252
Жарайды.
Біздің
құтыла
алмайтын
құмарлықтарымызды,
сондай-ақ,
олардың
қанағаттандырылуы бізге пайда келтіретіндерін әділдікке жүгініп, қажетті
құмарлықтар деп атасақ та болады: бұған да, басқасына да табиғатымызға сай шарасыз
бағынамыз. Солай емес пе?
Демек, бұл бейімділіктеріміз жайлы "қашып құтылмас бейімділіктеріміз" деп
айтуға құқылымыз ғой.
Иә, құқылымыз.
Сонда қалай болғаны? Ал егер кішкене жастан күшін салып тырысса құтылып
кететіндей екен және оның үстіне олар ешқандай жақсылық әкелмейді, ал кейбіреуі,
керісінше, жамандыққа әкеліп соқтырады емес пе? Оларды қажеті жоқ деп атағанымыз
дұрыс болар.
Иә, әбден дұрыс.
Алдымен құмарлықтың екеуінің де үлгілерін алып қарастырсақ қайтеді, сосын
олардың жалпы үлгісін берсек қалай қарайсың?
Иә, солай жасау керек.
Қоректену қажеттілігі, яғни нан мен тамаққа қатық қату адамның денсаулығы
мықты және өзін жақсы сезінуі үшін қажет емес пе?
Мен де солай деп ойлаймын.
Нан жеу қажеттілігі екі қатынаста қажет, өйткені ол біз үшін пайдалы және адам
тіршілік еткен уақыт бойынша ол тоқтамайды.
Иә.
Тамаққа қатық қату өзіңді жақсы сезіну үшін қажет болғаны үшін, қатықтың
қажеттілігі керек.
Әрине.
Ал енді бұған қосымша, яғни басқа мол тағамға деген құмарлықты қайтеміз? Егер
бұл құмарлықты кішкене жастан жүгендеп, оны тәрбиелеу арқылы алшақтатса, көбісі
одан құтылып кететін еді: өйткені ол парасат пен естілікті жетілдірмейді, ағзаң мен
жаның үшін зиянды. Мұны қажеті жоқ деп атасақ дұрыс болар.
Иә, тіптен дұрыс.
Бұл құмарлықтарды жоқшылыққа ұшырататын, ал басқаларын жұмысқа көмегі
тигені үшін кірісі мол деп атасақ қайтеді?
Иә, әрине.
Махаббат және соған ұқсас басқа да құмарлықтар туралы да осылай айтамыз.
Иә, тура солай.
Біз қазір ғана "жатып ішер" деп ат қойған адамның бойын түгелімен айырылып
қалған тілектері мен құмарлықтары қажеттіліктерінің ықпалы кернеген, ал құнтты,
олигархиялық типтегі адамның бойын тек қана қажетті құмарлықтар билеген.
Әрине.
Енді олигархиялық адамнан қалай демократиялық адам шығатынына қайтып
оралайық. Меніңше, бұл көбінесе былай жүзеге асады...
Қалай?
Жаңа ғана айтып кеткеніміздей, егер тиісті тәрбие алмай, құнттылық жағдайында
өскен бозбала кездейсоқ жатып ішудің дәмін бір татса және өзіне әр түрлі алабажақ
сан - алуан ләззаттар таттыратын қауіпті әрі жыртқыш андардың арасына түсіп қалса,
бұл олигархиялық типтен демократиялық типке өтудің басы болып табылатынына
сенуіңе болады.
Иә, бұл сөзсіз болатын нәрсе.
Мемлекетте оның кейбір азаматтарына олардың көзқарастарының ұқсастығының
себептерінен тыс көмек көрсетілген кезде төңкеріс жасалғанындай, бозбала да оның