Page 234 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

234
айтқандай, ол өзіне ең қажетті және аса маңызды білімде жетістікке ешуақытта жете
алмайды.
Иә, ол ең маңыздысы емес пе? Біз талдағандардан басқа, әділеттіліктен маңызды
бірдеңе бар ма?
Иә, одан да маңызды бір нәрсе бар, оны жалпы суреттеп қана қою жеткіліксіз,
керісінше, онда ешнәрсені жіберіп алуға болмайды, барлығы аяқталған болуы керек.
Маңызды емес заттарға барынша дәл және таза болуы үшін бар қабілетін жұмсап, ал
ең маңыздығы келген кезде мұқияттылықты қажет етпеу күлкілі емес пе?
Игілік (эйдос) идеясы
Әрине, сенің ескертуің бағалы — бірақ бұл маңызды білім неде, ол не туралы,
қалай ойлайсың? Әлде саған бұл сұрақты қоймай, жібере салады деп ойлайсың ба?
Мен оған сеніңкіремеймін — сен де сұрақ қой. Сен ол туралы аз естіген жоқсың, ал
қазір сен не ойланбайсың, не маған әдейі өзінің араласуыңмен әбігерлік тауып беріп
отырсың: менің ойымша, соңғысы дәлірек. Сен жиі естігенсің, игілік идеясы — міне
бұл ең қажетті білім; әділеттіліктің және одан басқалардың жарамдылығы,
пайдалылығы соған байланысты. Сен қазір де бұл идеяны жеткілікті білмейтінімізді,
қайталап айтатынымды білген шығарсың. Оны білмегендіктен, онсыз, одан басқалар
туралы біздің көп мөлшерде мағлұматымыз болса да, сені сендіремін, бізге еш нәрсе
көмек бере алмайды, бұл саған әкелетін игілігі туралы ойламастан өзіңе белгілі бір
затты алғаның сияқты. Әлде сен, ол жақсы ма деп ойламай, көбірек мүлікке ие болуды
ғана басты деп ойлайсың ба? Мүмкін, әдемілік және игілік туралы тіпті де ойланбай-
ақ, не нәрсені болса да түсінуге болар?
Зевспен ант етемін, мен олай деп ойламаймын.
Бірақ сен білесің ғой, көпшіліктің ойынша, игілік ләззат алудан, ал жан дүниесі
нәзік адамдар үшін — түсініктен тұрады.
Әрине.
Білесің бе, достым, бұл көзқарасты ұстанғандар бұл түсініктің не нәрсе екенін
көрсете алмайды, бірақ соңында оны жақсылықты түсіну деп айтуға мәжбүр болады.
Бұл күлкілі.
Күлкілі болмай ше, "игілік" деген сөзді жиі-жиі айта берсе, бізге олардың не
айтқаны түсінікті болатындай-ақ және бізді игілікті білмейсіңдер деп жазғыра отырып,
тағы да оны жақсылықты түсіну деп атап, содан соң бізбен соны білетін адамдар
ретінде сөйлеседі.
Нағыз шындық.
Игілікті ләззат деп түсінетіндер аз қателесе ме? Олар да аздырушы
құмарлықтардың болатындығын мойындамайды дейсің бе?
Одан да жаман құмарлықтар болады.
Менің ойымша, олар игілік пен жамандықты бір деп ойлайды. Олай емес пе?
Дәл солай.
Яғни, түсінікті, бұның барлығында даулы нәрсе өте көп.
Әрине.
Ары қарай. Әлде бұл да түсінікті емес пе: көпшілігі өздеріне әділетті, тамаша
болып көрінген нәрсені, шындығында ол солай болмаса да, тандап алып, соған сәйкес
әрекет жасар еді, игілікке келер болсақ, бұл жерде ешкім алдамшыға қанағаттанбайды,
барлығы нағыз игілікті іздейді, ал алдамшыны кез келгені елемейді.
Ол шартсыз.
Игілікке кез-келген жан ұмтылады, сол үшін қолдан келгенін жасайды; ол игіліктің
белгілі бір нәрседен тұратынын, онда бір нәрсе бар екенін сезеді, бірақ оның не нәрсе
екенін түсіне алмайды. Игілікке ол басқа нәрселерге сияқты сеніммен арқа сүйей