224
Оны ақиқат жетелеп келе жатса, менің ойымша, біз оны зұлымдықтың қол ұстасқан
тобы жетелеп келеді деп ешқашан айтпаймыз.
Қалайша олай деуге болады!
Оны дені дұрыс және әділетті мінез, ал соңынан — зерделілік жетелейді.
Дұрыс.
Ал басқа философиялық ақылдың құрылымына ие адамдардың қасиеттерінің қол
ұстасқан тобы ше? Оны қайтадан тұрғызып қажеті не, — оған ер жүректілік, кең
пейілділік, зеректік, есте сақтау кіретіні есінде шығар. Сен пайымдауларды шетте
қалдыра отырып, оның орнына сөз болып жатқан адамды сыртынан бақылап, кез-
келген адам біз айтқан нәрсемен келісуі керек дегенге қарсы шықтың, кез-келген адам
олардың ішінде керексізді де, ал көп жағдайда тіпті жарамсыз адамдарды да көретінін
айтар еді. Олардың осы жаман әдеттерінің себебін қарастыра отырып, біз қазір
олардың көпшілігі неліктен түкке тұрғысыз деген сұраққа тірелдік және сол үшін біз
қайтадан нағыз философтардың табиғи қасиеттерін талдауға кірістік және оларды
анықтауға міндетті болдық.
Иә, солай.
Иә, ондай жанның бұзылуына, көпшілігінде оның қалай қурап бара жатқанына
көңіл болу керек, ал кімде одан аз-маз бір нәрсе қалса, оларды ақымақ демесе де,
пайдасыз деп есептейді. Содан соң оларға еліктейтіндердің, олардың істерін
жасайтындардың қасиеттерін қарастыру қажет, — ондайлардың көптеген қателіктері
(олқылықтары) болады, өйткені олар философиямен айналысуға лайықты емес және
олардың қолынан келмейді. Солардың арқасында философия мен философтарға сен
айтып отырған даңқ жапсырылған.
Сен қандай бүлінушілік туралы айтып өттің?
Мен шамам келгенше оны талдап берейін. Менің ойымша, нағыз философ болуы
үшін біз одан талап ететіннің бәрі бойында бар адам көпшіліктің арасында анда-санда
ғана, тек бір ерекше жағдайда ғана туады дегенге әркім келіседі. Әлде сен олай деп
ойламайсың ба?
Мен сенімен толық келісемін.
Ондай адамдар өте аз, бірақ олар үшін зиянды нәрселер өте коп екенін байқайсың
ба?
Сонда не?
Ондай адамдардың бойындағы біз мақұлдаған қасиеттер жанға зиянын тигізеді
және философиядан басқаға көңілін алаңдатады дегенді естігенде әркім өте танданады:
мен ер жүректілік, парасаттылық, жалпы біз талдағанның барлығын айтамын.
Иә, ондайды есту оғаштау екен!
Сонымен қатар, сұлулық, байлық, тәндік күш, мемлекеттегі беделді туысқан және
осымен байланысты игіліктің барлығы оның көңілін аулап, құртады. Міне, саған
өзімнің ойымдағыларды қысқаша айттым.
Түсінемін, бірақ сенің көзқарасыңмен толық танысуға құштармын.
Оны дұрыстап, толығымен тыңда, сонда сен үшін бәрі әлдеқайда айқындалады
және ол зат туралы бұрын айтылғандар оғаш көрінбейді.
Осыған жетуге қандай ақыл бересің?
Өсімдік болсын, жануар болсын, олардың кез-келген ұрығына немесе дәніне
келсек, егер олар өздеріне қажетті қорек алмаса, климаты мен орны дұрыс болмаса,
олар өздеріне сай құдіретті қасиеттерінен айрылатынын біз білеміз; өйткені жаман
жақсы емеске қарағанда жақсыға қарама-қарсы.
Әрине.
Қорегі өзіне жат болатын болса, ең жетілген деген табиғаттың өзі нашарлайтыны
туралы зерделі ой бар ғой.
Иә, бар.