229
Жалпы алғанда сол. Сол мемлекетте заң шығарушы заңды бекіткен кезде,
сенікіндей пікірді ұстанатын белгілі бір бөлік әрқашан өмір сүруі керек деп айтылып
еді ғой.
Иә, солай деп айтылған.
Бірақ сендер алдын ала бұл сұрақты талдау ұзақ және қиын болады деп
қорыққандықтан, ол дұрыстап түсіндірілмей қалған. Басқаларын да талдап беру оңайға
түспейді.
Дәлірек айтсақ, нені?
Философияны мемлекетте бұрыс пайдаланудан арылудың жолдары
Философияны одан мемлекет жапа шекпеуі үшін қалай пайдалану керек? Өйткені
барлық ұлылық тұрақсыз, ал мақалға сай, тамашалық шын мәнінде қиын.
Бірақ біздің дәлел тек ол көзге көрінетіндей айқын болған кезде ғана соңына
жетеді.
Кедергі тілектің жоқтығынан емес, күштің жеткіліксіздігінен болады. Сен менің
жігерімді қазір өзің де көресің: қара, мен мемлекет іске қазіргідей емес, дәл қарама-
қарсы жағдайда кірісуі керек деп айтуға батылдықпен кірісіп отырмын.
Қалай?
Қазіргі уақытта, кімде-кім философиямен айналысса, ол балалық шақтан жаңа ғана
асқан жасөспірімдер: үй болып және іспен айналыспастан бұрын олар философияның
ең қиын бөлігіне кіріп кетіп, өздерін ең білгір деп көрсетіп, кейін оны тастап кетеді,
ондағы қиындық деп мен дәлелдеуге қатыстыны айтамын. Кейіннен, егер басқалардың
— философиямен айналысатындардың ақыл беруіне сай — олардың тыңдаушылары
болуды қаласа, онымен ара-тұра ғана айналысу керектігін біле тұрса да, оны ұлы
жетістік деп санайды.
Ал қартайған шақтарында олар, кейбіреулерінен басқалары, Гераклиттің күнінен де
тез өшіп қалады, одан кейін ешқашан қайта жанбайды.
Ал философиямен қалай айналысу керек?
Басқаша. Жасөспірімдер мен ұл балалар өздерінің жастық шағына сай, олар өсіп-
жетіліп, ер жеткенге дейін өздерінің денелерін шынықтыра отырып, тәрбие алуы және
философияны меңгерулері қажет; бұл философияға көмек болады. Жастары өсіп,
жандары жетілген сайын, оны бар күштерін салып жаттықтырулары керек. Олардың
күштері таусылып, азаматтық және әскери міндетті орындау қолдарынан келмейтіндей
болған кезде оларға, ақырында, бостандық туады. Ара-арасында болмаса, олар шат-
шадыман өмір сүруді қаласа, ал өлгеннен соң сүрген өміріне басқа өмірдің үлесін
қосып, басқа ешнәрсемен олар айналыспайды.
Шындығын айтқанда, Сократ, сен, меніңше, қызуланып айтып отырсың, бірақ,
менің ойымша, Фрасимахтан бастап көпшілік тыңдаушылар одан да өткен қызулықпен
саған қарсы шығады: өйткені сен оларды ешнәрсеге сендірмедің.
Мені Фрасимахпен ұрсыстырма; біз жаңа ғана дос болдық, бұрын да бір-бірімізге
жау болмағанбыз. Оны және басқаларды әбден сендіргенше, осы өмірінде қандай да
бір пайда әкелмейінше, олар қайта туылған кезде осыған ұқсас сұрақтарға тағы
кездеспес үшін, мен бар тәсілді пайдаланбай қоймаймын.
Сен аз уақытқа жасырасың!
Бұл мәңгілікке қарағанда өте аз мезгіл. Ал көпшілік адамдардың басқалардың
сөздеріне сенбейтіні танданатын нәрсе емес. Өйткені олар біз айтқандарды ешуақытта
көрген жоқ, — олар үшін бұл бір-бірінен қазіргідей өз-өзінен туатын тұжырымдар
емес, бір-біріне әдейі сәйкестендірілген фразалар ғана. Мүмкіндіктер шегінде істе де,
сөзде де жетістікке жететін және осындай мемлекетте билік құратын қайырымдылыққа