Page 235 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

235
алмайды, міне, сондықтан өзіне тиімді нәрселерге қол жеткізуде жеңіліске ұшырайды.
Мемлекеттегі біз барлығын да сеніп тапсыруға дайын болып жүретін жақсы
адамдардың да осы бір маңызды нәрсеге байланысты ойлары тап осындай күңгірт
болуы керек деп қалайша айта аламыз?
Еш уақытта айта алмаймыз.
Егер әділеттілік пен әдемілік қалайша игілік бола алатыны белгісіз болса, оны
түсінбейтін адамнан лайықты қорғаушы таба алмайды. Иә, онсыз ешкім оны тани да
алмайды деп болжам жасаймын.
Сен дұрыс болжам жасайсың.
Сонымен бірге мемлекеттік құрылым осыны білетін сақшы күзеткен жағдайда ғана
жетілген тәртіпте болады.
Бұл қажет. Ал сен, өзің, Сократ, игілікті не нәрсе деп санайсың, ол білім бе, әлде
ләззат па? Немесе тағы басқа, үшінші бір нәрсе деп есептейсің бе?
Сен
қандай
адамсың?
Бұл
туралы
қарапайым
ой-пікірлер
сені
қанағаттандырмайтыны маған белгілі, сен оны бұрын байқатқансың.
Менің ойымша, Сократ, бұның төңірегінде ұзақ айналысса да, басқаның ойын
жеткізе біліп, ал өзінің ойын түсіндіріп бере алмаса, ол дұрыс емес.
Сонда қалай? Сеніңше, адам өзінің білмейтінін білетін адамдай айтуға қақысы бар
ма?
Тіпті білгіштей болып емес, тек өзінің ой-пікірі ретінде не ойлайтынын баяндасын.
Қалай? Сен не, білімге негізделмеген пікірлердің еш нәрсеге жарамайтынын
байқамадың ба? Тіпті ең жақсысының өзі соқыр. Егер адамдардың пікірлері түсінікке
негізделмесе де, дұрыс болса, олар, сеніңше, көзі көрмесе де, жолмен дұрыс жүретін
соқырдан қандай айырмашылығы бар?
Ешқандай.
Басқалардан не нәрсенің анық, әдемі екенін білуге мүмкіндігің бола тұра, сен
сиықсыз, бұлыңғыр, анық емес нәрсені бақылауды жөн көресің бе?
Зевс үшін, Сократ, — деп айқайлап жіберді Главкон,— ойынды бітірген адам
сияқты қашқалақтама. Егер сен игілік туралы сұрақты әділеттілік, парасаттылық және
басқалар сияқты жіктеп көрсетсең, сол бізге жеткілікті.
Маған, қадірлім, одан да жеткілікті болар еді. Мен қалайда қателеспеуім керек,
әйтпесе, қисынсыз әуреленіп, күлкіге қалармын. Әзірше, менің сүйкімділерім,
игіліктің өзінің не нәрсе екенін біз уақытша қарастырмай қоя тұрайық, өйткені,
меніңше, ол қазіргі менің пікірлерімнің жетер деңгейінен жоғары тұр. Ал енді
игіліктен туындайтын, оған өте ұқсайтын нәрселер туралы, егер сендер қаласаңдар,
мен қуана-қуана әңгімелесер едім, ал қаламасаңдар, онда бұны да қояйық.
Әрине, айт, оны тудыратын күш туралы сен бізге кейінірек айтарсың.
Мен сендерге осы қарызымды толық өтесем деп едім, қазіргідей тек пайызын ғана
емес. Әзірше пайызын ала тұрыңдар, яғни игіліктің өзінен туындайтындарды. Бірақ
сақтаныңдар, қате есептеп, мен сендерді байқаусызда алдап кетпейін.
Біз шамамыз келгенше сақтанамыз. Бірақ сен жалғастыра бер.
Сонда да сендердің келісімдеріңді алып және бұрын да сендермен бұл туралы
айтқанымызды, жиі-жиі еске салғанымызды ескертемін.
Сонда нені?
Біз көптеген әдемі заттар, көптеген игіліктер және басқа да нәрселер бар деп
есептейміз, оларды бір-бірінен анықтамалар арқылы ажыратамыз.
Иә, біз солай деп есептейміз.
Сонымен қатар, өздігінен әдемілік, өздігінен игілік бар деп және тағы да басқа
заттар туралы, олардың көп екенін мойындап-ақ, айтамыз. Ал әр заттың не екенін біз
сол әр заттың өзіне тән біртұтас идеяға сәйкес белгілейміз.