Page 237 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

237
Сондықтан, мен осыны игіліктен туындайды деп есептейді деп ойла, — өйткені
игілік оны өзіне сай ғып жаратты ғой: игіліктің танымдық ауқымда ақылға және таным
нысанасына қатысы қандай болса, көз көрер ауқымда Күннің көзбен көрінер заттарға
және көру қабілетіне қатынасы сондай болады.
Ол қалай? Маған дұрыстап жіктеп берші.
Күн жарқырап тұрған кездегі нәрселерді емес, ымырт кездегі түн шұғыласының
қарауытқан нұрына бөленген заттарды көру үшін көз тіккен кезде ол күңгірт тартады
және ондай адамның көзі біршама соқыр дерліктей.
Шынында да солай.
Алайда, сол көздер Күн нұрына бөленген заттарды анық көреді: бұл оның
көздерінде ешқандай ақау жоқ деген сөз.
Сонда не?
Жан да сондай деп есепте: ол әрқашан ақиқат пен болмыс нұрын шашып тұрған
жаққа ұмтылған кезде оларды қабылдайды және танып-біледі, ал бұл оның зерделілігін
көрсетеді. Ал түнек басқан аумаққа, жаратылу мен жойылу жаққа қарай жалтарған
кезде ол топастанады, ақылдан адасқандай не нәрсеге болса да сеніп, өз пікірін олай
да, бұлай да өзгертеді.
Солай сияқты.
Міне, сондықтан, танып-білуге болатын заттарға ақиқаттық беретін, ал адамға
танымдық қасиет беретін нәрсені сен игілік идеясы — білімнің, ақиқатты танудың
себебі деп есепте. Таным да, ақиқат та тамаша болғанымен, егер сен игілік идеясын
одан да тамаша нәрсе деп ойласаң, сенікі дұрыс болады. Жарық пен көзді күн тәріздес
болғанымен күн деп есептеген дұрыс еместігі сияқты, мұнда да сондай таным мен
ақиқат игіліктің бейнесі деп есептегенмен оларды кез-келгенін игілік деп есептеу
дұрыс емес: игілікті, оның қасиеттеріне сай, олардан жоғары бағалау керек.
Сенің сөзіңе қарағанда, оған таным да, ақиқат та тәуелді болса, ал оның өзі
жарамдылығы жағынан олардан асып түссе, сонда оларды айтып жеткізуге болмайтын
қандай керемет деп есептейсің? Әрине, сен мұны құмарлық деп түсінбейтін
шығарсың?
Мысқылдама! Одан да оның бейнесін былай қарастыр...
Қалай?
Күн біздің көзімізбен көретіндердің бәріне тек көру мүмкіндігін бермейді, сонымен
қатар, ол өзінше қалыптасу болмағанымен, пайда болуға, өсуге мүмкіндік береді және
қоректендіреді.
Олай болмай?
Игіліктің өзі тіршілік болмағанымен, қадірлілігімен, күштілігімен артық бола
отырып, ол тіршіліктен тысқары жатса да, танып-білуге болатын заттар игіліктің
арқасында ғана танылады, оларға болмысты да, тіршілікті де сол береді.
Осы жерде Главкон өте көңілденіп айқай салды:
Аполлон! Осынша таң қаларлықтай біз қалай жоғары көтерілгенбіз!
Сен өзің кінәлісің,— дедім мен, — сен менің игілік туралы пікірімді білдіруімді
талап етесің.
Сен де еш уақытта оны тастама, басқа туралы айтпай-ақ, бұл күнмен ұқсастықты
қайтадан талда — бір нәрсені қалдырып кеткен шығарсың.
Ол жерде мен көп нәрсені қалдырып кеттім.
Тіпті ұсақ-түйек еш нәрсені де қалдырма!
Менің ойымша, олар көп, мүмкіндігінше қазір ештеңені қалдырмауға тырысайын.
Міндетті түрде тырыс.
Ақылға сыйымды әлем және көзге көрінетін әлем