Page 24 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

24
Ал бұлай деп кескіндемешілер туралы да, құрылысшылар туралы да айтуға болады
ғой: олар да даналық заттар төңірегіндегі білгірлер; ал егер әлдекім бізден
кескіндемешілер нақ қандай даналық заттар төңірегіндегі білгірлер деп сұрайтын
болса, бейнелер жасаудың білгірлері деп айтқан болар едік; басқа жағдайларда да
осылайша жауап берген болар едік. Ал егер біреу софист несімен данагөй деп сұрай
қалса, біз не деп жауап берер едік? Ол қай істе тәлімгер?
Сократ, егер біз оны шешендік өнерінен басқаларға тәлімгерлік ететін кісі деп
бағамдасақ қайтер еді?
Бәлкім,— дедім мен,— біз дұрыс айтқан да болар едік, ;шайда жеріне жеткізе айта
алмай отырмыз, өйткені біздің бұл жауабымыз бұдан әрі мынадай сұрақ қойылуын
қажет етеді: егер софист адамдарды сөзге шебер ететін болса, бұл соз не жайында?
Мысалы, кифарист адамды оған үйреткен нәрсесі туралы, яғни кифарада ойнау туралы
пайымдауға шебер етеді. Солай емес пе?
Иә.
Солай делік. Ал софист болса, ол қандай сөздерге шебер етіп баулиды? Өзі жақсы
меңгерген сөздерге баулитыны түсінікті емес пе?
Соған ұқсайды.
Ал софист өзі не нәрсеге білгір болса, шәкіртін де сол нәрсеге білгір ете ме?
Зевспен ант етейін, саған не деп жауап берерімді білмеймін.
Бұған мен былай дедім:
Бұл қалай? Сен оз жаныңды қандай қауіп-қатерге ұшыратқалы отырғаныңды
білемісің? Сен оз денеңді әлдекімге сеніп беруің қажет болғанда және пайдалы немесе
зиянды екендігі белгісіз болған кезде сен өзің де оны сеніп беру керек пе, әлде керек
емес пе деп көп ойланатынсың, достарыңнан да, үйіндегілерден де ақыл-кеңес сұрап,
осы істі бірнеше күн бойы талқыға салатынсың. Ал әңгіме сен денеден жоғары қоятын
жан туралы болғанда, ал жанның жақсы не жаман болатыны себепті сенің барлық
істеріңнің жақсы не жаман болатындығы соған байланысты, сен әкеңмен де, ағаңмен
де, біз сияқты достарыңның ешқайсысымен де осы бір келімсек жат жерлікке өз
жаныңды сеніп беруің немесе бермеуің жөнінде ақылдаспадың. Тек қана кеше кешке
қарай, өзіңнің айтуыңа қарағанда, ол жайында естісімен, ойланбастан, оған өзіңді сеніп
тапсыруың керек пе, жоқ па деген мәселе жөнінде ақылдаспастан, бүгін-ақ ертемен
бара жатырсың және өзіңнің айтуыңа қарағанда, өзің білмейтін және өзің ешқашан
сөйлеспеген Протагормен міндетті түрде жолығуың керектігін өзің әлден-ақ біліп
қойғандай, өз ақшаңды да, достарыңның ақшасын да жұмсауға бірден әзір отырсың.
Сен оны софист деп атайсың, ал софист дегеннің не екенін, өзіңді оған сеніп бергелі
тұрсаң да, мүлде білмейді екенсің.
Гиппократ әбден тыңдап болған соң:
Сократ, бұл тап сенің айтқанындай болды,— деді.
Сонда қалай, Гиппократ, біздің софист жан керек ететін азық-түлікті сатушы
немесе тасымалдаушы сияқты бірдеңе болмақ па? Меніңше, қалай болғанда да, ол
солай.
Ал жан немен қоректенеді, Сократ?
Әлбетте, біліммен қоректенеді,— дедім мен,—Әйтеуір, достым менің, дене қорегін
сатып алушылар немесе тасымалдаушылар сияқты, софист өзі сататын нәрсесін
мақтап, бізді алдап кетпесін. Өйткені олар таситын тауарларында дене үшін не
пайдалы, не зиянды екендігін өздері де білмейді, бірақ сату үшін бәрін де мақтайды, ал
сатып алушылар, гимнастиканың білгірі немесе дәрігер болмаса, олардың мұнысын