Page 255 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

255
Ал байлыққа тойымсыздықпен ұмтылу, ақша табудан басқаның бәріне менсінбей
қарау олигархияның түбіне жетті.
Рас.
Ондай болса, демократияның ізгілік деп білгені және оның тойымсыз ұмтылатын
нәрселері оның түбіне жетеді.
Ол нені ізгілік деп біледі?
Еркіндікті. Демократиялық мемлекетте тек еститінің: еркіндіктің керемет жақсы
екені, табиғатынан еркін адамдарға тек қана осындай мемлекетте өмір сүру керек.
Иә, мұндай сөздер жиі айтылып жүр.
Сонымен, жаңа ғана айтып кеткенімдей, мынадай бір нәрсеге тойымсыздықпен
ұмтылу және қалғанына менсінбей қарау бұл құрылысты бұрмалайды және тиранияға
деген қажеттілікті дайындайды.
Бұл қалай?
Демократиялық құрылыс және еркіндік көксеген мемлекеттің басына шарап
құйғыштарға келу нәсіп болса, мемлекет "су қосылған" еркіндікке шамадан тыс мас
болады, ал егер өзінің лауазымды тұлғалары жеткілікті мөлшерде кішіпейіл болмаса
және өздеріне толық еркіндік бермесе жазаландырып, оларға олигархиялық жексұрын
ауытқу айыбы тағылады.
Иә, бұл дәл солай болады.
Билік басындағылардың тілін алғыш азаматтарды ол жерде түкке тұрмайтын ерікті
құлдардай қара күйемен араластырады, ал қол астындағыларға ұқсайтын басшылар
және басшыларға ұқсайтын қол астындағылар ол жерде мақтау естіп, жеке өмірінде
және қоғамдық тіршілікте сый-құрмет көреді. Мұндай мемлекетте барша нәрсеге
еркіндік жайылып кетпей ме?
Енді қалай деп едің?
Досым, ол жеке үйлерге де кіріп кетеді, тіпті ең ақырында үйдегі малға да
тыңдауды үйретеміз.
Мұны қалай түсінуге болады?
Иә, мысалы, әкесі баласына бейімделуге әдеттеніп кетеді де, ұлдарынан қорқа
бастайды, ал баласы әкесінен де жоғары орын алуға үйреніп кетеді; ол жерде
үлкендерді сыйламайды және ата-анадан қорықпайды (бәрі де еркіндікті
сылтауратады), келімсек жергілікті азаматпен тең болып кетеді, ал азамат —
келімсекпен; бөтен елден келгендердің басына да осындай жағдай келеді.
Иә, осылай да болады.
Сондай-ақ, түрлі басқа ұсақ-түйек нәрселер: мұндай тәртіпте мұғалім оқушылардан
қорқады және олардың алдында құрдай жорғалайды, ал оқушылар мұғалімдері мен
тәлімгерлерін еш сыйламайды. Жалпы алғанда, жастар ересектерге еліктей бастайды,
олармен пікір таластыруда және шаруаларда бәсекеге түсе бастайды, ал үлкендер
сүйкімсіз және өктем көрінбеу үшін, жастарға бейімделіп алып және оларға еліктеп,
әзілдесіп - қалжыңдасады.
Өте дәл аңғарғансыз.
Бірақ шексіз еркіндік мұндай мемлекеттің халқы үшін сатып алынған құлдар мен
күңдердің еркіндігі өздерін сатып алғандардың еркіндігінен кем емес. Иә, біз ол жерде
әйелдер үшін еркектерге қатысты қандай, еркектер үшін әйелдерге қатысты қандай
тендік пен еркіндік бар екенін айтуды ұмытып кете жаздаппыз.
Эсхилдің сөзімен айтқанда, "біз енді ауызымызға келгенді айтамыз".
Тура, мен де солай деймін. Басқа жерлерге қарағанда, бүл жерде адамға
бағынышты жануарлардың халы еркінірек,— бұған өз көзіммен көрмесем сенбес едім.
Тура мына мақалдағыдай: "Иттер — олар қожайындар", аттар мен есектер бұл жерде
паңданып және өздеріне жол бермей, қарсыдан келе жатқандарды ығыстырып, түгел
еркін сөйлеуге үйренген! Сөйтіп барша қалған нәрселерді де еркіндік кернеп кеткен.