226
ызаландырады; осының барлығын оны күтіп-баға отырып және ұзақ уақыт бойы үйренсе,
осыны даналық деп атағандай, сол көпшіліктің көзқарастарына және жиындарда айтылған
пікірлер ұстанып оқытады және оны даналық деп атайды. Көпшіліктің көзқарастары мен
қажеттіліктері туралы шындығында еш нәрсе білмей; қайсысы жақсы, қайсысы ұят, жақсы
ма, жаман ба, әділетті ме әділетсіз бе, ол үлкен аңның пікіріне сай осыларды дұрыс
анықтамай; ол игілік дейтіндерді ұнататынын, оған ұнамайтындарды — зұлымдық деп,
олар туралы басқа ұғымдары жоқ, бірақ қажетті нәрсенің барлығын әділетті және керемет
деп атайды, ал қажеттілік пен игіліктің табиғаттарының әртүрлілігін олар көрмейді және
басқа адамға көрсете алмаса да нұсқаулар беріп, оларды сабақ беруге ұсынады. Егер ол
осындай болса, Зевс үшін айтшы, ол саған біртүрлі қызық тәрбиеші болып көрінбей ме?
Маған — солай.
Ал одан даналық ретінде көпшіліктің жиынына ұнайтынды — сурет өнерінде
болсын, музыкада болсын немесе тіпті саясатта болсын — есептейтін адамның
айырмашылығы неде? Егер олармен әңгімелесе отырып, ол өзінің ақындық немесе
басқа шығармаларын, тіпті өзінің мемлекетке қызметін көрсетсе, онда ол
қажеттіліктен гөрі бұл көпшілікті өзінің билеушісі етеді, онда "Диамедтің қажеті"
дегенге сай, ол көпшілік мақұлдайтын нәрселерді орындайды. Ал шындығында бұл
жақсы немесе тамаша ма — сен олардың біреуінің өзіне есеп бергені туралы және ол
күлкі тудырмағаны туралы естідің бе?
Менің ойымша, ешқашан естімеймін.
Олай болса, осының барлығын ескере отырып, біздің бұрынғы айтқандарымызды
еске түсір: тобырдың көптеген әдемі заттардың емес, жалпы сұлулықтың бар екенін,
көптеген жеке заттардың емес, әр заттың өзінің жеке мәнінің бар екенін мойындауы
мүмкін бе?
Бұл мүлдем мүмкін емес.
Философ пен тобырдың антагонизмі
Яғни, тобырға философ болу тән емес қой.
Иә, тән емес.
Онда, философиямен айналысатындар оның намысына тиеді.
Иә, ол сөзсіз.
Және қарамен байланысты болып, оған жағуға тырысатын жеке адамдардың да
намысына тиеді.
Осыдан кейін, философиялық жанға өзінің кәсібін тастамай және өз мақсатына
жету үшін оны құтқарудың қандай жолы бар? Бұрын айқандарымыздың негізінде
шешімін тап: біз ондай адамға жақсы қабілеттілік, есте сақтау, ер жүректілік және
жоғарғы ойлау тән деп мойындағанбыз.
Иә.
Ондай адам жас шағынан бастап, әсіресе, егер оның тәні де жаны сияқты болса,
басқалардың алдында болады.
Неге олай болмасқа!
Оның жақындары мен жерлестері ол өскен кезде оны өз істеріне пайдалануға
тырысады.
Олай болмай ше?
Яғни, олар оның құдіреттілігін пайдалану үшін алдын ала оған әртүрлі
сұраныстармен келеді, жағыну үшін құрмет көрсетеді.
Иә, ол жиі болып тұрады.
Ондай адам, сенің ойыңша, әсіресе, ұлы мемлекеттің азаматтарының бірі болса,
онда ол бай және атақты, сонымен қатар, мүсіні сомды, түрі көзге түсерліктей болса,