228
Ондай адамдардан не болуы мүмкін? Олардың ұрпақтары заңсыз туған және
жарамсыз болмай ма?
Ол сөзсіз.
Тәрбиеге тұрғысыз адамдар философияға жақындағанда оған сай емес қылықтар
көрсетсе, одан біз қандай пікірлерді күте аламыз? Шындығында, оларда шындықтың,
ойдың болмағандығынан олар дана деп айтуға лайықты емес.
Өте дұрыс.
Адимант, философиямен айналысуға лайық өте аз ғана адам қалатын түрі бар: бұл
қандай қудалауға шалдықса да, жақсы тәрбие алғандықтан өз жанының
парасаттылығын жоғалтпаған адам — құрдымға жіберер жайлар болмаса, әрине,
философияны тастамайды, — не ол кішкене мемлекетте туған, жаны ұлы адам: өзінің
мемлекетінің ісіне ол жек көрінішпен қарайды. Әрине, сонымен қатар, философияға
басқа да өнерлердің өкілдері бет бұрады: жақсы табиғи қасиеттерге ие бола отырып,
олар өздерінің бұрынғы істеріне әділетті түрде менсінбей қарайды. Біздің досымыз
Феагты ұстап қалған жіп сияқты жіп ұстап қалуы мүмкін: философиядан кетуге оны
барлығы мұқтаж етті, бірақ оның аурушаңдығы оны қоғамдық істерден ұстап тұр.
Менің жеке басымның жағдайы жайлы — құдайлылық туын — еске алудың қажеті де
жоқ: ондай жағдай ешкімнің басында бұрын болмаған шығар.
Осылардың санатына кірген аз ғана адамдар, философияның дәмін татып, оның
қандай тәтті және жанға рахат әкелетінін білгендер; олар көпшіліктің ессіздігіне
тойған және мемлекеттік істерде ешкімнің дені дұрыс нәрсе жасамайтынын және ол
жерде онымен бірге оң іске көмекке келуге болатын одақтас табуға болмайтынын
көрді, керісінше, егер адам андардың арасына түсіп қалғандай олармен қосылып
әділетсіздік жасауға қарсы болса, оның жалғыз өзінің барлық жабайы қарсыластарын
жеңуге шамасы келмейді, ол мемлекетке және өзінің достарына пайда әкеліп үлгірмей,
өзі үшін де, басқалар үшін де пайда әкелмей қаза болады. Осының барлығын ескере
отырып, ол тыныштық сақтайды және ауа-райы нашар күні қабырғаның артына
тығылған адамға ұқсап, өзі ісін жасай береді. Басқалардың заңсыздықтан зардап
шеккенін көре отырып, егер ол осы өмірде жалғандық пен арсыздықтан таза болса, ол
өзіне разы болады, ал өмірден кетер кезінде жақсылыққа кенеліп, қуанып өтеді.
Яғни, ол коп нәрсеге қол жеткізеді ғой.
Бірақ өзінің қолынан келетінге аяғына дейін қол жеткізе алмай өтеді, өйткені
мемлекеттік құрылым оған сай емес. Өзіне сай құрылым болса, ол өзі де жетістікке
жетер еді, қоғамдық жетістікті де сақтар еді.
Енді философияға келсек — неліктен оның жаман атаққа ие (ол әділетсіздік қой)
екендігі туралы сенің басқа ескертулерің болмаса, жеткілікті түрде айтылды.
Мен бұған ешнәрсе қоспаймын. Сен қазіргі бар мемлекеттің құрылымдар оған сай
келеді деп ойлайсың ба?
Бұзылған мемлекеттік құрылым философқа өте жаман әсер етеді
Ондайлар жоқ. Қазіргі мемлекеттік құрылымдардың ішінде ешқайсысы
философтың жанына сай емес. Ондай жан мұндай құрылымда бұзылады және өз
кескінін өзгертеді. Жат жерден әкелген дәндер бөтен топыраққа егілген кезде өзінің
қасиеттерін жоғалтып, жергілікті өсімдіктердің қасиеттерін қабылдайтыны сияқты,
ондай адамдар да қазіргі кезде өздеріне жат мінезге ие болып, өз мүмкіндіктерін іске
асыра алмайды. Бірақ ондай жан өзі сияқты керемет құрылған мемлекетке тап болса,
— сонда ғана ол өзінің құдайлық жанға ие екенін біледі, басқалар — басқа жандар мен
басқа кәсіптер — адамдықтан өзге ешнәрсе емес.
Әрине, сен осыдан кейін бұл неғылған мемлекеттік құрылым деп сұрарсың.
Сен таппадың. Мен олай емес: бұл біз мемлекетіміздің негізін қалаған кезде
талдаған құрылым ба, әлде басқа ма, деп сұрамақ болдым?