Page 231 - ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА 1

Basic HTML Version

231
қарсы күресуге уақытын жібермейді. Небір түзу және мәңгі тепе тендікті қызықтай
отырып, оған ұқсауға тырысады және оған барынша теңдеседі. Әлде сен таңдануға
тұрарлық ұқсауға болмайтын зат бар деп ойлайсың ба?
Ол мүмкін емес.
Қасиетті және бір тәртіпке келтірілген нәрсемен қатынасқа түсе отырып, адамның
бойындағы бар күшке сай, философ та тәртіпті және қасиетті болады. Әлемде не нәрсе
бар болса, соны жамандауға болады.
Иә, солай.
Ендеше, өзінің жеке басының жетілуімен ғана шектелмей, егер философ та
адамдардың жеке және қоғамдық өміріне өзінің ойлағанын кіргізуге деген қажеттілік
туса, одан пайымдау, әділеттілік және барлық халыққа пайдалы қайырымдылық
жағынан нашар шебер шығады деп ойлайсың ба?
Жаман шебер шықпас.
Егер адамдар біз олар туралы шындықты айтатынымызды ұқса, олар философтарға
наразылық білдіре ме және мемлекеті, суретшілер құдайдың жасаған үлгісіне қарап
жасамаса, еш уақытта гүлдемейді деген біздің пайымдауымызға қарсы шықпас еді.
Егер түсінсе, онда наразылық та білдірмейді. Сен қандай кескін туралы айтып
отырсың?
Адамдардың мінездері мен мемлекетті тақтай сияқты алдымен тазалап алар еді, ол
тіпті де қиын емес. Ең алдымен олар жеке адамдарға да, мемлекетке де тиіспей, оны
тазалап алмай заңдар енгізуді қаламайтындығымен ерекшеленеді.
Ол дұрыс.
Одан соң, олардың мемлекеттік құрылымның кескіні жасайтыны рас қой.
Дәл солай.
Содан соң, меніңше, бұл үлгіні жасай отырып, олар екі нәрсеге: табиғатынан
әділетті, керемет, парасатты және т.б., және де осының барлығының адамдарда қалай
бар болатынына көңіл аударады. Адамдардың мінез-құлқын араластыра және бір-
бірімен байланыстыра отырып, олар Гомер құдай тәріздес, құдай кескіндес деп атаған,
адамға тән қасиеті бар адамның алғашқы бейнесін жасайды.
Бұл бір керемет сурет болар еді!
Ал сенің сөзің бойынша, бізге қарсы шыққандарды біз бұрын мақтаған, мемлекетті
сеніп тапсырып қойды деп олар сенбеген, мемлекеттік құрылымның сызушысы
осындай екеніне біз сендіре алмаймыз ба? Егер олар қазір бізді тыңдаса, қалайша олар
жұмсармайды?
Әрине, олардың естері дұрыс болса, сенеді.
Олардың қандай қарсылықтары болуы мүмкін? Философтар ақиқат пен болмыстың
ең қыштар бас иушілер емес пе?
Олай болмауы оғаш болар еді.
Немесе біз талдаған философиялық бітім ең биік игілікке туыс емес пе?
Бұл да сол сарында.
Ары қарай. Егер ол болмаса, онда қандай басқа бітім, оны өзіне сай қолданатын
болса, толығымен ізгілікті және философиялық бола алады? Мүмкін біздің теріске
шығарған бітімдерімізге қатысты мүмкін біз осыны айта алармыз?
Әрине, жоқ.
Әлде мемлекеттің билеушісі философтардың қауымы болмай немесе іс жүзінде біз
сөзбен суреттеп берген мемлекеттік құрылым іске аспай, біздің мемлекет үшін де,
азаматтар үшін де бақытсыздық таусылмайды деген сөздеріміз оларды ызаландыра ма?
Мүмкін оларды сол ызыландыратын шығар, бірақ қазір ондайлар аздау сияқты.
Егер сен қарсы болмасаң, олар тек аз ғана ызаланып қоймай, мүлдем тынышталып
қалды және өздерін сендіруге тек ұялғандықтан ғана көнді дейік.