Page 240 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

240
Еске түсіру қиын емес. Сен мемлекеттік құрылыс жайлы пікіріңді қазіргі айтқан
сөздеріңе ұқсас сөздермен аяқтаған едің: атап айтқанда, сен одан да жақсы мемлекет
пен оған сай адамды көрсете алар едің, дегенмен сен сол кезде біздің қарастырып
өткен мемлекет пен оған сай адамды жақсы деп есептедің. Егер осындай мемлекеттік
құрылыс дұрыс деп есептелетін болса, онда қалғандарының бәрі бұрыс деп айттың.
Бұрмаланған мемлекеттік құрылыстың төрт түрі
Есімде қалғаны — сен бұрмаланған мемлекеттік құрылыстың төрт түрі бар, олардың
бұрыс екеніне көз жеткізу үшін, оларды түсініп алуымыз керек; бұл оған сай адамдарға да
қатысы бар: олардың бәрін де қарастыру жөн деген едің. Өз арамызда келісіп алған соң,
біз ең жақсы және ең нашар адамды алып қарастырып, ең жақсы адамның ең бақытты
адам екені, ең нашар адамның ең бейшара адам екені рас па, әлде басқаша ма екенін
қарастыратын болғанбыз. Мен мемлекеттік құрылыстың қай төрт түрін айтып тұрғаныңды
сұраған кезімде, біздің сөзімізді Полемарх пен Адимант кесіп жіберді де, біз бұл мәселеге
жеткенше сен олармен сұқбаттастың.
Сен тұп-тура есіңе түсірдің.
Олай болса, сен тағы да тура бір күресшінің позициясындағыдай тұра қалып, менің
сол сұрағыма сол кезде қалай жауап бергің келсе, солай жауап беруге тырыс.
Егер бұл қолымнан келсе.
Ал мен сенің мемлекеттік құрылыстың қай төрт түрі жайында айтқаныңды
естігенше дегбірсізденіп тұрмын.
Естірсің, бұл қиын емес. Мен де сол аты шулы төрт түр жайлы айтамын. Көпшілігі
криттік-лакедемон құрылысын құптайды. Екінші орында одан гөрі азырақ қолдау
көретін олигархия тұр: бұл жамандыққа толы мемлекеттік құрылыс. Одан бұған
ұқсамайтын демократия пайда болады. Аты шулы тирания бұлардың бәрінен өзгеше
бұл мемлекеттің төртінші әрі ақырғы кеселі. Мүмкін сенің қандай да бір түрі айқын
көрініс тапқан басқа мемлекеттік құрылыс туралы пікірің бар шығар? Өйткені мирас
қалған билік пен ақшаға сатып алынған патша билігі, сондай-ақ осыған ұқсас басқа да
түрлі мемлекеттік құрылыстар аты аталған құрылыстардың ішінде бір аралық
жағдайда және жабайыларда эллиндерден де жиі кездеседі.
Бұл туралы талай таңданарлық нәрселер айтылып жүр.
Сонымен, сен мемлекеттік құрылыстың неше түрі болса, әр түрлі адамдардың да
міндетті түрде сонша түрлі рухани құрылысы бар екенін білесің. Я болмаса сен
олардың тарапы басым болғаны үшін, қалған нәрсенің бәрін өзімен бірге ілестіріп
әкететін, мемлекеттерде бой көрсетіп жүрген сол моральден пайда болған жоқ,
мемлекеттік құрылыстар аспаннан түсті ғой деймісің — еменнен не болмаса жардан
пайда болды ғой деймісің?
Жо-жоқ, тек қана осыдан.
Тағы да бес түрлі мінездің бес түрлі мемлекеттік құрылысқа сай екендігі туралы
Демек, мемлекет бес түрге бөлінетін болса, түрлі адамдардың да бес түрлі рухани
құрылысы болуы керек.
Сонда қалай?
Игі жақсыларды — ақсүйектерді басқаруға сай адамды біз талқылап қойдық және
оны жақсы әрі әділ деп дұрыс қабылдадық.
Иә, біз оны талқылап қойдық.
Енді бізге нашар адамдарды, басқаша айтқанда, лакедемон құрылысына сай, өзара
бәсекелескен жөне атақ құмар адамдарды сипаттау керек, сөйтіп бақыт немесе