Page 246 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

246
Мұндай мемлекет біртұтас болмайды, бір мемлекеттің ішінде екі мемлекет болатын
сияқты: біреуі — кедейлердің мемлекеті де, екіншісі — байлардың. Олардың бәрі бір
жерде өмір сүрсе де, олар ылғи бір біріне қастандық ойлаумен болады.
Зевстің атымен ант етемін, бұл шикілік те маңызды.
Бірақ бір жаман жері бұлардың қолынан соғыс жүргізу де келмейді, өйткені
олигархтар тобырдың қолына қару беріп қойып, олардан дұшпанынан бетер қорқатын-
ды, не болмаса тобырды қаруландырудан бас тартып, тіпті шайқастың өзінде де өздері
нағыз олигарх ретінде көзге түсетін-ді. Оған қоса, олар ақша үшін жанын
беретіндіктен, соғысқа ақша жұмсауды қаламайды.
Бұл жақсы емес.
Сонда қалай? Біз бұдан бұрын да мұндай мемлекеттік құрылыс тұсында бұл
тұлғалар әрі жер өңдеп, әрі ақша тауып, әрі әскери қызмет атқарып, яғни қандай да
болмасын барлық жұмыспен бірдей шұғылданғанын қабылдамаймыз демедік пе?
Сенің ойыңша осы дұрыс па?
Жо-жоқ.
Өзің қарашы, мұндай құрылыс тұсында осы айтқандарымыздың ішіндегі ең үлкен
жамандық орнамай ма?
Қандай сонда?
Өзінің бүкіл мал-мүлкін сату мүмкіндігі туады — сонда ол басқа біреудің мал-
мүлкі болып шығады, — ал сатқан адам ешқандай қоғамдық топқа тән болмастан, яғни
іскер де, қолөнерші де, салт атты да, гоплит те емес, кедей әрі жарлы деген атпен сол
мемлекетте өмір сүруін жалғастыра береді.
Мұндай құрылыс тура сол үшін жаралған сияқты!
Олигархиялар тұсында мұндай жағдайға ештеңе кедергі жасай алмайды, әйтпесе ол
жерде біреулер шектен тыс бай, ал біреулер өте кедей болмайтын еді.
Рас.
Енді мынаған қараңызшы: бай адам өз қаражатын жұмсаған кезде, ол осындай
мемлекетке жаңа жоғарыда айтып кеткеніміздей мағынада пайда келтіре ме? Не
болмаса бұл билік басындағыларға тән болып көрініп, ал шындығында ол мемлекетте
басшы да емес, қол астындағы азаматы да емес, жай ғана дайын дүниені шашып
жүрген адам ба?
Иә, бұл жай ғана көрініс, ал шындығында дүние шашқыштан басқа ештеңе емес.
Егер сен қарсы болмасаң, біз кезде пайда болған жатып ішер өзі тіршілік етіп
жатқан ара үйірі үшін қандай кесел болса, өз үйіндегі осындай адам — мемлекет үшін
кесел.
Әрине, Сократ.
Адимант, бүкіл ұшатын жатып ішерлерді құдай бізгексіз жаратқан, ал енді жаяу
жүретіндердің ішіндегі кейбіреулеріне бізгек бермеген, кейбіреулерін сұмдық етіп
жаратқан. Бізгектері жоқтары бүкіл өмірі бойынша кедей болады да, ал бізгектері
барлардың арасынан біздің қылмыскер деп ат қойған адамдарымыз шығады.
Бұл нақты шындық.
Демек, мемлекеттің қай жерінде болмасын кедейлерді көрдің бе, ол жерде ұрлық
жасайтындар да, әмиян кесушілер де, ғибадатханаларды қорлайтындар да, көптеген
сұмдық істер жасайтындар жасырынып тіршілік етеді деген сөз.
Бұл түсінікті.
Сонда қалай? Сен олигархиялы мемлекеттерде кедейлерді байқамадың ба?
Ол жерде басшылардан басқаларының барлығы дерлік кедей ғой.
Ол жерде, бір жақтан, біздегі бар көптеген қылмыскерлер бар және оларды
биліктегілер күштеп ұстап отыр деп ойлауға құқымыз бар ма?
Әрине, солай ойлауымызға болады.