Page 254 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

254
кетпесе, сондай-ақ, оның жасы біраз ұлғайып, басты абыржулы албырт сезімдер
келмеске кеткен соң, ол біртіндеп өзінің қуып жіберген құмарлықтарына қайта
оралады, оның жан сарайына басып кіргендерге толығымен берілмейді, оның
өміріндегі
тілектерінде
тепе-теңдік
орнайды:
ол
әрқашан
толығымен
қанағаттандырғанша жеребемен түскен біреуіне бағынады, ал содан кейін барып басқа
тілегіне бағынады, сонымен бірге ол оның ешқайсысын кері қайтармайды, бәрінен
бірдей қоректенеді.
Әрине.
Қалай болғанда да, ол дұрыс пікірді қабылдамайды, оны өзінің жан сарайына
кіргізбейді, егер кім де кім оған кейбір ләззаттар керемет жақсы, ал кейбіреулері —
жаман құмарлықтардың нәтижесінде болады, кейбір құмарлықтарды одан әрі
жетілдіріп, құрметтеу керек екендігін, ал басқаларының алдын алып, жою керек
екендігін айтса, ол оған басын шайқайды да, құмарлықтардың бәрінің бірдей екендігін
және тең құрметке ие болулары керек екендігін айтып жауап береді.
Мұндай адамдар тура осылай жасайды.
Мұндай адам күнде ақылына бірінші келген құмарлығына жарымсақтанып өмір
сүреді: ол біресе сырнайдың сүйемелдеуімен ішімдікке салынады, біресе тек қана су
ішіп, өзін өзі қинап азаптайды, біресе дене шынықтырумен әуестенеді; ал кейде
жалқаулығы ұстаған кезде еш нәрсе де жасағысы келмей қалады. Кей кездері ол
философиялық деп сенетін сұқбаттармен уақыт өткізеді. Ол қоғамдық жұмыстармен
жиі шұғылданады: ойда жоқта атып тұрып бірдеңені айтып салады да, соны
орындайды. Ол әскери адамдармен әуестене қалса - солар жаққа қарай ауып кетеді, ал
егер іскер адамдармен әуестене қалса — енді сол жаққа қарай ауып кетеді. Оның
өмірінде қажеттілік үстемдік жүргізетіндей тәртіп жоқ: ол бұл өмірді сүйкімді, еркін
және ләззат толы деп біледі, оны ылғи солайша қолданады да.
Сен бәріне немқұрайдылықпен қарайтын адамның өмір салтын өте жақсы көрсетіп
бердің.
Мен мұндай адамды өзінің мемлекеті сияқты сан - алуан түрлі, көп жүзді, әсем әрі
алабажақ деп білемін. Мемлекеттік құрылыс пен моральдің сан - алуан үлгілерін
бойына сіңдірген осындай өмірге көптеген ер адамдар мен әйелдер қызғаныш
сезімімен қарайды.
Иә, солай.
Сонда қалай? Біз енді мұндай адам демократиялық құрылысқа сай келеді,
сондықтан да оны демократия адамы деп айта аламыз деп ұйғара аламыз ба?
Ұйғара аламыз.
Бірақ біз әлі ең керемет мемлекеттік құрылыс пен ең керемет адамды
қарастыруымыз керек: бұл тирания және тиран.
Тура солай.
Тирания
Ендеше, сүйікті досым, тиранияның қалай пайда болатынын қарастырайық. Оның
демократиядан туындайтыны анық.
Анық.
Олигархиядан демократия туындағанындай, демократиядан тирания туындайтын
болғаны ма?
Яғни?
Олигархияның байлықтың нәтижесінде орнағаны сияқты, ақырғы мақсат ретінде
алға қойылған ізгілік — байлық болып шықты, солай емес пе?
Иә.