223
Алдымен сен философтар мемлекеттерде неге құрметке ие болмайтындығына
таңданатын адамға осыны талдап бер және де оларды құрметтеген жағдайда ол
таңдануға тұрарлық екендігіне сендіруге тырыс.
Мен отан талдап беремін.
Тағы да мемлекеттің шынайы басқарушылары хақында
Оған қоса: "Көпшілік үшін, философиядағы атақты адамдардың пайдасы жоқ деп
дұрыс айтасың"— дегенді оған айтшы. Олардың пайдасының болмауына ол атақты
адамдардың емес, оларды еш нәрсеге жаратуды, пайдалануды білмейтіндерді кінәлә.
Өйткені, кеме жүргізушінің теңізшілерді өзіне бағынуын сұрауы немесе
данышпандардың байлардың табалдырығын тоздыруы мүмкін емес қой,— осылай деп
қалжыңдаған адам қателеседі. Ал, керісінше: бай болсын, кедей болсын, егер ол
ауырса, оған емшіге қаралуы керек, ал кез-келген бағыныштылықты керек ететін адам
кім басқара алса, соған бағынуы керек. Егер басқарушы шын мәнінде бірдеңеге
жараса, оған өзінің қол астыдағыларда бағынуды сұрауы жат нәрсе. Қазіргі кездегі
мемлекет қайраткерлерін біз жаңа ғана айтқан теңізшілерге, ал түкке тұрмайды деп
есептейтін адамдарды нағыз кормчийлерге ұқсатқан адам қателеспейді.
Бұл өте дұрыс.
Осындай себептерге сай және осындай жағдайларда ең жақсы істің, керісінше,
басқа іспен айналысатындардың көңілінен шығуы оңай шаруа емес. Бәрінен де
философия өзінің төменгі бағасы үшін олардың ісі осындай істермен айналысу деп
есептейтіндерге қарыз. Сен атап өткен философияны даттаушы оған кездескендердің
көпшілігі ең нашар адамдар, ал ең парасаттылар бұл жерде пайдасыз деген, мен сонда
сен дұрыс айттың деп сенімен келістім, — солай емес пе?
Иә, солай.
Біз енді парасатты адамдардың пайдасыздығының себебін талдадық.
Толығымен талдадық.
Енді көпшіліктің әдепсіздігінің себебін анықтауымызды және бұл жерде де
философияның кінәлі емес екендігін дәлелдеп беруімізді қалайсың ба?
Әрине, қалаймын.
Онда, адамның мінсіз болуы үшін қажет табиғи қасиеттері туралы бастапқы
пайымды есімізде сақтай отырып, тыңдайық және жауап берейік. Есінде болса, ол ең
алдымен ақиқатты ұстануы керек, оған барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып
жетуі керек, ал бостан босқа мақтанатын адам ешқашан шынайы философияға
жақындай алмайды.
Иә, біз солай дегенбіз.
Осы бір ғана пайымдаудың өзі ол заттар туралы қазіргі түсінікке қарсы келеді.
Иә, дәл солай.
Біз өз көзқарасымызды қорғай отырып, білімге деген туа біткен бейімділігі бар
адам бар күшімен нағыз болмысқа талпынады деп айтқанымыз дұрыс болар ма екен?
Ол жай ғана қатардағы көптеген заттарға тоқталмайды, бірақ үздіксіз алға жылжиды
және өз жанында әр заттың мәніне жетпей оның құмарлығы басылмайды. Соның
көмегімен жақындасып және нағыз болмыспен біріге отырып, зерде мен ақиқатты
тудыра отырып, ол тани да алады, шын мәнінде өмір де сүре алады, сөйтіп қана
ауыртпалықтан арылады.
Иә, ондай қорғаныс өте дәл келер еді.
Олай болса, ондай адамның үлесіне жалғандыққа деген махаббат жата ма, әлде
керісінше, оған деген жеккөрініш жата ма?
Жеккөрініш жатады.