жеке басын ерекше мадақтап, бәйек болып, оны ұлылар
санатына жатқызуға үйренді емес пе?
Әрине, үйренді.
Демек, тиран пайда бола бастаған кезде, ол тура соның тамырынан, яғни халықтың
қолшоқпары сияқты шығатыны анық емес пе.
Иә, ап-анық.