253
кейбір құмарлықтарына жақын және ұқсас құмарлықтар сырттан көмек көрсеткен
кезде осылайша өзгереді.
Иә, сөзсіз.
Менің ойымша, бұған қарама-қарсы оның олигархиялық бастауына бір нәрсе көмек
көрсеткен жағдайда, бұл әкесінің немесе отбасының басқа мүшелерінің ақыл-кеңесі
немесе ұялтулары болсын, оның ішінде бұған қарсы ашу-ыза және қарсыласу сезімі
пайда болады, сондай-ақ ол өз-өзімен күресе бастайды.
Әрине.
Кейде, меніңше, демократиялық бастау олигархиялық бастауға жол береді,
құмарлықтардың бір бөлігі жойылады, кейбіреулері қуып шығылады, бозбаланың
жүрегінде қаңдай да бір ар-ұят қылаң береді де, біртіндеп бәрі тәртіпке келе бастайды.
Кейде осылай болады.
Бірақ, кейін, менің ойымша, қуып шығылған құмарлықтарға жақын басқалары
біртіндеп жетіліп, әкесінің жақсы тәрбиеші болмауының салдарынан көбейіп әрі
күшейіп алады.
Әдетте осылай болады.
Олар бозбаланы бұрынғы ортасына қайта тарта бастайды да, бұл жасырын
құмарлықтан көптеген басқа құмарлықтар туындайды.
Әрине.
Ең соңыңда, меніңше, олар оның жан сарайы бос екенін байқап қалып, оны
бозбаладан тартып алады, өйткені ол жерде не білім жоқ, не жақсы тәжірибе жоқ, не
шынайы айтылған сөздер жоқ — құдайдың сүйетін құлдарының парасатын ең жақсы
қорғаушылар мен күзетушілер жоқ.
Еш күмәнім жоқ.
Менің ойымша, олардың орнына жаңсақ пікірлер мен мақтау айту арқылы оған
шабуыл жасап, бозбаланың жан сарайын басып алады.
Сөзсіз.
Міне, бұдан соң ол қайта сол лотофагтарға қайтып келеді де, ашықтан-ашық сол
жерге қоныстанып алады. Егер оның туыстары оның жанының құнттылық
бастауларын құтқаруға әскер жіберсе, оның мақтау сөздері патша қамалының
қақпаларын тас қып жауып тастайды да, одақтас әскерлерді де кіргізбей қояды, тіпті
елшілерді де қабылдамай қояды, яғни жасы үлкен әрі ақылды адамдардың парасатты
дәлелдерін, олар жай ғана жеке тұлға болғанына қарамастан, тыңдамай қояды;
құнттылық бастаумен болған шайқаста олар жеңеді де, қуып шығарылған
арсыздықпен бірге ар-ұятты қуып шығып, оған "ақымақтық" деп айдар татады, ал
парасаттылыққа "батылсыздық" деп айдар тағып, қара күйе жағып, лақтырып
тастайды. Қаражат жұмсаудағы ұстамдылық пен тәртіпті ауылды жердің надандығы
және опасыз сипаты деп білетін олар көптеген пайдасыз әрі орынсыз тілектеріне
сүйене отырып, оларды өздерінің маңына жуытпай қояды.
Иә, бұның даусыз екені рас.
Бозбаланың жаулап алған рухын босатып тазартып, ұлы сырлармен таныстырған
соң, одан кейін оны көп дауысты хордың қостауымен осылайша ұждансыздық,
жүгенсіздік және азғындыққа түсіріп жетелеп әкетеді, бұл жаман қасиеттерге жұмсақ
сөздермен мақтау айтып: ұждансыздықты — білімділік, жүгенсіздікті — еркіндік,
азғындықты — батылдық деп атап, бастарына тәж кигізеді. Қажетті құмарлықтар
аясында тәрбиеленген адам жасөспірім шағында - ақ қажетсіз және пайдасыз
құмарлықтарды дөрекілікпен құп көре бастайтыны рас қой?
Иә, бұл тура солай.
Сосын мұндай бозбаланың өмірінде, менің ойымша, қажетті ғанибеттерге ақша
жұмсау, күш салысу және уақыт бөлу қажетсіз нәрселермен салыстырғанда еш
көбеймейді. Бірақ, егер, оның бақытына орай, вакханалияға есі түгелімен ауып