Page 248 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

248
Сөзсіз.
Ол барша нәрседен пайда шығарып, ұсқынсыз кейіпімен қаражат жинаумен жүреді;
мұндай адамдарды тобыр жақтайды. Оның келбеті осындай мемлекеттік құрылысты
көз алдыңызға елестетпей ме?
Меніңше, солай. Қалай болғанда да, мұндай мемлекет те, мұндай адам да ақшаны
өлердей жақсы көреді.
Мен де солай ойлаймын. Оның осындай болғанына қарағанда, ол өзінің тәрбиесіне
көңіл аудармаған ба?
Солай шығар. Олай болмаса, ол соқыр адамды хорег қылып қоймайтын еді және
оған ерекше құрмет көрсетпейтін еді.
Қош. Енді бері қарашы: біз оның тәрбиесінің кемшілігін, ол қаншама сақтық жасап,
өзін өзі ұстап бақса да, біраз кедейлікке, қылмыскерлікке, яғни жатып ішуге бейім
екенін мойындамаймыз ба?
Әрине.
Сен мұндай адамдардың қылмыскерлігін байқап білу үшін неге көңіл аудару керек
екенін білесің бе?
Неге?
Олардың жетімдерге қалай қамқорлық жасайтынына не болмаса әділеттікке
қарамастан, қалай толық еркіндік алатынына.
Дұрыс.
Бұл жерде мұндай адам басқа іскерлік қатынастарда оны әділ деп санайтындықтан,
осы атағын пайдаланып, адалдығынан қалған қалдықтардың көмегімен осыны дұрыс
көріп тұрса да, өзінің жаман әдеттерге бейімділігін күштеп бастырады; ол оны
парасатты оймен бастырып отырған жоқ, осылай қажет болғаны үшін, өзінің мал-
мүлкінің тағдырын уайымдағаны үшін бастырып отыр.
Әрине.
Зевс атымен ант етемін, сен осы адамдардың ішінде көбісінің басқа біреудің
есебінен күн көруге, жатып ішуге бейімділігі бар екенін көресің.
Сөзсіз, бұл бейімділік оларда өте күшті дамыған.
Демек, мұндай адамның ішкі дүниесі астан-кестен, оның рухани бүтіндігі
бұзылған, өзі екіге айырылып жарылған: бір құмарлығы екіншісінен басым — көп
жағдайда жақсы жақтары жаман жақтарынан басым болып келеді.
Иә, солай.
Меніңше, мұндай адамнан рухани үйлесімділік пен сабырлылық сияқты шынайы
ізгілік сезім қаншама ұзақ болғанына қарамастан, ол қанша дегенмен де басқаларына
қарағанда әдептілеу.
Иә, маған да солай көрінеді.
Әрине, жеңіске жету үшін адамдардың қолында бұған қажетті нәрсесі болмаса, игі
атақ құмарлық сезімін қанағаттандыру үшін, жарысқа түскен кезде оның оз есебінен
әрекет етуіне оның құнттылығы кедергі жасайды: ол ақшасын мынау сияқты жарыс
пен атақ-даңқ үшін жұмсағысы келмейді, өзінің ақша шашуға деген бейімділігін
ояндырғысы және оны атақ құмарлық ұмтылыстарында өзінің одақтасы еткісі
келмейді. Ол шынайы олигарх сияқты шайқасады, өзінің қаражаттарын аз жұмсауға
тырысады, сондықтан да көбінесе жеңіліске ұшырайды, бірақ соған қарамастан, бай
күйінше қала береді.
Тіпті өте бай.
Біздің құнтты адамды, іскер адамды олигархиялық мемлекетпен салыстыруға
болатынына тағы да күмәніміз бар ма?
Жоқ, ешқандай.