Page 242 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

242
алынады, ал көрсетілгендерден екіліктер алып тасталады да, олар үштіктің кубымен
жүз рет алынады. Бұлардың барлығы жалпы геометриялық сан және дүниеге бала
келтіру сапасын арттыру немесе кеміту үшін ол шешуші роль ойнайды. Бұл біздің
сақшыларымыз үшін түсініксіз болып қалатыны үшін және олар келіндерді күйеу
балалармен қолайлы уақытта табыстырмағаны үшін, олардан жақсы табиғи
қасиеттерге ие және бағы жанып туатын балалар дүниеге келмейді. Бұрынғы
күзетшілер осы балалардың ішіндегі ең жақсыларын өздерінің мирасқоры етіп
тағайындайды екен, бірақ олар бәрібір лайық болмайды және олар өздерінің сақшы
екеніне қарамастан, әкелерінің орнына отыра салып, бізге менсінбей қарайтын болады.
Музыкалық өнер, содан кейін гимнастикалық өнерді олар тиісінше бағаламайды;
осының салдарынан жасөспірімдеріміздің білімі төмен болады және олардың арасынан
Гесиод ұрпақтарын жеткілікті мөлшерде сақтай алмайтын әрі бастан кешіре алмайтын
басшылар шығады, өйткені олар сізде де бірдей ғой, яғни алтын, күміс, мыс және
темір. Темір күміске, мыс алтынға араласып кеткен кезде, сәйкессіздіктер мен есі
ауытқулар пайда болады, ал бұл қай жерде пайда болса да, дереу дұшпандық пен
алауыздық тудырады. Алауыздық қай жерден шықса ол жерден шықсын, ол өмір бақи
осындай табиғатқа ие екенін мойындауымыз керек".
Мойындаймын, Музалар бізге дұрыс жауап береді.
Олар Муза болғаны үшін, бұл әдеп емес.
Олар бұдан кейін не дейді?
Егер алауыздық шыға қалса, бұл осы екі әулет әрқайсысы өз жағына тартатын
болған: темір мен мыс оңай олжаға, жер мен үйлер алуға, сондай-ақ, алтын мен күміс
алуға тартса, кедей емес, керісінше, табиғатынан бай алтын мен күміс әулет рухты
ізгілікке және көнедегі жөнге қарай тартты. Олар күш қолданып әрі бір-бірімен
бәсекелесіп, ақырында бір орта жол тапты: жер мен үйлерді өзара бөлісіп алып, жеке
меншік орнатуға келісті, ал осы уақытқа дейін өздерінің достарындай және
қамқоршысындай күзетіп келгендерді ауылдағы жүмысшылары мен қызметшілері
етіп, құлдарға айналдыруды жөн көріп, ал өздері әскери және сақшылық қызметпен
айналыса бастады.
Бұл өзгеріс, меніңше, осыдан басталды.
Демек, мынадай мемлекеттік құрылыс — аристократиялық және олигархиялық
құрылыстың арасындағы нәрсе.
Сөз жоқ.
Бұл былай өтеді екен; сонда мемлекеттік құрылыс қалай болады? Сірә, бір жағынан
бұл бұдан бұрынғы құрылысқа, бір жағынан — олигархияға еліктеу болып шығады,
өйткені ол аралық жағдайға ие, бірақ бұның ішінде өзіне тән ерекшелік те болады.
Иә, болады.
Басшыларды құрметтеу, мемлекетті қорғаушылар ауыл шаруашылығы
жұмыстарынан, қолөнер кәсібінен және басқа гүрлі олжа табудан тартыну,
дастарқандас болу, дене шынықтыру жаттығулары мен әскери жарыстарда —
бұлардың бәрінде бұл құрылыс бұрынғы өткендеріне еліктейді.
Иә.
Ол жақта ақылды адамдарды билік басына қоюға қорқады, өйткені ол жерде бүл
сияқты қарапайым және турашыл адамдар жоқ, ол жерде аралас мінезді адамдар бар:
ол жерде рухы айбындылардың, сондай-ақ, бейбіт өмір үшін емес, соғыс үшін туылған
қарапайымдау адамдардың жағына шығып кетеді; ол жерде әскери айлакерлік пен
тәсілдер құрметке ие болады, өйткені бұл мемлекет өмір бойы соғысады. Міне, бұл
құрылыстың сан-алуан ерекшеліктері осындай болады.
Иә.
Мұндай адамдар олигархиялық құрылыста болғанындай, дүниеқоңыз болады;
қабағы түскен кезде жабайы адамдар сияқты алтын мен күміске бас ұрады, олардың