225
Дәл солай, Адимант, ең дарынды деген жан жаман тәрбие көрсе, өте жаман болып
жетіледі дей аламыз ба? Әлде сен нағыз қылмыстар мен ең шегіне жеткен
бұзылғандық қызу жанның тәрбиесінің жамандығынан емес, дарынсыздықтың әсері
деп ойлайсың ба? Әлсіз жан ешқашан ұлы игіліктердің де, үлкен зұлымдықтардың да
себебі бола алмайды.
Мен сенімен келісемін.
Егер біз анықтаған философтың табиғаты тиісті кәсіби дағдыға ие болса, онда дами
отырып, ол кез-келген қайырымдылыққа міндетті түрде жетеді; бірақ ол қажетті
топыраққа егілмесе, оған құдайлардың біреуі көмекке келіп жатпаса, керісінше
болады, әлде сен көпшілік сияқты, жастардың біразын ғана софистер бұзған, оларды
жеке адамдар бұзады және тек солар туралы ғана айту керек деп есептейсің бе?
Сонымен катар, олай дейтіндер жастар мен қарттарды, ерлер мен әйелдерді қайтадан
тәрбиелеуге және өз ығына қарай қайта тартуға қабілетті ұлы софистер болып
табылады.
Олар қай уақытта олай жасайды?
Қалың тобыр халық жиындарында, немесе соттарда, әскери лагерьлерде, ең
соңында кейбір жалпы жиындарда шумен кейбіреулердің сөйлеген сөзін немесе іс-
әрекеттерін шектен шығып, құптайды немесе сылайды; олар айқайлайды, қол соғады,
олардың балағаттары мен құптаған мақтаулары өздері отырған жердегі жарға соғылып,
шу одан ары екі есе қатты шығады. Бұндай жағдайларда, жасөспірімнің жүрегінде не
болады? Оның алдында жеке алынған тәрбие қалайша төтеп бере алады? Ол осы
балағат пен мадақтаудың ағылуымен жабылып, жоқ болып кетпей ме? Жасөспірім,
солар сияқты, олар жақсы немесе ұят деп есептеген нәрсені дұрыс деп есептеп, қолдай
ма, әлде онымен айналыспай ма? Ең соңында, ол өзі де сондай болмай ма?
Бұл сөзсіз, Сократ.
Сонымен қатар, біз ең үлкен қажеттілік туралы айтқан жоқпыз.
Қандай?
Сөздері сенім тудырмаған кезде, тәрбиешілер мен софистер тыңдамағандарды
азаматтық құқықтан айырумен, ақшалай салық салумен, тіпті өлім жазасына кесумен
жазалағанын білмейсің бе?
Иә, олар ондай шараларға оңай барған.
Сенің ойыңша, қандай софист немесе оларға қарсы бағытталған жеке адамдардың
дәлелі бұны көтере алады?
Менің ойымша, ондай софист жоқ.
Иә, жоқ. Тіпті ондай әрекетті жасаудың өзі өте ақылсыздық болар еді. Көпшіліктен,
яғни адамгершілікке, тәрбие алғандар, қайырымдылыққа қарама-қарсы пікірде
болмаған, меніңше, болмайды да, бірақ достым, құдайлылық тәрбиеге мақалға сай, біз
(назар аудармаймыз). Бір нәрсені нақты білу керек: егер бұндай мемлекеттік
құрылымда бір нәрсе болса да аман қалса, барлығы өз орнында болса, сен сақталып
аман қалғанның барлығы құдайдың үлесі дейсің — және сен дұрыс айтасың.
Иә, менің ойымша барлығы солай сияқты.
Оған қоса мынаған сенімді бол...
Неге?
Софистер тобырдың көзқарастарын мақұлдай береді
Бұл ақша алатын адамдардың әрқайсысы (көпшілігі оларды софистер дейді және олардың
өнері өзіне қарсы бағытталған деп есептейді) біреу үлкен және күшті анды баға отырып,
оның мінезі мен талаптарын түсініп, оған қай жағынан жақындауға, қалай оны сипалауға
болатынын, қай кезде және неліктен ол ызаланады немесе тынышталады, қандай жағдайда
қандай дыбыстар шығарады және қандай сыртқы дыбыстар оны тыныштандырады немесе