Page 250 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

250
Енді қалай болсын?
Олардың есі-дерті қайтсем оңай олжа табамын, одан басқада ісі жоқ, ал ізгілік
турасына келсек, олардың бүл жайлы кедейлерден артық қам жемейтіні анық.
Иә, ешқандай қам жемейді.
Міне, билік басындағылардың да, оларға бағынышты адамдардың да жағдайы
осындай. Қалай болғанда да, олар саяхаттарда болсын, басқа түрлі қатынастарда
болсын, бір бірімен тығыз байланыста болады: мерекелік тамашаларда, әскери
жорықтарда, бір кеменің ішінде, бір әскердің ішінде болады; ең ақыры, қауіп-қатерде
де бірге болады, және осы жағдайлардың ешбірінде кедейлер байлардың көз алдында
жеккөрінішті болып көрінбейді. Керісінше, әбден солғын тартқан, күнге қақталған
кедей адам шайқас барысында көлеңкеде салқындап өскен, бөтен адамның есебінен
әбден семіріп алған бай адаммен қатар келіп қалғанда, оның қалай есі шыққанын
көреді. Сеніңше, бұл кедей адамның ақылына мұндай адамдар тек әйтеуір кедейлердің
қажырсыздығының арқасында бай боп жүргені туралы ой келмейді той деймісің, бөтен
көздерден таса бір жерде осындай кедей адаммен кездескенде ол оған "біздің
мырзаларымыз түкке тұрмайтын адамдар" деп айтпайды ғой деймісің?
Кедейлердің осылай айтатынына менің күмәнім жоқ.
Кеселге шалдыққан дененің тепе-тендігін бұзып, одан сайын нашарлауы үшін,
сырттан болар болмас соққы болса жетіп жатыр, — ал кейде оның проблемалары
сырттан келген соққысыз - ақ болады, — мемлекет те сол сияқты жағдайға душар
болып, кеселге шалдыққан кезде және өз-өзімен болар болмас себеп үшін соғысқан
кезде, оның үстіне оның кейбір азаматтары олигархиялық мемлекет тарапынан келген
көмекке сүйенеді, ал кейбіреулері — демократиялық мемлекеттің көмегіне; солай бола
тұрса да, кейде ішкі қақтығыстар сырт килігусіз - ақ пайда болады.
Тіпті, өте жиі десек болады.
"Демократия"
Демократия, меніңше, кедейлер жеңіске жеткен соң, өздерінің кейбір
дұшпандарының көзін жойып, кейбіреулерін қуғынға ұшыратын, ал қалғандарының
азаматтық құқықтары мен мемлекеттік лауазымдық қызметтерге ие болу мүмкіндігін
біркелкі етеді, ал демократиялық құрылыста көбінесе жеребе тастау арқылы шешіледі.
Иә, демократия тура осылай орнайды, бұл қарудың күшімен болады, я болмаса
олардың қарсыластары қорыққаннан біртіндеп ығысады.
Адамдар мұндай құрылыста қалай өмір сүреді? Мұндай мемлекеттік құрылыс
қалай болғаны? Сонда демократиялық мінез-құлыққа ие болатын адамдарға да әсері
тиетіні анық қой.
Иә, бұл анық.
Ең алдымен ол еркін адамдар: мемлекетте толық еркіндік және ашықтан-ашықтық
және ойыңа келгенді істей алу мүмкіндігі туады.
Солай деп жүр ғой.
Рұқсат етілген жерде әркім өзінің өмірін қалауынша құратыны анық.
Иә, бұл түсінікті.
Менің ойымша, мұндай құрылыс тұсындағы адамдар сан - алуан түрлі болады.
Әрине.
Бұл ең жақсы мемлекеттік құрылыс болса керек. Барлық түске боялып
шимайланған мата сияқты, бұл құрылыс ә дегенде сан - алуан мінез-құлықпен бәрінен
де керемет жақсы болып көрінуі мүмкін. Бәлкім, көбісі алабажақ боялған барлық
нәрсеге құмар балалар мен әйелдерге ұқсап, мұны ең жақсысы екен деп ойлауы
мүмкін.
Әрине.