Page 241 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

241
бақытсыздық көзқарасқа ие адам үшін таза әділдік таза әділетсіздікке қалай қарайтыны
жайлы мәселені талқылауды бітіруіміз үшін, олигархиялық, демократиялық және
тиран адамды сипаттауымыз керек. Біз сонда ғана Фрасимархқа сенеміз де, әділеттікке
ұмтыламыз немесе қазір анық болып келе жатқан ұйғарымға келеміз және әділеттікті
сақтаймыз.
Сөзсіз осылай жасау керек.
Біз жеке адамдардан емес, мемлекеттік моральды қарастырудан бастағанбыз,
өйткені олар онда нақтырақ, сондықтан қазір де алдымен атақ құмарлыққа негізделген
(басқа сөз таппай тұрмын, оны "тимократия" немесе "тимархия" деп атасақ да болады)
және тиісінше осындай адам түрін қарастырамыз; сосын олигархия және олигархия
адамын; әрі қарай демократияға бір көз тастаймыз және демократия адамын бір байқап
көреміз; ең соңыңда тирандық тәрізді басқарылатын мемлекетке жөнелеміз, ол жерде
тағы да рухтың тирандық мінезіне назар аудара отырып, не болып жатқанын көреміз.
Осылайша, біз өзіміз белгілеген мәселелерімізде неғұрлым тәжірибелі әрі білікті
қазылық етуге тырысамыз. Осылай қарастырсақ, жұмысымыз жүйелі әрі тиянақты
болады.
Тимократия
Ал, ендеше, аристократиялық басқарудан қандай әдіс арқылы тимократиялық
басқару пайда болатындығын көрсетуге тырысайық. Мүмкін бұл тіпті оңай шығар,
мемлекеттік өзгерістер, оның ішінде кереғарлықтар пайда болған кездегі билікке ие
бөлігіне өзінің шыққан тегі үшін қарыздар шығар? Егер ол жерде ынтымақ үстемдік
жүргізген болса, оңда ол тіпті кішкене болғанына қарамастан, құрылыс берік болып
қала береді.'
Иә, солай.
Главкон не істей алады, мемлекетімізді әлсіретеді де, ол жерде қамқоршылар мен
билеушілер араларында не жайында тартысқа түседі? Әлде сен Гомер сияқты біз
екеуміздің Музаға жалбарынғанымызды, олардың алғаш боп кереғарлықтың аяқ баса
бастағанын айтып бергенін қалайсың ба, олар трагедияға айналдырып, бізге шын
сөйлеп тұрғандай, лепіріп жауап бергенін көз алдымызға елестетеміз, ол шындығында
бұл олардың қалжыңы боп шығады да, олар бізді балаға ұқсатып келемеждейді.
Сонда олар бізге не дейді?
Бәлкім, мынаған ұқсас бірдеңе айтар: "Мұндай құрылыстағы мемлекетті әлсірету
қиын. Алайда, әр пайда болған нәрсенің соңы бар ғой, сондықтан тіпті мынадай
құрылыс та мәңгілік емес, ол әйтеуір бір құлдырауға ұшырайды. Мұны былай деп
түсіну керек: астықтың болып я болмауы жерден өніп шыққандарға ғана емес, сондай-
ақ, жер бетінде тіршілік ететін жандар мен денелерге де байланысты ғой, дөңгеленіп
айналу әрқашан белгілі бір циклдың толық бітуіне әкеліп соғады: ғұмыры қысқа тірі
жәндіктер үшін бұл цикл қысқа, ұзын ғұмырлылар үшін — керісінше. Сізді мемлекет
басшылары етіп тәрбиелеп шыққандарыңыз үшін, данагөй болса да, олар сіздің
әулетіңізге тұқым себуге ең қолайлы уақыт пен, керісінше, бедеулік уақытын сезінуге
негізделген тұжырымдар арқылы басқа адамдардан асып түспей-ақ, анықтай алуға
қабілетті болады: мұны олар аңғара алмайды және қолайсыз уақытта бала туады.
Илаһи ұрпақ үшін кемел санмен қамтылған айналып оралу бар, ал адам ұрпағы үшін
квадрат пен куб дәрежесіне шығарылған, үш аралық пен төрт шектен тұратын (ұқсау,
ұқсамау, өсім және азаю) — бәрінің ішінде бірінші барлығын шамалас және айқын
жасайды. Осы сандардың беске көбейтілген төрттен үш бөлігі үшке көбейтілгеннен
кейін екі үйлесімді тіркес береді, бірі — тең қабырғалы, яғни осынша рет жүздікпен
алынған, ал екіншісі — осындай ұзындықпен, бірақ ұзыншақтау: басқаша айтқанда,
бестіктің көрсетілген диаметрінің саны әрбір ретінде бірлік алып тасталған жүздік