230
тең немесе қайырымдылықтың өзіне сай болатын адамды, біреуді де, ондай көп
адамдарды да — олар ешуақытта көрмеген. Немесе, сенің ойыңша, олар көрді ме?
Ешқашан.
Иә, менің сүйкімдім, оларға ынтамен және барлық мүмкіндіктермен ақиқатты
таным үшін іздеген және даңқпен немесе соттардағы және жеке қатынастардағы
қарсыласуларға еш жанаспайтын тамаша және парасатты пайымдаулардың
тыңдаушысы болу жазған жоқ.
Иә, ондай пайымдауларды олар естіген жоқ.
Міне сондықтан, біз сол кезде осыдан қауіптенсек те, ақиқатқа талпынып, біз
мемлекет те, оның құрылымы да, жеке адам да, оларды қазір пайдасыз деп атайтын,
тіпті де ақылсыз емес адамдарды — аз ғана осы философтарды мәжбүр ететін
қажеттілік тумай, — мемлекет туралы олар, оны қажет ете ме, етпей ме, (мемлекет те
оларды тыңдауы керек), немесе белгілі бір қасиетті сезіну арқылы нағыз философияға
қазіргі билеушілердің және патшалардың ұлдары немесе олар өздері құмарлықпен
талпынбаса; ешуақытта жетілмейді. Осы екі мүмкіндіктің қайсысы болмасын немесе
олардың екеуі де — іске аспайтын әрекет деп есептеуге менің ешқандай негізім жоқ.
Әйтпесе, бізді әділетті түрде құр бос тілектермен айналысқанымыз үшін күлкіге
айналдырар еді. Солай емес пе?
Иә, солай.
Идеалды мемлекеттің іске асырылуы
Егер философиядағы атақты адамдар үшін өткен күндер шексіздігінде немесе
қазіргі күні өз қолына мемлекеттің қамқорлығын алу қажеттілігі туса біздің көзіміз
жетпес алыста белгісіз бір тағылардың жерінде — немесе осындай қажеттілік
кейінірек туса, біз мемлекеттік құрылымның болғаны, бар екені және болатыны
туралы өз көзқарасымызды қорғап қалуға барымызды саламыз, дәл осы Муза
мемлекеттің билеушісі болса, ондай құрылымның іске асырылуы әбден мүмкін,
мүмкін емес екендігі туралы біз айтпаймыз. Ал оның қиын екендігін біз де
мойындаймыз.
Мен де осымен келісемін.
Бірақ сен көпшілік онымен келіспейді дейсің.
Солай болар.
Құрметтім менің, көпшілікті осылайша кінәлай беруге болмайды. Егер сен жайлап,
ақырын ғана танымға деген махаббаттың жаман атын теріске шығарсаң, сеніңше
көпшілік ген олар философтар деп есептейтіндерді айтып отыр деп ойламас үшін,
философтардың қаңдай екенін көрсетсең және олардың табиғаты мен іс-әрекетін
анықтасаң, олар өз көзқарастарын өзгертеді. Егер көпшілік оларға солай қараса,
шындығында, олардың пікірі басқа болып өзгерді және олар туралы басқаша айтады
дерсің. Сен кімде-кім ызаланбаған идамға ызаланып, қызғаншақ емес адамға
қызғанышпен қарауға батылы барады деп ойлайсың ба? Сенің жауабыңды алдын ала
болжай отырып, менің айтарым, меніңше, ондай ауыр мінез өте аз адамдарда ғана
кездеседі, көпшілікке ол тән емес.
Тыныштал, мен сенің көзқарасыңды құптаймын.
Ал сен көпшіліктің философияны ұнатпауының себепкері көрінген жерде шулап,
мұрындарын тыға беретін, адамдары жамандап, оларға жаулық танытатын, басқаша
айтқанда, философтарға жат қылық танытып, өздерін жаман ұстайтын басқа адамдар
екендігіне сен келісесің бе?
Толығымен келісемін.
Сонымен қатар, Адимант, өзінің ойын шындығында болмысқа бағыттаған адам
төменге, адамның күнделікті тіршілігіне қарамайды, қызғаныш пен жаманшылыққа