239
сондықтан ұйғарылғандардың шегінен шығуға қабілетті және төменгі заттарда
көрсетілген бейнелердің көшірмелерін пайдаланатындықтан оның бастауына
көтерілмейді.
Мен түсінемін: сен геометрияның, соған ұқсас әдістердің көмегімен нені білуге
болатындығы туралы айтып отырсың.
Ақылмен танудың екінші бөлігі ретінде біздің зердеміз диалектикалық
қабілеттіліктің көмегімен жететін нәрсені айтатынымды да түсін. Өзінің болжауларын
ол белгілі бір бастапқы ой ретінде көрсетпейді, керісінше, ол үшін олар тек қана
болжау ғана, яғни, барлығының бастауына талпынулары мен белгілі бір баспалдағы
ғана болып табылады. Оған жете отырып және онымен байланыстының барлығына
арқа сүйей отырып, ол содан соң ешқандай сезімділікті пайдаланбастан, олардың өзара
қатынастағы идеяларды ғана пайдалана отырып, қорығыңды жасайды және оның
қорытындылары тек соларға қатысты болады.
Мен толық болмаса да, әйтеуір түсінемін: меніңше, сен қиын нәрселер туралы
айтып отырсың. Бірақ сен болмыс пен ақылмен танылатындардың барлығын
болжауларды ғана пайдаланатын ғылымдардың көмегімен қарастырылатындардан гөрі
диалектиканың көмегімен анығырақ пайымдауға болады деп бекіткің келеді.
Шындығында да, ондай зерттеушілер ақылмен танылатындықтың аумағын түйсіктің
емес, пайымның көмегімен меңзеуге мәжбүр, бірақ олар өздерінің болжаулары
негізінде, алғашқы бастауға көтерілместен қарастырғандықтан, сеніңше, олар ақылмен
тануға болса да, оны алғашқыда қамтыған кезде зердемен тани алмайды. Сен пайым
деп, меніңше, геометриямен және соған ұқсас нәрселермен айналысатындарда
кездесетін қабілетті айтасың. Бірақ бұл өлі зерде емес, өйткені пайым пікір мен
зерденің аралығындағы орынды алады.
Сен толық түсіністік байқаттың. Көрсетілген төрт кесінділермен жанда пайда
болатын төрт қалыппен салыстырып бер маған: жоғарғы сатыда — зерде, екіншіде —
пайым, үшінші орынды нанымға, ал соңғысын — сияқтандыруға бер және оларды қай
қалыптың ақиқатқа, айқындыққа қатыстылығына қарай орналастыр.
Түсінемін. Мен келісемін және оларды сен айтқандай орналастырамын.
Сегізінші кітап
Жарайды, солай болсын. Біз екеуміз келісіп те қойдық, Главкон, үлгілі түрде
құрылған мемлекетте әйелдеріміз ортақ болу керек, балалар да, тіпті олардың тәрбиесі
де ортақ болады; сол сияқты әскери және бейбіт тірліктеріміз де ортақ болады, ал
бұлардың бәрінің үстінен қарайтын патшалар философия саласында және әскери
қызметте басымдылығымен көзге түскен адамдар болуы керек.
Иә, екеуміз бұған келістік.
Әміршілер тағайындалысымен олар өздерінің әскерлерін алып, біз осының алдында
айтып кеткен үйлерге орналастырады; ешкімнің жеке ешнәрсесі болмайды, барлығы
ортақ болады. Есіңде болар, біз үйлермен қоса, олардың қандай мүлігі болатынын да
айтып едік қой.
Есімде, біз қазір бәрі істеп жүргендей болмайды, ешкім ешнәрсе сатып алмауы
керек деген көзқарасты ұстанғанбыз. Әскери қызметпен шұғылданатын
сақшыларымыз бізді қорғағаны үшін, қалған азаматтардан бір жылдық азық қоры
ретінде сыйлық алатын болады, ал олардың міндеті бүкіл мемлекетті қорғау болып
табылады.
Сен дұрыс айтасың. Жә, бұны бітірген шығармыз, енді бұрынғы жолымызды әрі
қарай жалғастыруымыз үшін, біз жолымыздан жалт бұрылмай тұрып, не жайлы
сөйлескенімізді есімізге түсірейік.