244
марапаттаулардан, үкіметтің лауазымды қызметтерінен, сот істерінен және осындай
күйкі тіршіліктің бәрінен қашқақтайды; ол қайтсе де құр әурешіліктерден аулақ болып,
кішіпейіл болуды қалайды.
Сонда бұл оның ұлына қалай әсер етеді?
Ең алдымен, ол әкесінің билік басында болмағанын, сондықтан ол әйелдердің
арасында қорланғанын, оның ақша табуға аса ұмтыла бермеуін, оны қорлағандарға
қарсы сотта, жиналыстарда тойтарыс берудің орнына немқұрайдылықпен қарауын;
әкесінің тек қана өзін ойлауын, әйелін балағаттамаса да, онша сыйламайтынын айтып
шешесінің қайғырғанын естиді, бұның бәрін ол ылғи байқайды. Мұның бәрі әйел үшін
ауыр тиеді, ол ұлына әкесінің батыл еместігін, оның соншалықты әлсіз екендігін,
қысқаша айтқанда, мұндай жағдайда әйелдердің сарнап айтуды жақсы көретін
нәрселерінің бәрін айтады.
Иә, мұндайда олар алдарына жан салмайды.
Білесің бе, мұндай адамдардың тіпті қызметшілері де кей кезде балаларға осындай
әңгімелерді жайлап сыбырлап айтып қоятынын — қандай да бір қарыздар адам немесе
басқа бір жәбірлеушіге қарсы сотта іс қозғамағанын көре тұра жаны ашығансып
айтады; мұндай жағдайда қызметшілер қожайынның ұлының миына шамамен
мынадай нәрсені құйып қояды: "Осыдан қарап түр, сен әлі үлкен боласың, үлкейгенде
міндетті түрде олардан кегіңді ал, сонда әкең сияқты емес, нағыз еркек боласың". Бала
түзде де тура осындай жағдайды көреді: азаматтардың арасында өз шаруасын істеп
жүрген адамдарды ашық ауыз дейді де, оларды адам санатына қоспайды, ал кімде кім
өз ісінен басқа шаруаға кіріссе, оны құрметтейді және мақтайды. Содан кейін мұндай
нәрселерді көріп, естіп жүрген бозбала бір жақтан әкесінің айтқан сөзіне де құлақ
асады, оның төңірегіндегілер қарсы не істеп жүргенін жақыннан көреді де, мұның бәрі
оған қатты әсер етеді: әкесінің ықпалымен оның рухының парасатты бастауы дамып
нығаяды, ал қалған адамдардың ықпалымен құмарлық пен ашу-ыза кернейді, ол жалпы
алғанда жаман адам емес, бірақ жаман адамдардың арасына түсіп қалды, сол үшін бұл
ықпалдар оны орта жолға итермелейді, ол да сондай бәсекелестікке және ашу-ызаға
бейімділік сияқты орташа нәрсенің билігінің астына түсіп қалады: міне сондықтан да
ол атақ құмар адам болып шығады да, көзге түсуге ұмтылады.
Сен оның мінезі қалай қалыптасатыны туралы толық түсіндіріп бердің.
Сонымен, бізде екінші кезектегі мемлекеттік құрылыс және оған сай адам бар.
Иә, екінші.
Онда біз енді Эсхилдің: "Бөтен адам бөтен қалаға тағайындалды" деген сөзін
есімізге түсірсек қайтеді, не болмаса, біздің болжамымызға сәйкес, алдымен
мемлекеттің өзін қарастырамыз ба?
Әрине, солай істегеніміз дұрыс.
Олигархия
Бұдан кейінгі мемлекеттік құрылыс, меніңше, олигархия.
Ол қалай құрылады?
Бұл мүлік теңсіне негізделген құрылыс; ол жерде билік басында байлар тұрады, ал
кедейлер билікке қатыспайды.
Түсінікті.
Алдымен тимократияның олигархияға қадай ауысатыны туралы айтып кету керек
пе?
Иә, әрине.
Бұл өткелден қалай өтілетінін соқыр да біледі ғой.
Қалай?