233
Олар сенде аз ғана болатынын есінде сақта: олардың табиғаты біз талдағандай
болуы керек, өйткені ондай бітімдердің қасиеттері бізде өте сирек кездеседі: көп
жағдайда олар шашыраңқы болады.
Сен нені айтып отырсың?
Танымға деген қабілеттілік, есте сақтау, шешендік, зеректік және онымен
байланысатының бәрі, әдетте, сен білетіндей, барлығы бірге кездеспейді, ал жас
балаша жалынды және жарқыраған ақылы бар адамдар әрқашан ырғақпен және тыныш
өмір сүруге қабілетсіз; керісінше, өздерінің белсенділігімен олар жан жаққа алып-
ұшып тұрады және барлық тұрақты нәрсе оларға жат.
Сенікі дұрыс.
Егер адамдар мінез-құлықтарының тұрақтылығымен ерекшеленсе және өзгергіштік
оларға жат болса, оларға сенуге болады, олар соғыста да қорқынышқа берілмейді; осы
қасиеттер білімді игеруде де көрінеді: олар оңай берілмейді, шырмауда қалған сияқты,
олардың қабылдауы қиын және ал бір нәрсені меңгеру керек болса, олардың ұйқысы
келіп, есінейді.
Ондай болады.
Сонымен қатар біз ондай адам толығымен осы қасиеттерге ие болуы керек деп
айтқанбыз, әйтпесе оған ондай тәрбие берудің, оған құрмет көрсетіп, билікті беріп
қоюдың қажеті жоқ.
Бұл дұрыс.
Бірақ осы аталғандардың үйлесімділігі сирек кездесетінін байқайсың ба?
Иә, сирек.
Яғни, біз бұрын айтқандай, адамды қиындықтарда, қауіп қатерлерде және
қуаныштарда тексеру керек. Сонымен қатар, оған бұрын айтылған нәрселерді: оның ең
жоғарғы танымдарды қабылдауға қабілеттілігін байқап, ол адамдардың басқа бір
істерден жасқанып, қорқа ма, соны бақылап, оны көптеген ғылымдарға үйретуді
қосайық.
Оны бақылау керек. Бірақ қандай танымдарды сен жоғары деп есептейсің?
Мүмкін, жанның үш түрін ажыратып, біз әділеттілік, парасаттылық, ер жүректілік
пен даналық туралы, әрқайсысының не екенін анықтап, қорытынды жасағанымыз
сенің есінде болар.
Егер оны мен есімде сақтамасам, ары қарай тыңдауға құқылы болмас едім.
Ал оның алдында не айтылғаны туралы сенің есінде бар ма?
Нақтырақ айтсақ, ол не?
Біз бұл қасиеттерді жақсырақ қарастыру үшін басқа, ұзақ жол бар екенін
айтқанбыз, егер ол жолмен жүрсек, олар анығырақ болады, бірақ бұрын
айтылғандардан да керекті қорытынды жасауға болады. Соңғыны біз жеткілікті
санадық, сөйтіп, менің ойымша, нақты қорытындылар шықпады. Ал олар сендердің
көңілдеріңнен шыға ма, оны өздерің айтыңдар.
Маған олар барынша дәлелді болып көрінді — деді Адимант, — басқаларға да
солай.
Қымбаттым, өлшем бұндай заттарда егер ол шындықтан сәл болса да артта қалса,
онда барынша дәлелді бола алмайды. Өйткені жетілмеген нәрсенің өлшемі бола
алмайды ғой. Кейде кейбіреулерге осының өзі жеткілікті, ал ары қарай ізденістер
артық болып көрінеді.
Ондай әсер адамдарға немқұрайлылықтан пайда болады.
Бұған, әсіресе, мемлекет пен заңның қорғаушысы мойын ұсынса керек.
Әрине.
Олай болса, достым, оған ұзағырақ жолмен жүру керек және гимнастикалық
жаттығулардан гөрі білім алуға көп күш жұмсау керек, әйтпесе, біз жаңа ғана