Page 238 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

238
Олай болса, біз айтқандай екі билеуші бар: біреуі — ақылға сиымдының барлық
түрлері мен аумақтарын билеуші, екіншісі, керісінше, көзге көрінетіннің барлығын
билеуші — саған мен сөзбен шешендік танытып отырғандай көрінбес үшін, оны аспан
деп атағым келмейді. Сен бұл көзге көрінетін және ақылға сиымды, екі түрді түсіндің
бе?
Түсіндім.
Салыстыру үшін, екі тең емес бөлікке бөлінген сызықты ал. Әр бөлікті, яғни көзге
көрінетін және ақылға сиымды аумақты, тағы да сондай жолмен екіге бол, көзге
көрінетін аумақты сен үлкенірек және кішірек анықтылыққа сай бөлесің. Сонда онда
пайда болған кесіндінің біреуі бейнені білдіреді. Мен алдымен көлеңкені, содан соң
судағы және қалың, жалтыраған беттегі бейнені, бір сөзбен айтқанда, осыған ұқсас
барлығын солай атаймын.
Түсінемін.
Оған ұқсас екінші бөлікке, сен біздің маңайымыздағы барлық тіршілік иелерін,
өсімдіктерді, сонымен бірге барлық жасалатын нәрселерді орналастырасың.
Мен солай орналастырамын.
Шындық пен шындық емеске қатысты осылай бөлумен сен келіспес пе едің: біздің
білетін сияқтымыздың шын білетінімізге қатынасы қандай болса, сияқты да
сияқтанушыға сондай қатынаста болады.
Мен бұнымен келісемін.
Енді ақылмен ұғынылатын саланы қарастырып, оны қандай белгі бойынша бөлуге
болатындығын қарастыр.
Қандай?
Алғышартсыз бастау. Ақылмен танудың, көзге көрінетіндіктің бөлімдері
Ақылмен танушылықтың бір бөлігін жан біз тапқан бөліктердің бейнелерін
пайдалану арқылы және сондықтан бастауға емес, аяқталуға талпына отырып,
алғышарттар негізінде іздеуге мәжбүр.
Сонымен қатар, басқа бөлікті жан, алғышарттан ондай алғышарты жоқ бастауға
қарай көтерілу арқылы, іздейді. Бірінші жағдайда болған бейнелерсіз, бірақ сол
идеялардың өздерінің көмегімен ол өзіне жол салады.
Сен айтқан нәрсені мен толық түсінбедім.
Мен, егер алдымен былай десем, саған түсінікті болады: менің ойымша,
геометриямен, есептеумен, соған ұқсас нәрселермен айналысатындар кез-келген
зерттеулерінде тақ пен жұптың, фигуралардың, бұрыштардың үш түрі, тағы сол
сияқты өздеріне белгілі деп пайымдайтынын сен білесің. Бұны олар алғышарт ретінде
қабылдайды және онда өздеріне де, басқаға да, кез-келген адамға онсыз да анықтап,
есеп беруді жөн көрмейді. Осы ережелерге сай, олар қалғандарын талдайды, сөйтіп
олардың қарастырған тақырыптарын аяғына дейін ретімен жеткізеді.
Мен оны жақсы білемін.
Бірақ олар оған қоса сызуларды пайдаланып, содан қорытындылар жасаса, олардың
ойы сызуға емес, олардың көшірмелері болып табылатын фигураларға бағытталады.
Олар өздерінің қорытындыларын өздері сызған диагоналға емес, жалпы төртбұрышқа
және оның диагоналдарына байланысты жасайды. Басқаларына да осы. Осындай
жағдай скульптура және сурет өнерінің шығармаларына да қатысты: олардан көлеңке
түсуі мүмкін және олардың бейнесі суда шағылысуы мүмкін, бірақ олардың өзі ой
ұшқыры арқылы көруге болатын бейнелі әлпет қызметін атқарады.
Сен дұрыс айтасың.
Міне ақылмен танушылықтың осы түрі туралы мен сол кезде айтқанмын: жан
өзінің оған талпынысында алғышарттарды пайдалануға мәжбүр болады және