Page 236 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

236
Иә, ол солай.
Және де біз ол заттарды көруге болады, бірақ ол туралы ойлауға болмайды, ал идея
туралы, керісінше, ойлауға болады, ал оны көруге болмайды дейміз.
Әрине.
Бізге көрінетіннің бәрін немізбен көреміз?
Көзіміз арқылы.
Есту қабілетіміз арқылы бізге естілетіннің бәрін еститініміз, басқа да сезімдер
арқылы түйсікке берілетіннің бәрін сезетініміз шын емес пе?
Солай болса ше?
Сен біздің түйсігімізде демиург жасаған осы көру мүмкіншілігі мен көру арқылы
сезілетін қасиеттердің қаншалықты қымбат екеніне көңіл аудардың ба?
Жоқ, онша аудармадым.
Ал маған былайша қара: есту қабілетінің естуі үшін, дыбыстың шығуы үшін, ол
жоқ болса ешнәрсе естілмейтін, дыбыстың шықпайтын, небір үшінші нәрсенің қажеті
болар ма екен?
Ешқандай үшінші бір нәрсенің қажеті жоқ.
Менің ойымша, көптеген басқа сезімдер үшін де — бірақ барлығы үшін емес —
ондай ешнәрсе қажет емес. Әлде сен бұған қарсы бір нәрсе айтасың ба?
Жоқ, айта алмаймын.
Ал сен бұның көру үшін, барлық көруге болатын нәрселер үшін қажет екенін
байқадың ба?
Сен не деп тұрсың?
Адамның көзі қандай өткір, кез-келген түсті айыра алатын болса да, сен білесің ғой,
өз көзімен, арнайы соған арналған үшінші нәрсесіз, көрмек болса, еш нәрсені көре де,
айыра да алмайды.
Сонда, сеніңше, ол не?
Сенің жарық деп атайтының.
Сенікі дұрыс.
Яғни көргеннен алынған сезім және көру арқылы қабылдау мүмкіншілігі бір-
бірімен айтарлықтай негіз арқылы байланыста; олардың бірлігі басқаларға қарағанда
бағалырақ, өйткені, жарық өте бағалы.
Олай болмай!
Қай аспан құдайын сен оның билеушісі деп және кімнің жарығы біздің көру
қабілетіміздің жақсы болуына, ал заттардың жақсы көрінуіне мүмкіндік береді деп
ойлайсың?
Сен де, басқалар да сол деп ойлайтын құдайды. Сен Күн туралы айтып тұрғаның
белгілі ғой.
Көру қабілеті өзінің табиғаты жағынан бұл құдайға мынадай қатынаста болар ма
екен...?
Қандай?
Өз-өздігінен көру қабілеті де, біз көз деп атайтын оның туатын нәрсесі де, Күн
емес.
Әрине олай емес.
Бірақ біздің түйсігіміздегі ең күн тәріздісі сол.
Иә, солай.
Көздің бұл қабілеті Күннен берілген.
Әрине.
Яғни Күн де көз емес. Бірақ ол көрудің себебі болса да, көздің өзі оны көреді.
Иә, солай.