232
Әрине, қарсы емеспін.
Сонымен, бұл жерде біз оларды көндірдік деп есептейміз. Бірақ мынаны кім жоққа
шығарады: патшалардың және билеушілердің ұрпақтарында философиялық бітімдер
кездесуі мүмкін ғой...
Бұнымен ешкім дауласпайды.
Ал егер ондай бітімдер кездессе, олардың бұзылып кетуі қайтпас нәрсе ме?
Олардың өздерінің кетуінің қиын екенін біз мойындаймыз. Барлық уақыттарда
олардың ішінен біреуіне де аман қалу жазбағаны шын ба?
Тіпті де олай емес.
Сонымен қатар өз қарауында мемлекеті бар біреудің пайда болуы-ақ жеткілікті, ал
адам қазір басқалар сенбейтін нәрсенің бәрін жасайды.
Оның бір өзі де жеткілікті болар еді.
Егер билеуші біз талдаған заңдар мен салт-дәстүрлерді орнатса, азаматтардың
оларды шын көңілдерімен орындауы мүмкін.
Ол мүмкін.
Біздің көзқарастарымызға басқалардың қосылуы олар үшін мүмкін емес пе?
Мен өз басым олай деп ойламаймын.
Сонымен қатар, менің ойымша, біздің бұрын жеткілікті түрде талдағандарымыз,
біздің ұсынғандарымыз — егер ол іске асырылса, нағыз керемет болар еді.
Иә, біз оны жеткілікті түрде талдадық.
Ал енді бізде заң шығару туралы былай болады: біз айтқандарымыздың барлығы
дұрыс, ол қиын, бірақ ол мүмкін.
Солай болып тұр.
Біз бұл сұрақты зорға дегенде тамамдасақ, қалғандары туралы да айтуымыз керек.
Мемлекеттік істерді жүргізу мүмкіндігіне адамдар қандай ғылымдар мен ілімдердің
арқасында, қалайша ие болады? Олардың әрқайсысы неше жасында қандай іске
кіріседі?
Иә, ол туралы айту керек.
Мен бұрын әйел алу, бала туу және үкімет қызметіне тағайындалуға байланысты
қойылған қиын сұрақтарды ертерек алып тастау үшін ешнәрсені алдын ала
ойластырғам жоқ, — мен нағыз шындық жағымсыз және ауыр болатынын білдім;
сонда да қазір бұл сұрақты қарастырудың қажеттілігі аз емес екендігіне көзіміз жетіп
отыр. Әйелдер мен балаларға қатысты айтсақ, ол орындалды, ал билеушілер туралы
талдауды қайта бастауға тура келері сөзсіз.
Егер сенің есіңде болса, біз оларға өз мемлекетіне деген қуанышта да, қайғыда да
сыннан өткен махаббат тән дегенбіз, ол ережелерінен олардың ешбір қиындықта
болсын, қауіп-қатерде болсын, немесе тұрақсыздықта болсын бас тартпайтыны айқын
болуы тиіс. Бұл жерде кім әлсіз болса, соны қабыл алмауға тура келеді, бірақ
алтынның оттан шыққанындай бұл сынақтан кім таза шықса, соны билеуші етіп қою
керек, оған ерекше құрмет көрсетіп, осы өмірінде де, өлгеннен соң да сыйлықтар беру
керек. Біздің әңгімеміз мұны жанап өткен кезде осы айтылған болатын, бірақ ол сол
арада-ақ біздің алдымыздан қазір шыққан нәрседен қорқып, тығылып қалған.
Нағыз шындық, ол менің есімде.
Сол кезде менің, достым, қазір айтуға бел буған нәрсені айтуға батылым жетпеді.
Өте тиянақты күзетші ғып философтарды қою керек деп батыл айтайық.
Бұл да айтылсын.
Тағы философтың табиғаты және төрт қайырымдылық туралы